
2023 жылдың І тоқсанына аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы –116 өтініш түсті.
Келіп түскен барлық 116 өтініштің 57-і оң шешімін тапса, 59-іне заңға сәйкес түсініктер берілген.
Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратына жоғары тұрған және құқық қорғау органдарынан және басқа мемлекеттік мекемелерден барлығы –31 өтініш келіп түскен.
2023 жылдың І тоқсанына жеке мәселелер бойынша барлығы 51 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның ішінде: 23 тұлға аудан әкімінің қабылдауында, 28 тұлға міндеттер бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының қабылдауында болып, өтініштері заңдылықтарға сәйкес қаралды.
Қабылдау барысында 22 азаматтың көтерген мәселелері оң шешімін тапса, қалған 29 азаматқа заңға сәйкес түсіндірмелер берілді.