Лого проект

Меню

Страницы

Статья

«Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуы туралы

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік жобасы 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аппаратының мемлекеттік қызметшілерін ынталандыру болып табылады.

2023 жылы айлық есептік көрсеткіш 3450 тенгені құрап, тұрғын үй несиесінің көлемі - 5 175 000 мың теңге, көтерме жәрдемақының көлемі - 345 000 мың теңге болды. 

Сырдария ауданы бойынша 2023 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласынындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шарасын көрсету бойынша тұрғын несиесіне 52 адам, көтерме жәрдемақыға 80 адам жоспараланып отыр.

2023 жылға «Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен  269 100,0 мың  теңге қаралып, қаржыландыру ағымдағы жылдың маусым айынан бастап жүзеге асырылады.

Бұл әлеуметтік қолдау шарасы олардың өз мамандықтары бойынша серпінді еңбек етуіне мүмкіндік жасап, халыққа белсенді қызмет жасауына қолдау болғаны анық. Жоба биыл да заңды жалғасын таппақ. Тағы да ерекше айта кететін жәйт, жас маманға берілетін көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу үшін бөлінетін бюджеттік несие мөлшері жылмажыл өсіп отыр.

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мемлекеттік қызметі бойынша 2023 жылдың 31 наурызына дейін барлығы– 105 өтінім түскен.

105 өтінім - мемлекеттік корпорация арқылы қабылданып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындалды.

Қызмет көрсету сапасына арыз-шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер тіркелмеген. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылу фактілері жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген қағидада көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері жоқ.

 

 

 

Дата публикации
06 апреля 2023
Дата обновления
06 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы