
2023 жылғы 17 ақпанда сағат 15:00-де Сырдария аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №3 сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында Оралов Гани Музапбаровичті №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Сырдария аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы.
Өтетін орны : Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі №17, Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимараты, байланыс телефоны: 21-5-34, 1 - қабат
Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу а.ж. 17 ақпан сағат 14:30 дейін келесі телефондар бойынша: 21-1-60 және келесі электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі: tic_kzl_syr@saylau.kz
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы