Лого проект

Меню

Страницы

Статья

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының жобалары бойынша

2022 жылдың IV тоқсанына 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы туралы ақпарат

Бірінші бағыт: Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру.

 Бірінші міндет: Өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау:

2022 жылғы 01 желтоқсан аудан бойынша  адам «Бастау бизнес» жобасы аясында 951 оқып сертификат алды.

Қысқа мерзімді курстарға 30 адам жоспарланып 2022 жылдың 31 желтоқсанға 30 адам жолданып «Тігінші» және «Пішуші»  мамандықтары бойынша оқуға жолданып «Тігінші» мамандығы бойынша 29 адам оқуды аяқтады, оның ішінде 22 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Екінші міндет: Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қабілеттеріне қарай дағдыларды дамыту.


2021 жылдың IІI тоқсанына 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы туралы ақпарат

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 3229 адам хабарласып,  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2882 адам тартылды, оның ішінде 1186 адам жұмыспен қамтылды. (452 адам - жастар)

 Нәтижелі  жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы:

Екінші бағыты бойынша «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігі бойынша 235 адамға 137099,0 мың теңге қаралып, 235 адам грант игері атанды. Оның ішінде: 99 – өзін-өзі қамтығандар, 112 - жастар, 2 – мүмкіндігі шектеулі жан, 22 - АӘК алушы азаматтар.

«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсына аудан бойынша 180 адамды оқыту жоспарланып, оқуға ниет білдірген 635 адам (170 жас) тіркелді. 263 адам оқуға жолданып, 232 адам оқуды аяқтады. Оның ішінде: 112 - жастар,  6 - мүмкіндігі шектеулі жан, 17 - көп балалы ана.

Бағдарламаның «Шағын несиелендіру» тетігі бойынша 85 адамға 457,7 млн тенге қаржы берілді. Оның ішінде: 17 адам – жастар, 2 - мүмкіндігі шектеулі жан.

 Үшінші бағыты бойынша «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 25 адамды қамтуға республикалық бюджеттен 10247,0 мың теңге қаржы қаралып, 41 адам 7 мекемеге әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. 10247,0 мың теңгесі игеріліп, олардың 40 адамы келісім шарт бойынша әрі қарай тұрақты жұмысқа орналасты. «Әлеуметтік жұмыс орындарына»   6 - жастар, 2 - көп балалы ана жолданды.

«Жастар тәжірибесіне» республикалық бюджеттен 150 адамға 49007,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 25 адамға 10451,0 мың теңге қаржы қаралып барлығы 175 жасты қамту көзделіп, 187 адам жастар тәжірибесіне жолданды, 50 жас келісім шарт бойынша әрі қарай тұрақты жұмысқа орналасты. «Жастар тәжірибесіне» 1 - мүмкіндігі шектеулі жан жолданды.

«Қоғамдық жұмыстарға» 635 адамды тарту үшін республикалық бюджеттен 220884,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 49044,9 мың теңге қаржы қаралды. 2022 жылдың 1 қаңтарына 880 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды, оның ішінде 199 жастар, 21 - мүмкіндігі шектеулі жан, 166 - АӘК алушылар азаматтар, 147 - көп балалы ана.

Алғашқы жұмыс орындарына жоспар бойынша 6 адамға облыстық бюджеттен 1096,0 мың тенге қаралып, бөлінген сомма толығымен игерілді.

Ұрпақтар сабақтастығы бойынша жоспар облыстық бюджеттен 5 адамға 1680,0 мың тенге қаралып, бөлінген сомма толығымен игерілді.


2021 жылдың IІI тоқсанына 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы туралы ақпарат

Нәтижелі  жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы:

Бірінші бағыты бойынша «Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға» 60 адамға облыстық бюджеттен 18735,0 мың теңге қаржы қаралды. Биылғы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуды тек жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ғана оқыту жоспарланып отыр.

 Екінші бағыты бойынша «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігіне 200 адамға республикалық бюджеттен 116680,0 мың теңге қаржы қаралып, 1 қыркүйекте грант иегері атанған 200 адамға  116680,0 мың тенге төленді. Оның ішінде 93 - жастар, 2 – мүмкіндігі шектеулі жан, 21 - АӘК алушы азаматтар.

«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсына аудан бойынша 180 адамды оқыту жоспарланып, оқуға ниет білдірген 635 адам (170 жас) тіркелді. 1 қазанға 263 адам оқуға жолданды, оның ішінде 104- жастар, 3 - мүмкіндігі шектеулі жан, 9- көп балалы ана. 2021 жылдың 01 қазанға 232 адам оқуды аяқтады.

Бағдарламаның «Шағын несиелендіру» тетігі бойынша 01 қазанға 47 адамға 190 656,3 мың тенге қаржы берілді,оның ішінде 10 – жастар.

 Үшінші бағыты бойынша «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 25 адамды қамтуға республикалық бюджеттен 12750,0 мың теңге қаржы қаралып, оның 5451,0 мың теңгесі игеріліп, 01 қыркүйекке 41 адам ұйымдастырылған 7 мекемеге әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Олардың  6 - жастар, 2 - көп балалы ана.

«Жастар тәжірибесіне» республикалық бюджеттен 150 адамға 65633,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 25 адамға 10939,0 мың теңге қаржы қаралып барлығы 175 адамды қамту көзделіп, 01 қазанға 175 адам жастар тәжірибесіне жолданды, оның ішінде 1 - мүмкіндігі шектеулі жан.

«Қоғамдық жұмыстарға» 460 адамды тарту үшін республикалық бюджеттен 223202,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 80937,0 мың теңге қаржы қаралды. 01 қазанға 757 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды, оның ішінде 176 жастар, 18 - мүмкіндігі шектеулі жан, 162 - АӘК алушылар азаматтар, 147 - көп балалы ана.


2021 жылдың ІI тоқсанына 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы туралы ақпарат

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 1807 адам хабарласып, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1028 адам қамтылды, оның ішінде 317 адам жұмыспен қамтылды.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы:
Бірінші бағыты бойынша «Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға» 60 адамға облыстық бюджеттен 18735,0 мың теңге қаржы қаралды. Биылғы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуды тек жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ғана оқыту жоспарланып отыр.
Екінші бағыты бойынша «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігіне 200 адамға республикалық бюджеттен 116680,0 мың теңге қаржы қаралып, 01 шілдеге грант иегері атанған 104 адамға 60090,2 мың тенге төленді. Оның ішінде 46 - жастар, 1 – мүмкіндігі шектеулі жан, 20 - АӘК алушы азаматтар.
«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсына аудан бойынша 180 адамды оқыту жоспарланып, оқуға ниет білдірген 635 адам (170 жас) тіркелді. 1 шілдеге 148 адам оқуға жолданды, оның ішінде 65 - жастар, 3 - мүмкіндігі шектеулі жан, 5- көп балалы ана. 2021 жылдың 01 шілдесінее 66 адам оқуды аяқтады.
Бағдарламаның «Шағын несиелендіру» тетігі бойынша 01 шілдеге 27 адамға 119 256,3 мың тенге қаржы берілді,оның ішінде 6 – жастар.
Үшінші бағыты бойынша «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 25 адамды қамтуға республикалық бюджеттен 12750,0 мың теңге қаржы қаралып, оның 3531,0 мың теңгесі игеріліп, 01 шілдеге 38 адам ұйымдастырылған 3 мекемеге әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Олардың 5 - жастар, 1 - көп балалы ана.
«Жастар тәжірибесіне» республикалық бюджеттен 150 адамға 65633,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 25 адамға 10939,0 мың теңге қаржы қаралып барлығы 175 адамды қамту көзделіп, 01 шілдеге 53 адам жастар тәжірибесіне жолданды, оның ішінде 1 - мүмкіндігі шектеулі жан.
«Қоғамдық жұмыстарға» 460 адамды тарту үшін республикалық бюджеттен 223202,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 80937,0 мың теңге қаржы қаралды. 01 шілдеге 659 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды, оның ішінде 124 жастар, 16 - мүмкіндігі шектеулі жан, 114 - АӘК алушылар азаматтар, 145 - көп балалы ана.


2021 жылдың І тоқсанына 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы туралы ақпарат

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы:

Бірінші бағыты бойынша «Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға» 60 адамға облыстық бюджеттен 18735,0 мың теңге қаржы қаралып, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы мамандықтар тізбесін бекіту жұмыстарын жүргізуде.

Екінші бағыты бойынша «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігіне жоспарланған 200 адамға республикалық бюджеттен 116680,0 мың теңге қаржы қаралып.01 сәуірге 15 адам грант алды,оның ішінде 2-і жастар.

«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсына аудан бойынша 200 адамды оқыту жоспарланып бүгінгі күнге оқуға ниет білдірген 533 адам тіркелген оның ішінде 165 адам 29 жасқа дейінгі жастар.

Бағдарламаның «Шағын несиелендіру» тетігі бойынша 100 адамды қаржыландыру көзделіп,01 сәуірге 10 адам қаржыландырылды,оның ішінде 29 ға дейінгі 3 адам.

Үшінші бағыты бойынша «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 25 адамды қамтуға республикалық бюджеттен 12750,0 мың теңге қаржы қаралып 01 сәуірге 34 адам ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды оның ішінде 4 –уі жас.

«Жастар тәжірибесіне» республикалық бюджеттен 150 адамға 65633,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 25 адамға 10939,0 мың теңге қаржы қаралып барлығы 175 адамды қамту көзделіп, 01 наурызға 38 адам жастар тәжірибесіне жолданды.

«Қоғамдық жұмыстарға» 460 адамды тарту үшін республикалық бюджеттен 223202,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 80937,0 мың теңге қаржы қаралып, 01 сәуірге 420 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды оның ішінде 58 адам 29 жасқа дейінгі жастар.


2020 жылдың ІV тоқсанына 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы туралы ақпарат

Бірінші бағытыбойынша«Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға» 53 адамға облыстық бюджеттен 8244,0 мың теңге қаржы қаралды. 4 оқу орталығымен газ операторы (16 адам), тігінші (18 адам), кондитер (6 адам) және визажист (13 адам) мамандықтары бойынша келісім шарт жасалып 53 адам курстарды аяқтады және 11 адам тұрақты жұмыспен қамтылса,35 адам грант иегерлері атанып облыстық бюджет қаражаты толық игерілді.

Екінші бағыты бойынша «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігіне жоспарланған 350 адамға республикалық бюджеттен қаралған 194460,0 мың теңге қаржы беріліп, жоспар 100 пайызға орындалды.

«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсына аудан бойынша 177 адам онлайн режимде оқуды аяқтап сертификаттарын алды.

Бағдарлама аясында «Шағын несиелендіру» тетігі бойынша 101 адамды қаржыландыру көзделген болса 2021 жылғы 01 қаңтарға  121 адамға 4999,9 мың теңге несие беріліп жоспар 119,8 пайызға орындалды,  оның ішінде: «Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-гі қаржы ұйымы арқылы 18 адамға 51000,0 мың теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ  80 адамға 256000,0 мың теңге, «GROUP-BNBECT» МҚҰ 7 адамға 46000,0 мың теңге және «Сырдария-1» НС ЖШС-гі 16 адамға 144980,0 мың теңге қаржы таратқан.

 Үшінші бағыты бойынша «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 23 адамды жіберуге республикалық бюджеттен 5346,0 мың теңге қаржы қаралып, 25 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды,қаралған қаржы 100 пайызға орындалды.

«Жастар тәжірибесіне» республикалық бюджеттен 148 адамға 58663,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 26 адамға 10339,0 мың теңге қаржы қаралып барлығы 174 адамды қамту көзделіп, 237  адам жастар тәжірибесіне жолданып, бюджет қаражаты 100 пайыз игерілді.

«Қоғамдық жұмыстарға» 882 адамды тарту үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден 189061,0 мың теңге қаржы қаралып, 1168 адам қоғамдық жұмыстарға жолданған,қаржы толық игерілді.

Жұмыспен қамту жол картасы аясында аудан бойынша 24 инфрақұрылымдық жобаларға 597 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, соның ішінде 289 жұмыс орынына  міндетті түрде жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа қабылдану көзделген, 30 желтоқсанға күнге 349 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа жолданды. 


2020 жылдың ІІI тоқсанына 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы туралы ақпарат

Бірінші бағыты бойынша 2020 жылы 53 адамды «Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға» облыстық бюджеттен 26366,0 мың теңге қаржы қаралып, 4 оқу орталығына келісім шарт жасалып  газ операторы (17 адам), тігінші (18 адам),кондитер (6 адам) және визажист (12 адам) мамандықтары бойынша 53 адам жолданып оқып жатыр.

Екінші бағыты бойынша «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігіне 350 адамға қайтарымсыз грант беруге республикалық бюджеттен 188237,0 мың теңге қаржы қаралып 01 қазанға 297 адамға мемлекеттік грант берілді.

«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсына аудан бойынша 190 адам жолданып, онлайн режимде оқытылды және 177 адам сертификаттарын алды.

Бағдарлама аясында шағын несиелендіру тетігі бойынша 101 адамды қаржыландыру көзделген болса 01 қазанға  99 адамға 363695,0 мың теңге несие беріліп жоспар 98,0 пайыз орындалған,  оның ішінде: «Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-гі қаржы ұйымы арқылы 18 адамға 51000,0 мың теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ  66 адамға 201000,0 мың теңге, «GROUP-INBECT» МҚҰ 5 адамға 33000,0 мың теңге және «Сырдария-1» НС ЖШС-гі 10 адамға 78695,0 мың теңге қаржыны берген.

Үшінші бағыты бойынша «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 30 адамды жіберуге республикалық бюджеттен 15346,0 мың теңге қаржы қаралып, 23 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.

«Жастар тәжірибесіне» республикалық бюджеттен 148 адамға 58663,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 26 адамға 10339,0 мың теңге қаржы қаралып барлығы 174 адамды қамту көзделіп, 214  адам жастар тәжірибесіне жолданып жоспар 122 пайыз орындалды.

«Қоғамдық жұмыстарға» 882 адамды тарту үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 189061,0 мың теңге қаржы қаралып, 1001 адам қоғамдық жұмыстарға жолданып жоспар 113,2 пайыз орындалды.


2020 жылдың ІI тоқсанына 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы туралы ақпарат

2020 жылдың 6 айында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші  бағыты бойынша құны 221,3 млн.теңгенің 55 жобасы қаржыландырылды

 «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Стартап жаңа  бизнес идеяларды  іске  асыру  мақсатында 79 адамға 43,4 млн.теңге көлемінде мемлекеттік  грант берілді.


2020 жылдың І тоқсанына 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы туралы ақпарат

2020 жылдың І-тоқсанына «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші  бағыты бойынша құны 26,0 млн.теңгенің 9 жобасы қаржыландырылды

 

Дата публикации
11 октября 2021
Дата обновления
11 октября 2021
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы