
Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 18 қаңтардағы шешімімен 2023 жылғы 29 қаңтарға тағайындалған Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелді:
Калиев Мырзалы Умиралиевич – 1986 жылы туылған, қазақ, жұмыссыз, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Орынбаев Жолдасбек Сапарбекұлы – 1974 жылы туылған, қазақ, №130 Абай атындағы орта мектебі директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары, Ақжарма ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Баекеева Рабиға Сайлаубайқызы – 1966 жылы туылған, қазақ, «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі, Ақжарма ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.