
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 – бабының 9 тармағына сәйкес Сырдария аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 17 қаңтардағы шешімімен 2023 жылғы 29 қаңтарға тағайындалған Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелді:
Ешмұратов Ерлан Қуанышұлы – 1977 жылы туылған, қазақ, Сырдария ауданы, Ақжарма ауылдық округінің әкімі, Ақжарма ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынған.