
2023 жылғы 12 қаңтарда Сырдария аудандық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде 1 адам құжаты ұсынылды:
1) Ешмұратов Ерлан Қуанышұлы
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2023 жылғы 29 қаңтарға тағайындалған Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 31 желтоқсаннан 13 қаңтарға дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы
Кент, ауылдық округтері әкімдерін сайлауына орай «Сыр медиа» ЖШС-на қарасты Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеті сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру бойынша өз қызмет құнын ұсынады
Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеті 1939 жылдың 26 наурызынан бастап шығады. Газет форматы А2. Бірінші және соңғы беттер түрлі-түсті. Шығарылымы аптасына екі рет: сейсенбі, сенбі күндері. Таралымы – 3329 дана. Газеттің бір шаршы сантиметрінің құны ҚҚС қоса есептегенде бірінші бетте орналастыру – 250 теңге, ішкі беттерде орналастыру – 150 теңге, ең соңғы түрлі-түсті бетте – 180 теңге.
Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Иманов көшесі №29 үй. Жарнама бөлімі: 8 (72436) 21-1-41, 21-5-73