
|
№ |
Мәселенің мазмұны |
Орындалуы
|
|
1. |
Айдарлы ауылында жергілікті қоғамдастық кеңесі арқылы бос тұрған бір тұрғын үйдің статусын өзгертудің заңдылығын қарап, тиісті ұсыныс енгізсін |
Айдарлы ауылында жергілікті қоғамдастық кеңесі арқылы бос тұрған бір тұрғын үйді уақытша ауыл тұрғынына беру жөнінде жиналыс өткізілді. Қазіргі уақытта аудан әкімінің 28 қараша 2022 жылғы №316 қаулысына сәйкес көп балалы отбасына кезектілікке сәйкес берілді. |
|
2. |
Айдарлы-Ботабай автожолының Айдарлы ауылының №139 орта мектеп тұсындағы бөлігіне жылдамдық тоспасын қою жұмысын жүргізсін |
Аудандық ЖКХ бөлімі арқылы Айдарлы-Ботабай автожолының Айдарлы ауылының №139 орта мектеп тұсындағы бөлігіне екі дана жылдамдық тоспасын және жол белгілерін қою жұмысы жүргізілді. |
|
3. |
Жетікөл ауылына Қазалы ауданына қарасты Ү.Түктібаев ауылдық округі әкімі аппаратының тәжибесіне сүйене отырып ауылдық округке ұялы байланыс антеннасын орналастыру жолын қарастырсын және атқарылған жұмыс нәтижесін баяндасын |
«Алиакбар Ата Агро» ШҚ-ның төрағасы М.Көзейбаев ауылдық округке ұялы байланыс антеннасының толық құрал жабдықтарын алып, қазіргі таңда орналастыру жұмыстарын жүргізуде. |
|
4. |
Жетікөл ауылдық округтегі екі тұрғын үй құрылысын аяқтауға қажетті қаражат бөлу мәселелесін қарастырып, тиісті ұсыныс енгізсін |
Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №175 шешіміне сәйкес 2023 жылға құрылыс-монтаждау жұмыстарына 27 313,0 мың теңге қаржы бөлінді. ҚМЖ қажетті қаржы сомасы - 27 313,0 мың теңге. 2022 жылғы 28 желтоқсанда №06-2/1190 санды хатпен құрылыс монтаждау жұмыстарына облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына мем.сатып алу конкурсын ұйымдастыруға хат жолданды. |
|
5. |
Аманкелді ауылдық округіндегі ауыз су құбыры ескірген 3 көшенің құбырын ауыстыруға (А.Ағайдаров, Ж.Құлымбетов, Жанкин көшелері) жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге ұсыныс енгізсін |
Аманкелді ауылындағы ауыз су құбыры ескірген 3 көшенің құбырын ауыстыруға қазіргі таңда жер учаскесінің алдын-ала таңдау актісі және жоба сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінімге ұсынылды. |
|
6. |
Аманкелді ауылдық емхана лаборанттының жұмысқа қайта қосылуын қамтамасыз етсін |
2022 жылдың маусым айынан бастап бала күтімінде отырған ауылдық аурухананың лобаранты А.Маханбетова қайта жұмысқа қосылды. |
|
7. |
Шаған ауылдық округінде салынатын ойын алаңдары мен жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелерді жергілікті қоғамдастық жиналысында қарап, қоғамдастық мүшелерінің келісімімен ұсынылуын қатаң назарда ұстасын |
Ауылдық округте М.Әуезов көшесі бойына демеушілікпен салынатын ойын алаңы мен жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелерді жергілікті қоғамдастық жиналысында қаралып, қоғамдастық мүшелерінің келісімі алынды. |
|
8. |
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінің Шаған ауылдық округінің тұсына жарық бағаналарын орнату заңдылықтары бойынша зерттеу жұмысын жүргізсін |
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінің Шаған ауылдық округінің тұсына жарық бағаналары орнатылып, жарық шамдары қосылған. |
|
9. |
Шаған ауылдық округінің Р.Оразғалиев көшесінің бойынан балалар ойын алаңын салу үшін тиісті мекемеге ұсыныс жолдасын |
Р.Оразғалиев көшесінің бойынан балалар ойын алаңын салу үшін тиісті мекемеге ұсыныс жолданды. 2022 жылы «Шаған Жер» ЖШС демеушілігімен Есет би көшесінің бойына балалара ойын алаңы салынды. |
|
10. |
Шаған ауылдық округіндегі электр бағаналары мен трансформаторларды ауыстыруға жоба сметалық құжаттарын әзірлесін |
Ауылдық округтегі электр бағаналары мен трансформаторларды ауыстыруға жоба сметалық құжаттары әзірленіп облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. |
|
11. |
Іңкәрдария ауылдық округіндегі 3 көшеге (А.Құнанбаев, Ж.Жабаев және Төле би) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба сметалық құжаттарын әзірлесін |
Елді мекендегі А.Құнанбаев көшесіне 56537,644 теңге, Ж.Жабаев көшесіне 23733,416 теңге және Төле би көшесіне 22903,781 теңгеге жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, қаражаты қаралып конкурсқа берілді. |
|
12. |
Іңкардария-Тереңөзек бағытында қатынайтын маршрутқа берілетін субсидия мөлшерін қайта есептеуге ұсыныс әзірлесін |
Іңкардария-Тереңөзек бағытында қатынайтын маршрутқа берілетін субсидия мөлшері қайта ұсынылып, субсидия берілді.
|
|
13. |
Қалжан ахун ауылдық округтегі ФАБ-қа күрделі жөндеу жұмысы жүргізу мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына тиісті ұсыныс жолдасын |
Ауылдық фельдшерлік акушерлік бекетінің (ФАБ) ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына аудандық аурухана арқылы 2021 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына жалпы құны 47,8 млн. теңге болатын жобалық-сметалық құжаттары жасалып, қаражаты қаралып конкурсқа берілуде.
|
|
14. |
Қалжан ахун ауылдық округіндегі спорт алаңына демеушілер көмегімен жасанды жабынды төсеу жұмысын жүргізсін. |
Спорт алаңына жасанды жабынды төсеу жұмысы бойынша "Сүндетбай" шаруа қожалығы 4,2 млн. теңгеге демеушілік көрсетіп жасанды төсеніш төселіп, сырлау, жарықтандыру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. |
|
15. |
Қалжан ахун ауылдық округіндегі шешімін табуы тиіс әлеуметтік және экономикалық мәселелерді жергілікті қоғамдастық жиналысында қарап, қоғамдастық мүшелерінің келісімімен ұсынылуын назарда ұстасын |
Ауылдық округте шешімін табуы тиіс әлеуметтік және экономикалық мәселелерді 2022 жылғы 16 маусымда жергілікті қоғамдастық жиналысында қаралып №9 хаттамамен бекітілді. |
|
16. |
Облыстық маңыздағы «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» автожолының (0-50 км) орташа жөндеу жұмыстары бойынша облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен жұмыс жүргізіп, нәтижесін баяндасын. |
Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен жұмыс жүргізіліп, жалпы құны – 1,3 млрд.теңгенің «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» автожолын (0-50,5 км) орташа жөндеу жұмыстары қаражаты бөлінуде. |
|
17. |
Бос тұрған ескі балабақша ғимаратында спорт үйірмесін ашу жөніндегі ұсынысты қарау үшін ауыл жастарының жоспарларымен танысу және пікірлерін тыңдау мақсатында аудан әкімімен кездесуін ұйымдастырсын. |
Айдарлы ауылының жастары бос тұрған ескі балабаша ғимаратын аудандық қаржы бөлімінен ауыл әкімдігінің теңгеріміне алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Теңгерім мәселесі шешілісімен кәсіпкерлерді тарту арқылы АРТ спорты үйірмелері ашылады. |
|
18. |
Аманкелді ауыл жастарын тарта отырып, елді мекен тұрғыны С.Абсатовтың үй ауласындағы құдықтың тазартылуын ұйымдастырсын. |
Аудандық жастар ресурстық орталығының ауыл жастарын ұйымдастыруымен құдық тазартылып берілді. |
|
19. |
Тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында қызметтік жедел жәрдем көлігіне қажетті қосалқы автобөлшектердің дұрыс жоспарлануын қарастырып, облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс енгізсін. |
2022 жылдың 9 қараша күні Бесарық елді мекеніндегі жедел жәрдем көлігіне қажетті қосалқы автобөлшектер алынып берілді. Қазіргі күні көлік толыққанды жұмыс жасауда. |
|
20. |
Н.Ілиясов ауылының тұрғыны А.Қалиеваға заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мамандығы бойынша (орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі) тұрақты жұмысқа орналасуын бақылауға алып, нәтижесін баяндасын.
|
Ауыл тұрғыны А.Қалиева №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектепте биология пәні лаборанты болып тұрақты жұмысқа орналасты. |
|
21 |
Шіркейлі елді мекеннің тұрғындарына бірінші кезекте қажетті жобаларды (жол, электр желілері, жарықтандыру, абаттандыру және т.б) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қарап, бірлескен шешім негізінде 2023 жылға қаржыландыруға ұсынылуын қамтамасыз етсін. |
Елді мекен бойынша 3 ауылішілік жолды орташа жөндеуге, Ж.Нұрсейтов көшесін абаттандыруға (57,1 млн.теңге), музыка мектебін абаттандыруға (64,1 млн.теңге) жоба-сметалық құжаттары ұсынылып, 2023 жылға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2 көшені (Қожамжаров, Бейбітшілік) орташа жөндеуге 51,4 млн.теңге қаржы бөлініп, конкурсқа берілді. |
|
22 |
Шаған елді мекеніндегі Ғ.Мұратбаев көшесінде орналасқан су мұнарасының тозуына орай жаңасын қою мен қосалқы бөлшектерін ауыстыру және су мамандарына қызметтік автокөлік мәселесін «Нұра топтық су құбыры» ОДСП Арал облыстық филиал басшысымен қарастырсын. |
Елді мекенде су мұнарасын орнату жұмыстары 2023 жылдың 15 сәуірінен бастап жүргізіледі. Сонымен қатар 2023 жылға ауыз су мұнарасын (25м3) сатып алуға 5,0 млн.теңге бөлінді. |
|
23 |
Іңкәрдария елді мекендегі дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстары бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеп, 2023 жылға қаржыландыру мәселесін пысықтасын және нәтижесін баяндасын. |
Сырдария аудандық ауруханасымен бірлесіп, елді мекендегі дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстары бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы тиісті ұсыным хат жолданды. Күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылы жүргізіледі. |
|
24 |
Қалжан ахун елді мекендегі №126 орта мектеп ғимаратына жапсарлас әжетхана құрылысын жүргізу жобасын пысықтап, облыстық білім басқармасымен 2023 жылға қаржыландыруға енгізуді қамтамасыз етсін. |
№126 орта мектептің әжетхана құрылысын жүргізуге білім бөлімі тарапынан жалпы құны 22,7 млн. теңге болатын жобалық смета құжат дайндалып, облыстық тиісті басқармаға қаржыландыруға ұсыныс енгізілді. |
|
25 |
Елді мекендерде тұрғындарды скринингтік тексеруден өткізу мақсатында кесте бекітіп, жылжымалы медициналық кешен жұмысын ұйымдастырсын. |
Аталған мәселе бойынша аудандық арухана тарапынан шалғай ауылдарға (Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Іңкәрдария) жылжымалы медициналдық кешен автокөлігі жіберіліп, халық тегін скринингтік тексеруден өткізілді. 2023 жылы наурыз-сәуір айларында барлық 13 елді-мекенге жіберу кестесі әзірленді. |
|
26 |
Учаскелік полиция инспекторының елді мекенде тұрғылықты тұруын қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарын қатаң бақылауға алсын. |
Тұрақты түрде тәртіп сақтау бағыты бойынша аудандық полиция бөлімі тарапынан рейдтік жұмыстар жұргізілуде. |
|
27 |
Қоғалыкөл ауылдық округіне қарасты №44 орта мектептің жер төлесінің жағдайын зерделеп, спорт үйірмелерін ашуға лайықтандыру жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс енгізсін. |
Аудандық білім бөлімі тарапынан облыстық білім басқармасына 2023 жылға бюджеттік өтінім жолданды. |
|
28 |
Аудан бойынша спорт нысандарының жағдайы және спорт үйірмелерінің жұмыстарына сараптама жасап, нәтижесін баяндасын. |
Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы Б.Мейрамбекұлына 22.08.2022 жылы №02-13/214 санды хаты мен Жергілікті Қоғамдастықтың хаттамасы қоса жолданды. |
|
29 |
«Мағжан и К» ЖШС-мен (к.б) бірлесіп, ауыл тұрғыны А.Нысанованың баласын жұмыспен қамту және тұрғын үйін жөндеу мәселесін қарастырсын. |
А.Нысанованың баласын М.Абдрахманұлы «Мағжан и К» ЖШС-не жұмысқа орналасты. Тұрғын үйін жөндеу мәселесін «Мағжан и К» ЖШС-гі алдағы уақытта қарастыратын болады. |
|
30 |
Шаған ауылдық аурухананың ауыз су және кәріз жүйесін жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс енгізіп, нәтижесін баяндасын. |
Ауылдық аурухана ғимаратының ауыз су жағдайына байланысты зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ахау акт жасалынып, қажетті материалдардың есебі нақтыланған. Қазіргі уақытта мемлекеттік заңнамасына сәйкес жұмыстар атқарылуда. |
|
31 |
Іңкәрдария ауылдық округіне қарасты ескі фельдшерлік акушерлік бекеттің ғимаратын облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы ауданның коммуналдық мүліктік деңгейіне алу мәселесін зерттеп, нәтижесін баяндасын. |
Ескі фельдшерлік акушерлік бекеті ғимараты сотқа иесіз деп танылуға құжаттары рәсімделуде.
|
|
32 |
Толық емес отбасы ретінде тұрғын үй кезегіне тұрған Ж.Байдильдаеваның 2007 жылдан кезектілігі 24-реттіліктен жылжымау себебін анықтап, нәтижесіен әлеуметтік желілер арқылы хабарласын. |
«Халықтың әлеуметтік осал топтары, толық емес отбасы санатымен» 24-ретте тіркеуде тұр. Қазіргі таңда жоғарыда аталған санат бойынша тұрғын үй беріліп жатқан жоқ. |
|
33 |
Бесарық ауылдық округінің тұрғыны Ү.Көлдееваның тұрғын үйіне «Абай Дәулет» ЖШС-гі арқылы күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жолын қарастырсын. |
М.Әуезов көшесінің тұрғыны Ү.Көлдееваға «Абай Дәулет» ЖШС жаңадан тұрғын үй салып берді. |
|
34 |
Қалжан ахун ауылдық округіне қарасты «Бостандық» каналының су жүрмей қалған тұстарына демеушілер көмегімен тазалау жұмысын жүргізу мәселесін қарастырсын. |
«Ескі Бостандық» каналының су жүрмей қалған тұстарына демеушілер көмегімен тазалау жұмысын жүргізу мәселесі бойынша «Ескі Бостандық» каналының су жүрмей қалған тұстарын тазалау жұмыстарын «БАҚ», «Нұрбек», «Сүндетбай» шаруа қожалықтары елді мекенге аяқ су беру маусымы басталған уақытқа дейін тазалау жұмыстарына қатысуға ниет білдіруде.
|
|
35 |
Айдарлы ауылдық округі бойынша келесі жылға ауыл тұрғындарына көкөніс, бақша өнімдерін өсіруге қосымша жер телімдерін беру жұмыстарын одан әрі жандандырып, тұрғындарды ынталандыру жұмыстарын жүргізсін. |
Бақша өнімдерін ұлғайту мақсатында «Ернар» шаруа қожалығымен бірлесіп жаңадан алынған СНП-500 насосын пайдаланып, егін егуге бригада жасақталып,тізім бекітілді. |
|
36 |
Жетікөл ауылдық округі бойынша келесі жылға ауыл тұрғындарына көкөніс, бақша өнімдерін өсіруге қосымша жер телімдерін беру жұмыстарын одан әрі жандандырып, тұрғындарды ынталандыру жұмыстарын жүргізсін. |
Ауыл тұрғындарына көкөніс, бақша өнімдерін өсіруге қосымша жер телімдерін беру мақсатында келесі жылы «Жетікөл жері» ЖШС арқылы 70 га жерді дайындап беру жоспары дайын.Келісім шарт жасалды. |
|
37 |
Бесарық ауылдық округі бойынша келесі жылға ауыл тұрғындарына көкөніс, бақша өнімдерін өсіруге қосымша жер телімдерін беру жұмыстарын одан әрі жандандырып, тұрғындарды ынталандыру жұмыстарын жүргізсін. |
Келесі жылға ауыл тұрғындарына көкөніс, бақша өнімдерін өсіруге қосымша жер телімдерін беру жұмыстарын одан әрі жандандырып, тұрғындарды ынталандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Бесарық» ЖШС демеушілігімен жылда ауыл тұрғындарына қосымша 50-га жер айдалып, қарықталып беріліп отырады. |
|
38 |
Шіркейлі ауылдық округінде кәсіпкерлік жобаларды арттыру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында жұмыстар жүргізсін. |
Ауылдық округі бойынша 136 – кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрғаны – 131 оның ішінде: жеке кәсіпкерлер – 100, шаруа қожалықтары – 30 және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 1. Аграрлық несие корпарациясы арқылы оның «Іскер» бағдарламасы бойынша 8 кәсіпкер 27 млн теңге несие алып жұмыс жасауда. «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы бойынша 2 кәсіпкер мал бордақылау бағытында 6 млн.тенге несие алды. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 1 225 200 теңге бойынша ауыл округтен 34 адам грант алып, жұмыс жасауда. |
|
39 |
Шіркейлі ауылдық округінде келесі жылға ауыл тұрғындарына көкөніс, бақша өнімдерін өсіруге қосымша жер телімдерін беру жұмыстарын одан әрі жандандырып, тұрғындарды ынталандыру жұмыстарын жүргізсін. |
Ауыл тұрғындарына көкөніс, бақша өнімдерін өсіруге қосымша жер телімдерін беру мақсатында келесі жылы «Мәді Қажы» ЖШС арқылы 30 га жерді дайындап беру жоспары дайын. |
|
40 |
Ақжарма ауыл тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында СНП-500/10 электрлі насосын қосу үшін электр желісін апаруды қамтамасыз етсін. |
СНП-500/10 электрлі насосын қосу үшін трансформатор орнатуға жоба сметалық құжаты жасалды. «Ақжарма-2» және «Ақжарма и К» шаруашылықтарының демеушілігімен 2023 жылдың сәуір айында орнатылатын болады. |
|
41 |
Жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында елді мекендегі көлдерге көктем, күз айларында су жіберу мәселесін зерттеп, ұсыныс енгізсін. |
Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қазіргі таңда Елтай каналымен 3,0 текше метр, Соркөл каналымен 1,08 текше метр, Жетікөл – Жарма каналымен 1,90 текше метр су жіберілуде. |
|
42 |
Тереңөзек кентінде мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапасына жергілікті қоғамдастық кеңесінің мүшелері мен азаматтық қоғам белсенділерін тарта отырып, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етсін. |
Тереңөзек кентінде мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан Алиакбаров көшесіндегі көпқабатты үйлер арасын абаттандыру жұмыстарына жергілікті қоғамдастық кеңесінің мүшелері Б.Ильясов, Н.Қосуақов З.Жүсіповтардың қатысуымен қоғамдық бақылау ұйымдастырылды. |