
2023 жылғы 11 қаңтарда Сырдария аудандық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес өзін-өзі ұсыну тәртібімен Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде 3 адам құжат тапсырды:
1) Калиев Мырзалы Умиралиевич
2) Орынбаев Жолдасбек Сапарбекұлы
3) Баекеева Рабиға Сайлаубайқызы
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2023 жылғы 29 қаңтарға тағайындалған Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 31 желтоқсаннан 13 қаңтарға дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы