
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік жобасы 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды ынталандыру болып табылады.
2022 жылға көтерме жәрдемақының мөлшері 100 АЕК мөлшерімен есептеліп, бір маманға 306300 теңгені құрады. Яғни 106 маманға 32 467,8 мың теңге қаржы бөлініп, көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде денсаулық сақтау саласында 25 маман, білім саласында 61 маман, мәдениет саласында 8 маман, спорт саласында 6 маман, агроөнеркәсіп саласында 3 маман және мемлекеттік қызмет саласында 3 маманға мемлекет тарапынан атаулы жәрдемақы берілді.
2022 жылы тұрғын үй сатып алу үшін берілетін бюджеттік несиенің мөлшері 1500 АЕК мөлшерімен есептеліп, бір маманға 4 594,5 мың теңгені құрады. Яғни 54 маманға 248 103,0 мың теңге қаржы бөлініп, бюджеттік несие берілді. Оның ішінде денсаулық сақтау саласында 14 маман, білім саласында 29 маман, мәдениет саласында 1 маман, спорт саласында 6 маман, агроөнеркәсіп саласында 2 маман және мемлекеттік қызмет саласында 2 маманға бюджеттік несие берілді.
Бұл әлеуметтік қолдау шарасы олардың өз мамандықтары бойынша серпінді еңбек етуіне мүмкіндік жасап, халыққа белсенді қызмет жасауына қолдау болғаны анық. Жоба биыл да заңды жалғасын таппақ. Тағы да ерекше айта кететін жәйт, жас маманға берілетін көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу үшін бөлінетін бюджеттік несие мөлшері жылмажыл өсіп отыр.