Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сырдария ауданының Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 30 желтоқсандағы №АСК- қаулысына

Қосымша

Сырдария ауданының Ақжарма ауылдық округі әкімінің  сайлауын                                             әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

1. Сырдария ауданының Ақжарма ауылдық округі әкімнің (әрі қарай - Әкімдер) сайлауын тағайындау

 

Аудандық сайлау комиссиялары

Әкімнің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде

 2022 жылғы 30 желтоқсан

(113-1-б. 2-, 3-тт.)

 

2. Сайлау округі туралы ақпаратты оның шекарасын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 09 қаңтардан кешіктірмей

(22-б.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 09 қаңтардан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

 

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Аудандық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2023 жылғы 14 қаңтардан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекарасы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Сырдария аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2023 жылғы 14 қаңтардан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

6. Әкімге кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2022 жылғы 31 желтоқсанда басталады және 2023 жылғы 13 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады

(113-3-б.1-т.)

 

7. Әкімге кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық сайлау комиссиялары

 (4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.)

 

8. Әкімге кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

  Аудандық сайлау комиссиялары

Әкімге кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Әкімге кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық сайлау комиссиялары

Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

10. Әкімге кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудандық сайлау комиссиялары паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары аудандық сайлау комиссиялары  тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімге кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 4-т.)

 

14. Әкімге кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиялары

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2022 жылғы 31 қаңтарда басталады және 2023 жылғы 18 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады

(113-5-б.)

 

15. Әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиялары

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиялары

Үгіт басталғанға дейін

2023 жылғы 18 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 18.00-ге дейін

(28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылғы 18 қаңтарда жергілікті уақытпен 18.00 сағаттан кейін басталады және 2023 жылғы 28 қаңтарда жергілікті уақытпен 00.00 сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

18. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлау учаскесін құрған әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Сырдария аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2023 жылғы 9 қаңтарға дейін

(24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2023 жылғы 14 қаңтардан бастап

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 19 қаңтарға дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Аудандық сайлау комиссиялары

Сайлауға дейінгі үш күннен ерте емес және оған дейінгі бір күннен кешіктірмей

2022 жылғы 26 қаңтардан ерте емес және 28 қаңтардан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 2023 жылғы 29 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

 

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, 29 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00 ден 20.00 ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

2023 жылғы 29 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскелерінің үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Қызылорда қалалық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

 

28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу

 

Аудандық сайлау комиссиялары

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 1 акпаннан кешіктірмей

(113-10-б.)

 

29. Әкім сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2023 жылғы 2 ақпаннан кешіктірмей

(44-б.)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Аудандық сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

2022 жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
30 декабря 2022
Дата обновления
30 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы