
Қадірлі жерлестер!
Ауданның әрбір азаматы – бүгінгі ел өміріндегі осындай бағасы биік айтулы мерекені лайықты қарсы алу жолында аянбай еңбек етуде. Өйткені, күш-қайратын еселі еңбекке жұмылдырған, татулығы мен бірлігі терең тамыр жайған қасиетті Сырдария ауданы әрқашан да өзгелерге үлгі боларлық межелі биіктерден көрініп келеді. Олай болса, ынтымағы мен достығы жарасқан Тәуелсіз қазақ елінің бағын асырып, мерейін тасытатын ұлы істеріңізге сәттілік тілеймін!
Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!