
|
Бюджетті орындау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
«2022 жылғы 1 қазанға аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп» мың теңге
2022 жылғы 1 қазанға аудандық бюджеттің орындалу қорытындылары туралы қысқаша ақпарат Есепті мерзімге аудандық бюджетке түсімдер 9638133,8 мың теңге сомасында көзделген. 1 қазанға атқарылу 9860905,0 мың теңгені немесе есепті жоспарға 102,3% құрады. Аудандық бюджетке кірістер 9576121,7 мың теңге сомасында көзделген. 1 қазанға кіріс 9766358,3 мың теңге немесе 190236,6 мың теңгеге артық орындалып, есепті жоспарға 102% түсті. Аудандық бюджетке түсетін салық түсімдері төлемдер жоспары 3186837,5 мың теңге болғанда 3371222,5 мың теңгені немесе 105,8% құрады, 184385,0 мың теңге артық орындалды. Салықтық емес түсімдер есепті кезеңге арналған 198,7 мың теңге жоспарда 5539,3 мың теңгені немесе 2787,7% құрады. Есепті кезеңге арналған 12799,7 мың теңге жоспарда негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 13310,7 мың теңге түсті немесе 104%. Трансферттер түсімі 6376285,8 мың теңге жоспарда 100% түсті. Оның ішінде: кент және ауылдық округтердің бюджеттерінен трансферттер 8990,9 мың теңге, ағымдағы нысаналы трансферттер 1465879,5 мың теңге, дамуға арналған нысаналы трансферттер 592174,4 мың теңге, субвенция 4309241,0 мың теңге. 94546,7 мың теңгеге бюджеттік кредиттер өтелді немесе 62012,1 мың теңге есепті жоспарға 152,5%. Есепті мерзімге аудандық бюджет шығыстары 9069189,9 мың теңге сомасында жоспарланды. 2022 жылғы 1 қазанға 9054157,6 мың теңгеге немесе төлемдер жоспарына 99,8%-ға шығыстар жүргізілді. 15032,3 мың теңге атқарылмаған. 2022 жылғы 1 қазандағы аудандық бюджет профициті 806747,4 мың теңгені құрады. Аудандық бюджет профицитін пайдалануға -806747,4 мың теңге, оның ішінде қарыздар түсімі есебінен – 260936,9 мың теңге, қарыздарды өтеу есебінен – 62938,8 мың теңге, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебінен – (-1004745,5) мың теңге пайдаланылды.
|