Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Бжзқ

 

08.11.2021ж. Біздің зейнетақы жинақтарымыз зейнетке шығып, ақшаны өз игілігімізге жұмсай бастаған сәтімізді күтуде

Зейнетақы жинақтарының жай-күйіне үнемі қызығушылық таныту өте маңызды. Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ салымшыларды (алушыларды) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы хабарландыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

Бұл үшін бірнеше тәсіл бар:

- салымшының (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне өзі келген жағдайда;

- пошта байланысы қызметі арқылы;

- электрондық пошта арқылы;

- жеке кабинет арқылы.

Салымшылар мен алушылар арасында ақпарат берудің ең танымал тәсілі – салымшының enpf.kz. сайтындағы жеке кабинеті. Оны 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 6,2 млн. астам ЖЗШ иелері таңдады, бұл ағымдағы жылдың басындағы көрсеткіштен 400 мыңға артық – 5,8 млн.

Өз шоттарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы 794 479 адам алады. Хат шот иесіне таңдалған кестеге сәйкес: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын электрондық пошта арқылы келеді.

Шамамен 1,2 миллион адам әлі күнге дейін үзінді көшірмесін дәстүрлі поштамен алуды қалайды. Алайда жылына бір рет үзінді көшірмесі салынған конверт алушылардың саны азайып келеді. Мәселен, 5 жыл бұрын - 2016 жылы – олардың саны 2, 25 миллионнан асып,  қазіргі көрсеткішткен екі есе көп болған еді.

Егер салымшы (немесе алушы) ЖЗШ-дан үзінді көшірмені жылына бір рет дәстүрлі пошта арқылы алуды таңдап, бірақ тұрғылықты мекенжайын өзгертсе, ол бұл туралы Қорға хабарлауы қажет екенін естеріңізге саламыз ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында мұны 10 күнтізбелік күн ішінде жасау қажет деп көрсетілген. Әйтпесе, пошта операторы зейнетақы шотынан үзінді көшірмені адресатқа жеткізе алмайды, сондықтан хат Қорға оралады. Келесі жолы БЖЗҚ үзінді көшірмені салымшыға (алушыға) жібермейді, оның хабарландыру мәртебесі «анықталмаған» деп көрсетіледі. Мұндай салымшылар саны қараша айының басында шамамен миллион адам болды.

Шамамен 2,9 млн адам хабарландыру тәсілі ретінде  «БЖЗҚ-ға өзі келген кезде» тетігін таңдады. Өткен жылдың қараша айының басында бұл көрсеткіш 3 миллионнан асқан. Айта кетерлік жәйт, негізінен бұл статистиканы жаңадан ашылған шоттардың иелері толықтырады. Бүгінде  БЖЗҚ-дағы барлық шоттар алғашқы жарна түскен кезде ашылады. Бұл ретте әдетте «БЖЗҚ-ға жеке өзі келгенде» хабарлау тәсілі таңдалынады. Сондықтан жеке зейнетақы шотын ашқаннан кейін тиісті келісімді тікелей Қор кеңсесінде, не БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен  жасай отырып, өзіңізге ыңғайлы әдісті таңдаған дұрыс. Бұл ретте БЖЗҚ сайтында бір ғана тәсілді: «жеке кабинет арқылы» таңдауға болатынын атап өткен жөн.

ЭЦҚ көмегімен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы мәліметті келісім-шарт жасаспастан-ақ, enpf.kz сайты, мобильді қосымша немесе электрондық үкіметтің веб-порталынан алуға болады.

Хабарландырудың қай тәсілін таңдасаңыз да, БЖЗҚ зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуына, әрі болашағыңызды жоспарлауға сенімді болу үшін зейнетақы жинақтарын кез келген ыңғайлы тәсілмен үнемі  тексеріп отыру қажеттігін ескертеді.


29.10.2021ж. Зейнетақы қызметтерін ж еке куәліксіз қалай алуға болады?

БЖЗҚ өз салымшылары мен алушылары үшін қолайлы жағдайларды көптеп ұсынуда. Қазір зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз де алуға болады. Ол үшін смартфоныңыздағы еGovMobile қосымшасында оның цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.

Мұндай мүмкіндік тек Қазақстан Республикасының азаматтарына және БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өздері келгенде ғана беріледі.

Бұл ретте қандай қызметтерді алуға болады:

- жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;

- қосымша деректемелерге өзгерістер және / немесе толықтырулар енгізу;

- зейнетақы жинақтарының жай-күйілы тура хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау).

Мысалы, өзімно бірге жеке куәлігінің түпнұсқасы жоқ салымшы (алушо) БЖЗҚ кеңсесіна келіп, Қор маманын eGovMobile мобильді қосымшасындаға Жеке кабинетта қалыптастырылатын бірегей цифрлық кодты хабарлап, БЖЗҚ қызметкеріне осы құжатты электрондық форматта қарауға рұқсат бере алады.

Ескере кететін жәйт, егер жүгінген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты жарамсыз болса, онда eGovMobile мобильді қосымшасында құжаттың электрондық нұсқ болмайды.

Кейін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріна тиісті өзгерістер бекітілген соң салымшылар (алушылар) зейнетақы төлемдеріны тағайындау туралы / зейнетақы жинақтарына сақтандыра ұйымдарына аудара туралов / инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерт) туралы өтініштер берген кезде цифрлық құжаттарды пайдалан мүмкіндігі пайд болады.

Осылайша БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға  ыңғайлы болу және олардың уақыттарын үнемдеу үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарын жалғастыруда.


29.10.2021ж. БЖЗҚ-дағы барлық жеке зейнетақы шоттары енді автоматты түрде ашылады

Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылдың 12 қазанында ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды, оның шеңберінде тиісті өзгерістер ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заңына да енгізілді.

Осы өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың 26 қазанынан бастап БЖЗҚ-да міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есепке алынатын жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) алғашқы жарна келіп түскен кезде автоматты түрде ашылатын болады.

БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелері зейнетақы жарналарының басқа түрлері бойынша ЖЗШ ашу тәртібі сияқты МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ ашудың жаңа тәртібіне дайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, ЖЗШ ашудың мәлімдемесіз тәртібі мына кезеңдерден бері әрекет етеді:

- 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналарына қатысты;

- 2021 жылғы 1 мамырдан бастап ерікті зейнетақы жарналарына қатысты.

Пайдасына МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру МКЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген оның дербес деректері (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері, өзге де деректері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

Жұмыс беруші МКЗЖ агенті (төлеушісі) болып есептеледі, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметкердің зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын   ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде жұмыскердің пайдасына өз қаражаты есебінен жарналар аударуға міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын алуға зиянды және қауіпті қызмет салаларында еңбек ететін азаматтар құқылы. Мұндай кәсіптердің тізбесі «Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары өз қаражаты есебінен пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген.

МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ны автоматты түрде ашу жөніндегі заңнамалық өзгерістер агенттерге МКЗЖ аудару бойынша міндеттемелерді орындауды айтарлықтай жеңілдетеді. Енді БЖЗҚ-ға 10-нан астам атауы бар белгілі бір құжаттар тізбесін ұсына отырып, МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ ашу туралы өтінішті қызметкермен бірлесіп ресімдеудің қажеті жоқ.

Анықтама: міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл жарналарды Қорға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде аударады.

МКЗЖ аударылуын салық органдары бақылайды. Егер жұмыс беруші қызметкердің ЖЗШ-на МКЗЖ-ны уақытылы аудармаса (нақты төлем жасалып, қызметкер кіріс алған жағдайда), жұмыс берушіден салық органдары мерзімі өткен әрбір күнге уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен МКЗЖ өндіріп алып, БЖЗҚ-ға аударады. 


28.10.2021ж.Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары 30 миллионнан астам қызмет алды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың тоғыз айында ғана (01.01.2021-01.10.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 30,3 миллиона қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,8%  көп.  

Қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта көрсетіледі. Салымшыларға 22,2 миллионнан астам онлайн-қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 73,2% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер екі есеге дерлік (былтыр Қор салымшылары қашықтықтан 13 млн жуық қызмет алды) өсті. БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынана үзінді көшірмы алу, өз деректемелеріна өзгерістера мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немес 2 топтаға мүгедектіктің белгіленуіны байланыстов зейнетақы төлемдеріна тағайындау туралы өтініша берет, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау жәна таға басқалар.

Автоматты форматта (мәлімдемесіз өтініштер) 5,1 миллиондай қызмет көрсетілді, олпы жалпы көлемнің 16,9% тең . Мысалы, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) немесе ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаан жағдайда, ол БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесінде біріншіна келіп түскен кезде автоматты түрде жары. Бұл ретту жеке тұлғана сәйкестендір МЗЖ немеса ЕЗЖ аудара кезінде төля тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынши жүзега асырыладов , алы қолданыстағы құжаттың деректемелері мен тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріны алады .

Салымшылар шамамен 1,7 миллиона қызметті тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінен алды. Қазақстан бойынша 183 қызмет көрсету нүктесінде салымшыларға 1 722 696 қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 732,6 мың қызметке (немесе 74,0%) артық.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошт» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бірлескен жобасының арқасында Қор салымшыларыной 2021 жылдың 1 қазанын 347 пошт операторының бөлімшелерінд 13 216 қызмет көрсетілді. Ол өткен жылмен салыстырғанда төрт есеге дерлік көп. «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтінішеру беру);
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) туралы келісімге қол қою.

Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлімдері де іске қ пакетған. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл ретта алдыной ала кеңеса берет (оның ішінде қызметтерді онлайн алу мүмкіндігіна тексер) жүзег асырылады.2021 жылдың 1 қазанына барып қызмет көрсет барысынд 69 971 Операция жүзеге асырылды.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерін ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2021 жылдың 1 азанына кері байланыс арналары арқылы 1,2 миллионнан аса өтініш , ал өткен 2020 жылы 1,1 мың өтініш қаралды. Осылайша өсім 8,4% болды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы байланыс орталығында кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы алуға болады, түрлі ақпараттар Facebook, Instagram, ВКонтакте, TwitterЖелеграмм, Telegram ның ресми парақшаларында да жарияланған.


28.10.2021ж. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 13 триллион теңгеден асты

БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 қазанындағы негізгі көрсеткіштері

2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2020 жылдан бастап 01.10.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 569,5 миллиард теңгеге немесе 5% өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,7 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсім - 4%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 349,5 млрд теңге (өсім - 16%), ал ерікті зейнетақыналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақыңі жинақы.

2021 жылдың тоғыз айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда көбірек қаражат салды. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 1,2 трлн теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткес кезеңіндегі көрсеткіштен 439,5 млрд теңгіштен 439,5 млрд теңгіштен. Жарналардың жалпы көлемінің 95,7% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, ол 917,4 млрд теңге (соы 12 айдағы өсім - 24%), МКЗЖ бойынша 41,2 млрд теңге (өсім 17% теге) (49% сім 17%), %) ЕЗЖ бойынша аударылды.

Салымшылардың жарналарынан басқа, зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі 2021 жылғы 1 қаңтар айынан 1 қазанына дейін 1 трион теңгедилли астам таза инвестициялық табыстың арқасызнілдамтам. Бл жемісті болған өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен асып түсті, нақтырақ айтқанда, 1% немесе 7 млрд теңгеге артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 8,89%, ал инфляция 6,2% құрады. Бл ретте соы 12 айдағы кірістілік - 10,08%, осы кезеңдегі инфляция - 8,9% көрсетті.

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 11,7 млн бірлікке тең. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 909 456 бірлік. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 534 067 бірлік. БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 54 013 бірлік болды.

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,1 трлн теңге төленді, төлемдердің басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады, оның көлемі – 1,9 трлн теңге. Төлемдер сомасы бойынша екінші орында жасы бойынша төлемдер – 71,6 млрд теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, ол  шамамен 47,6 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,3 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 29,1 млрд теңге, жерлеуге – 4,0 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер 1,6 млрд теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 525  теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды


29.09.2021ж. Инвестициилық портфельді басқарушы компанияларға аударымның орташа сомасы - екі миллион теңге

2021 жылдың қаңтарынан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын ого жағдайларына жақсарту жәны (немес) емделуга ақ төлеу үшін ғана емес, сондайте-ақ, инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға инвестициялық басқаруға аудар құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіны енді.

Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына:

- салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе

- өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарыны берсың қалдығмінінетаы жинақтарыны берсың қалдығмінінінеташай.

Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтініш жасауы қажет. Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келгенде беруге болады.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін асатын бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруын аударуд салымшыдан өтініш түскен күннен кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінд жүзега асырадов. Зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қалады.

ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары біржолғы зейнетақы төлемдері ретінде алынған қаражит болып есептелмейді (тұрғын ого жағдайларын жақсарту және / немес емдел мақсаттарын алынған жағдайдағыдай) жәна оларды ИПБ-ғы ауыстырған кезде оларға жеке табыс салығы салынбайды.

Зейнетақы активтері ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш берілгеннен кейін салымшы:

- БЖЗҚ-ға өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-а сенімгерлік басқаруға беру туралы жылына тек бір рет өтініш беруге;

- БЖЗҚ-ғо ИПБ сенімгерлки басқаруындағы зейнетақо жинақтарын Ұлттық банктің сенімгерліка басқаруыной қайтаруға (зейнетақы жинақтары ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш берілгенно кейін екі жылдан ерте емес) өтініш беруг құқылы.

Салымшы зейнетақы жасына жеткенге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын салымшының зейнетақы жинақтары Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына қайтарылады.

2021 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша инвестициялық портфельді басқарушыларға 5,2 млрд теңге аударылды, БЖЗҚ 2 707 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы 2,0 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша егжей-тегжейлі статистика enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» - «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру» бөлімінде жарияланған.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруға қатысты төрт ИПБ-мен шарт жасасты. Олар туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын зерделеуді enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» - «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізбесі» бөлімінде жүзеге асыруға болады. Айта кетейік, 5,2 млрд теңгенің 44,97% немесе 2,3 млрд теңгесі «Jusan Invest» АҚ, 27,58% немесе 1,4 млрд теңгесі «Halyk Global Markets» АҚ, 17,95% немесе 0,9 млрд теңгесі «BCC Invest» АҚ, 9,50% немесе 0,5 млрд теңгесі «Сентрас Секьюритиз» АҚ аударылды.

Өңірлер бөлінісінде ИПБ-ға аударылған қаражаттың жартысынан көбі Қазақстанның екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі, сәйкесінше 45,3% және 26,2%. Маңғыстау облысы 5,5% көрсеткішпен ИПБ-ға қаражат аудару бойынша үшінші орында.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқаруды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5%  аспауы тиіс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітеді және ол жылына бір рет қана өзгеруі мүмкін.

Салымшы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін Ұлттық Банктің басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейі ескеріліп отыратын сақталу кепілдігі қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып, есептелінеді.


29.09.2021ж. Қазақстандықтар БЖЗҚ-ға 246 миллиард теңгеден астам қаржыны қайтарды

2021 жылдың 23 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 438 834 өтініші орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,8 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 4,2 млн теңге.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,9%), Маңғыстау облысының (14,0%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындары тарапынан жолданған. www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған. Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» және тиісінше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» шағын бөлімдері).

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ  болып табылады. Орындалған өтініштердің едәуір (орындалған өтініштердің жалпы санының 95,1%) бөлігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, одан әрі «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3,8%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (1,0%), «Altyn Bank» АҚ (0,04%) және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ (0,02%) арқылы берілді.

Естеріңізге саламыз, біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті операторда («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) ашылған арнайы шотқа түскеннен кейін алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларының 13-тармағына сәйкес), ал басқа уәкілетті операторлар бойынша – 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады. Уәкілетті операторға растаушы құжаттар белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда, бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Алушы, сонымен қатар көрсетілген мерзімді күтпей-ақ, аударылған соманы уәкілетті операторға тиісті өтініш беру арқылы БЖЗҚ-ға қайтара алады, оны уәкілетті оператор қайтаруға өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.

Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 240,7  млрд теңгеден аса сома қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

Сондай-ақ, БЖЗҚ емделуге берілген 40,1 млрд теңгеден астам сомаға 43 453 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,9 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 6,1 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.

Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану жөніндегі өзекті статистикамен www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінен танысуға болады.


29.09.2021ж. Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары 27 миллионнан астам қызмет алды 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың басынан бері (01.01.2021-01.09.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 27,2 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,8%  көп.  

Электрондық форматта 19,8 миллионнан астам қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 72,7% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердің танымалдығы екі есеге дерлік өсті. БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.

Автоматты форматта (мәлімдемесіз өтініштер) 4,7 миллион қызмет көрсетілді, ол жалпы көлемнің 17,2%  тең. Мысалы, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) немесе ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесінде бірінші жарна келіп түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады, ал қолданыстағы құжаттың деректемелері мен тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

Салымшылар шамамен 1,6 миллион қызметті тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінен алды. Қазақстан бойынша 183 қызмет көрсету нүктесінде салымшыларға 1 564 837 қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 746,4 мың қызметке (немесе 91,2% ) артық.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бірлескен жобасының арқасында Қор салымшыларына 2021 жылдың 1 қыркүйегіне пошта операторының бөлімшелерінде 11 038 қызмет көрсетілді. Ол өткен жылмен салыстырғанда төрт есеге дерлік көп. «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) туралы келісімге қол қою.

Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлімдері де іске қосылған. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметтерді онлайн алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштер) және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету (1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар) туралы өтініштерді ресімдеу үшін барып қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда, Қор мамандары барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, сапарға шығады. Барып қызмет көрсету барысында 54 144 операция жүзеге асырылды.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерін ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2021 жылдың 1 қыркүйегіне кері байланыс арналары арқылы салымшылардың өтініштерінің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда едәуір артты. Ағымдағы жылы 1,1 миллионнан аса өтініш, ал өткен 2020 жылы барлығы 942 мың өтініш қаралды. Осылайша өсім 18% болды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы байланыс орталығында  кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы алуға болады, түрлі ақпараттар Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында да жарияланған.


29.09.2021ж. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 12,9 триллион теңгеден асты 

БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі негізгі көрсеткіштері 

2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.09.2020 жылдан бастап 01.09.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 704 миллиард теңгеге немесе 6% өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,6 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсім – 5%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 342,6 млрд теңге (өсім – 17%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,6 млрд теңгеге  жетті.

2021 жылдың толық сегіз айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда көбірек қаражат салды. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 1,1 трлн теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 397,4 млрд теңгеге немесе 58% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,6%  БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, ол 812,9 млрд теңге (соңғы 12 айдағы өсім - 24%), МКЗЖ бойынша 36,5 млрд теңге (өсім 16%), 432 млн теңге (өсім 38%) ЕЗЖ бойынша аударылды.

           Салымшылардың  жарналарынан басқа, зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі 2021 жылғы 1 қаңтар айынан 1 қыркүйекке дейін 938,9 млрд теңге болған таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен  8%  немесе 67 млрд теңгеге артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 1 қыркүйекке 7,65%, ал инфляция 5,8% құрады. Бұл ретте соңғы 12 айдағы кірістілік – 10,68% , осы кезеңдегі инфляция – 8,7% көрсетті.

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 11,6 млн бірлікке тең. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 905 014 бірлік. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 531 323 бірлік. БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 51 645 бірлік болды.

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,0 трлн теңге төленді, төлемдердің басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады, оның көлемі – 1,8 трлн теңге. Төлемдер сомасы бойынша екінші орында жасы бойынша төлемдер – 62,0 млрд теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, ол  шамамен 44,0 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 38,8 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 25,1 млрд теңге, жерлеуге – 3,4 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер 1,4 млрд теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 568  теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды.


21.09.2021ж. 5 сұрақ ҚЫРКҮЙЕК 

1) Менің тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін алған жеткіліктілік шегінен асатын қаражатым БЖЗҚ-ға кері оралды. Неліктен бұлай болды екен?

Біржолғы зейнетақы төлемін қайтару, егер алушы уәкілетті оператор – «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға оның пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынбаса және ақша арнайы шотқа келіп түскен күннен бастап 45 күн ішінде талап етілмеген болса орын алады. Қайтару автоматты түрде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, арнайы шоттағы ақша қалдығы, егер олар толық мөлшерде пайдаланылмаса, қайтарылуға жатады.

Өтініш берушінің  зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ға қайтарылғаннан кейін, екі күн ішінде қайтадан жеке зейнетақы шотына есепке алынады және үзінді көшірмеде көрсетіледі. Егер зейнетақы жинақтарын алған кезде алушы бірден жеке табыс салығын төлеуге шешім қабылдаса, онда ол пайдаланылмаған төлеммен бірге жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер төлемнің бір бөлігі ғана қайтарылса, қайтарылған соманың 10% мөлшеріндегі табыс салығы жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Яғни, салымшыға қосымша қандай да бір өтініштер мен құжаттар тапсырудың қажеті жоқ.

Кейіннен салымшы уәкілетті операторға зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі шегінен асатын қаражатын алу үшін шектеусіз рет өтініш беруге құқылы.

 

  1. Өкінішке орай, індет біздің отбасымызды айналып өтпеді, әкемізден айырылдық. Енді оның зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыра аламын ба?

Жеке зейнетақы шоттарында жинақталған ақша салымшының (алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайда да Қорда мерзімсіз уақытқа сақталады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 32, 33-баптарына сәйкес міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру өсиет бойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған не ол бүкіл мұраның тағдырын айқындай алмаған кезде, сондай-ақ, азаматтық заңдарда белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлікке алу заң бойынша іске асырылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мұраны алу үшін мұрагер мұраны ашу орны бойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұраға құқық туралы куәлік беруге уәкілетті лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы өтініш не мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтініш беру арқылы оны қабылдауы тиіс. Мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануға тиіс.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген Заңның 50-бабы 5-тармағының ережелеріне сәйкес, алушы, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде беріледі.

Қолданыстағы заңнамада жерлеуге арналған біржолғы төлем үшін БЖЗҚ-ға жүгіну мерзімі бойынша шектеу көзделмегенін атап өткен жөн. Осыған байланысты заңнамада көзделген құжаттарды ұсынған кезде жерлеуге арналған төлем БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң да жүзеге асырылуы мүмкін.

 

  1. Қазіргі кезде мен жұмысқа тұру бойынша біраз қиыншылыққа тап болдым. Бірақ зейнетақы өтілі үзілмегенін қалаймын. Оны қалай іске асырсам болады?

 

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу, яғни жеке зейнетақы шотына ай сайынғы міндетті зейнетақы жарналарын аударып отыру еңбек өтілінің дәлелі болып табылады. Уақытша жұмыс істемейтін немесе тұрақты табысы жоқ азаматтар бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу арқылы ЖЗҚ-ға қатысуын жалғастыра алады. Төлем 4 міндетті төлемді алмастырады:

- жеке табыс салығы;

- БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарнасы;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударым (МӘСҚ);

- әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік жарна (ӘМСҚ).

Осылайша БЖТ барлық төлемдерді жеңілдетілген шарттарда төлеуге және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйелеріне қатысуға және медициналық мекемені таңдау құқығы бар медициналық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүйеге қатысушы еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер ала алады.

БЖТ төлеушілер үшін БЖЗҚ-дағы өзінің зейнетақы жинақтарын толықтырудан бөлек болашақта зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу мүмкіндігі бар.

БЖТ екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы (мысалы, «Қазпошта» АҚ арқылы) жалпы сомамен төленуге жатады. БЖТ төлеушілер салық есептілігін ұсынбайды. Қызметтің басталуын тіркеу (хабарлама) және Қызметті тоқтата тұру (тоқтату) туралы өтініш талап етілмейді. Жеке тұлға БЖТ төлеу жүргізілген күннен бастап оны төлеуші болып танылады. Бұл ретте БЖТ күнтізбелік жылдың ағымдағы және келесі айлары үшін төленуі мүмкін. Бірақ сіз төлем жасалған айды көрсетуіңіз керек. Бұл еңбек өтілін есепке алу үшін маңызды.

Төлемді тоқтату жеке тұлғаның бұдан былай БЖТ төлеушісі болып табылмайтынын білдіреді.

 

  1. Мен «зиянды өндірісте» жұмыс істеймін, жұмыс беруші ай сайын мен үшін 10% міндетті зейнетақы жарналарымен бірге 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын өз есебінен аударуға тиіс пе? Олардың аударылғанын қалай қадағалап отыруға болады?

 Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) - еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша.

Егер сіздің жұмыс берушіңіз Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде арнаулы салық режимі қолданылатын шаруашылық субъектісі болмаса, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді. Салық органдары МКЗЖ аударылуын бақылайды және егер жұмыс беруші қаражатты сіздің шотыңызға уақтылы аудармаса, салық органдары жұмыс берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін есептелген өсімпұлмен бірге БЖЗҚ-дағы сіздің шотыңызға аударуға жататын қаражатты да өндіріп алады.

Сіз міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы шоттарыңыздың жай-күйін бақылай аласыз. Мысалы, БЖЗҚ кеңселерінің кез келгеніне тікелей жүгінуге болады. Онда шоттың жай-күйі туралы білуге, сондай-ақ, ақпарат алу тәсілін таңдау туралы қосымша келісім жасасуға болады. Жеке кабинет немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасы арқылы Интернет арқылы хабарландыру тәсілі тіпті ыңғайлы. Осы әдісті таңдап, сіз жеке зейнетақы шотыңызды өзіңізге ыңғайлы кез-келген уақытта бақылай аласыз. Егер сізде электрондық цифрлық қолтаңба болса, онда үзінді көшірмеңізді тексеріп, ақпарат алу тәсілін Қорға бармай-ақ өзгерте аласыз.

 

5) Егер мен шарт бойынша жұмыс жасасам, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) өзім төлеуім керек пе?? 

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт тараптарының бірі салық агенті (заңды тұлғалар, ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар) болып табылса, олар фрилансерлерге төленетін табыстардан міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.

Егер сіз келісім-шартқа салық агенті болып табылмайтын жеке тұлға ретінде отырған болсаңыз, онда МЗЖ төлеу сіздің міндетіңіз емес, құқығыңыз болып табылады Яғни, сіз өз қалауыңыз бойынша МЗЖ-ны екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы әрі қарай БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотыңызға аудару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының деректемелеріне аудара аласыз.

Егер сіз осы құқықты пайдаланатын болсаңыз, онда бұл зейнетақы жинақтарының сомасын ұлғайтуға ғана емес, сол арқылы базалық зейнетақы төлемінің неғұрлым жоғары мөлшерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өйткені, оны есептеу кезінде еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі.


15.09.2021ж. Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді!

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 24 қыркүйек күні «Ашық есік күні» шарасын онлайн форматта өткізеді. Қатысуға ниет еткен әр адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шараның тақырыбы – «Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді». Негізгі мақсат – жинақтау мәдениеті және өзінің болашағына деген қамқорлық.

Іс-шараның қонақтары колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ, 25 жасқа дейінгі жастар болуы тиіс.

Жастар тобын таңдау кездейсоқтық емес, өйткені, биылғы жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма үшінші туған күнін атап өтуде. Осы уақыт ішінде еліміздің жаңа азаматтарының тұтас ұрпағы дүниеге келіп, өсіп-өнді. Олардың әрқайсысы жақын арада зейнетақы жүйесінің қатысушысы болуға дайындалуда немесе қазірдің өзінде қатысушысы болып үлгерген. Жастар енді ортақ төлемдерді алмайды, алайда болашақта ата-аналарына немесе ата-әжелеріне қарағанда қомақты зейнетақы алуға мүмкіндіктері бар.

Қазіргі жастар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толық цикліне қатысады. Бұл шамамен 40 жыл. Олардың көпшілігі ресми жалақы мен жұмыс берушімен жасалған еңбек шартына қоса тұрақты жарналардың олардың болашақта табысқа жетуінің кепілі екендігін түсінеді.

Сонымен қатар, аталған іс-шараның мақсаты жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты өзге де мәселелер бойынша кешенді ақпараттандыру болып табылады.

 

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 24 қыркүйек жергілікті сағат 10:00, 12:00 және 15:00 өтеді. Қосымша сұрақтар бойынша 87014829351 ватсап нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.   

 

Біз сіздерді күтеміз!


07.09.2021ж. Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары 24 миллионнан астам қызмет алды 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың жеті айында өз салымшыларына 24 миллионнан аса қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47 %  көп.  

Салымшылар мен алушыларға электрондық форматта көрсетілген қызметтер бұрынғысынша басымдыққа ие. Жыл басынан бері сандық технологиялардың көмегімен шамамен 17,3 миллиондай қызмет көрсетілді, ол жалпы көлемнің 72% тең. Былтырғы жылмен салыстырғанда, онлайн қызметтердің танымалдылығы бір жарым еседен аса өсті.  

БЖЗҚ өз қызметтерінің көптеген түрлерін автоматты форматқа ауыстыруда. Қазір міндетті және ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарын Қорға жүгінбей-ақ, автоматты режимде (алғашқы жарна түскен кезде) ашуға болады. Уәкілетті операторлардан түскен өтініштер бойынша арнайы шоттарға біржолғы зейнетақы төлемдері де аударылып, тағы басқа да қызметтер көрсетіледі. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 тамызына дейінгі аралықта осындай операциялардың шамамен 4,3 миллионы іске асырылды, ол барлық көрсетілген қызметтер көлемінің 17,7% .

Салымшыларға шамамен бір жарым миллиондай қызмет жүзбе-жүз көрсетілді. Олардың ішінде 1,4 миллион қызмет тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінен алынды. Ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір жарым есе артық. 

Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлімдері де іске қосылған. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметтерді онлайн алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштер) және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету (1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар) туралы өтініштерді ресімдеу үшін барып қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда, Қор мамандары барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, сапарға шығады. Барып қызмет көрсету барысында 2021 жылдың басынан бастап 46 247 операция жүзеге асырылды.

БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі – жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу. ЖЗШ-дан үзінді көшірме 21 миллионнан артық рет берілді, олардың 71% көбі электрондық форматта іске асырылған.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында БЖЗҚ мамандары қажетті мекенжайлар бойынша 8,4 мыңға жуық тұсаукесерді барып көрсетті, оларға 170 мыңдай адам қатысты. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты мекемелер мен ұйымдардағы тұсаукесерлер онлайн және офлайн форматта өткізілуде.

Осы кезең ішінде БАҚ-та 20 мыңнан аса ақпараттық-түсіндіру материалдары жарияланды.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерін ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2021 жылдың жеті айында кері байланыс арналары арқылы салымшылардың 1 миллионнан аса өтініші тіркелді, ал былтырғы жылмен салыстырғанда берілген кеңес саны 23,7% артық.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы байланыс орталығында  кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы алуға болады, түрлі ақпараттар Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында да жарияланған.


31.08.2021ж. Зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық табыстың үлесі  36,1% құрады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 12,8 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.

2021 жылдың 7 айында салымшылардың шоттарына 798,3 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық кіріс есептелді. Ол шарттардың барлық түрлері бойынша түсетін жарналардың көлемінен асып түсті. Салыстыратын болсақ,  өткен жылдың осы кезеңінде ол 752, 9 млрд болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 6,48%, ал инфляция 5,3% болды. Соңғы 12 айда ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі 10,56%,  ал инфляция 8,4%  көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсетін, есебін БЖЗҚ жүргізетін зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес апта сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. кіреді.

Жалпы, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 5,5 трлн теңгеден асты. 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық табыстың үлесі 36,1% болды.

Егер Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бергі кезеңді алсақ,  таза инвестициялық табыс 6,3 триллион теңгені құрады.

2021 жылдың 1 тамызындағы инвестициялық кірістілік өсу қорытындысымен 648,44% болды. Ал инфляция – 528,27%. Осылайша жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданысқа енгізілген сәттен бастап 2021 жылғы 1 тамызға дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 120,17% көрсетті.

Ұлттық банктен басқа БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға аудара алады. Қазіргі уақытта БЖЗҚ төрт ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасады. Сіз бұл туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kz веб-сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен көре аласыз.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін басқаруға алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Айта кетейік, «Jýsan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері қызмет басталғаннан бері (2021 жылғы 15 наурыз) 4,13% деңгейінде табыстылық көрсетті. «Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің осы кезеңдегі табыстылығы – 2,96%; «BCC Invest» АҚ – 2,77%. «Сентрас Секьюритиз» АҚ зейнетақы активтерін 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап басқарады, осы уақыт ішіндегі инвестициялық табыстылық 3,99% болды.

Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар, сондықтан инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдаған орынды. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, ай сайынғы және т.б.) көрсеткіш болып табылмайды, өйткені, олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты.

Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе ұялы қосымшаның көмегімен бақылай алады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін  инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланып отырады.

Салымшы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін Ұлттық Банктің басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейі ескеріліп отыратын сақталу кепілдігі қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептелінеді.


31.08.2021ж. БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 тамызындағы негізгі көрсеткіштері

Инвестициялық кіріс түсетін жарналар көлемінен асып түсті

2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,8 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.08.2020 жылдан бастап 01.08.2021 жылға дейін зейнетақы жинақтарының сомасы 759 миллиардтан аса теңгеге немесе 6% өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,5 трлн теңге. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 335,7 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,6 млрд теңгеге  жетті.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны – 10,9 млн. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар – 529 мың, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 49,6 мың бірлікке тең.

2021 жылдың жеті айында ЖЗШ-ға түскен жарналар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 23% асып, шамамен 741 млрд теңгені құрады. Басым бөлігін – 708,7 млрд теңге немесе 95,7% - МЗЖ бойынша аударымдар құрайды.

Салымшылардың шоттарындағы таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 798,3 млрд теңгені құрады, осылайша шарттардың барлық түрлері бойынша түсетін жарналардың көлемінен асып түсті. Өткен жылдың осы кезеңінде ол 752,9 млрд. теңге болды.

Бұл ретте жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,48% көрсетті, сол кезеңдегі инфляция 5,3% болды. Егер ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігін жылдық мәнде, яғни соңғы 12 айда қарастыратын болсақ, онда ол инфляция 8,4% кезінде 10,56% құрады.

БЖЗҚ төлемдері жыл басынан бері 1,8 трлн теңгеден асты. Жалпы соманың шамамен 1,7 трлн теңгесі біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түрінде тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін төленді. Бұл ретте тұрғын үй жағдайын жақсартуға орташа төлем 4,4 млн теңгені, емделуге орташа төлем - 0,9 млн теңгені құрады.

Зейнет жасына толу бойынша төлемдер 54,7 млрд теңгеден асты. Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 28,6 мың теңгені құрады, жасына байланысты ай сайынғы ең жоғары төлем 673,6 мың теңге.

Сақтандыру ұйымдарына зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін 41 млрд теңгеден астам қаржы аударылды, мұрагерлерге және жерлеуге 37,3 млрд теңге төленді, тұрақты тұрғылықты жерге кетуге байланысты 21 млрд теңгеден астам сома, мүгедектіктің туындауына байланысты шамамен 1,3 млрд теңге төленді.


31.08.2021ж. БЖЗҚның жаңа қашықтан қызметі 

БЖЗҚ -да кемінде 5 жыл сақталған ерікті зейнетақы жарналарынан төлемдерді алу үшін салымшылар enpf.kz сайты арқылы өтініш бере алады.

БЖЗҚ  көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін, алушыларға ыңғайлылық пен олардың уақытын үнемдеу үшін Қордағы шотта  кемінде  бес жыл жатқан  ерікті зейнетақы жарналары мен олар бойынша есептелген инвестициялық кірістерден қалыптасқан  зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру мүмкіндігін  қашықтан - БЖЗҚ корпоративтік сайтындағы жеке кабинет арқылы  енгізді.        

Осылайша, enpf.kz  сайтындағы жеке кабинетте БЖЗҚ -да зейнетақы жинақтары бар алушыларға зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтінімдерді беру қызметі көрсетіледі:

          - міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен: белгісіз мерзімге 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

          - ЕЗЖ есебінен:

           50 жасқа толған адамдар;

            мүгедектігі бар тұлғалар;

БЖЗҚ –дағы шотында кемінде бес жыл жатқан ЕЗЖ және олар бойынша есептелген инвестициялық кіріс көлемінде зейнетақы жинақтары бар адамдар.

             Өтініш беру үшін алушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек. Сондай -ақ, «Электрондық қызметтер» бөліміндегі «Менің төлемдер / аударымдар бойынша өтініштерім» қызметін пайдалана отырып, enpf.kz сайтында «БЖЗҚ» АҚ -да тіркелген төлем туралы өтінімнің орындалу жағдайын бақылай аласыз.

             Ерікті зейнетақы жарналары - салымшылардың (алушылардың) өз бастамасы бойынша БЖЗҚ -ға енгізетін ақшасы. Оларды жеке тұлғалар  өз пайдасына, ал жеке және заңды тұлғалар үшінші жақтың пайдасына жасай алады. Бұл ретте ЕЗЖ төлемінің мөлшері мен жиілігін жеке немесе заңды тұлға дербес белгілейді.

          Ағымдағы жылдың 1 мамырында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес:

        - ЕЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашуға  БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ЕЗЖ негіз болып табылады. Осылайша салымшыға (алушыға) БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ.  Пайдасына ЕЗЖ түскен жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ  аудару кезінде төлем тапсырмасының электронды форматында көрсетілген оның жеке мәліметтеріне (толық аты -жөні, ЖСН, туған күні) сәйкес жүзеге асырылады, ал барлық қажетті мәліметтер;  жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері туралы, тұрақты тұрғылықты жері туралы, басқа да мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен  алады;

- БЖЗҚ -дан ЕЗЖ қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы, басқалармен қатар, БЖЗҚ -да кемінде бес жыл бойы жинақталған зейнетақы жинақтары мен олар бойынша есептелген инвестициялық кірістері бар адамдар үшін туындайды.

2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша. жоғарыда көрсетілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін 2,8 мыңға жуық алушы БЖЗҚ кеңселеріне өтініш беру арқылы кемінде бес жыл бойы БЖЗҚ -да сақталған ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығын пайдаланды. Енді ЕЗЖ жинақтарын төлеуге өтінішті үйден шықпай-ақ беруге болады.


10.06.2021ж. 5 сұрақ айдары БЖЗҚ өзекті сауалдарға жауап береді    

1) Сәлеметсіз бе! Жақында порталдардың бірінде зейнетақы жасына жетпей-ақ БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді алуға болатыны туралы жаңалықты оқыдым. ЕЗЖ не екенін және төлемдерді  63 жасқа дейін қалай алуға болатынын толығырақ айтып бере аласыз ба? 

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – бұл салымшылардың өз бастамасы бойынша БЖЗҚ-ға салатын ақшасы. Оларды жеке тұлғалар өз пайдасына,  жеке және заңды тұлғалар үшінші тұлғаның пайдасына аудара алады. Бұл ретте ЕЗЖ мөлшері мен төлеу кезеңділігін жеке немесе заңды тұлға дербес белгілейді. Осылайша, мысалы, маусымда Сіз өз шотыңызды 5 мың теңгеге, ал шілдеде 10 мың теңгеге және т. б. сомаларға толықтыра аласыз. Алайда болашақта лайықты зейнетақы төлемдерін алу үшін шотты тұрақты түрде толықтырып отыру қажет.

ЕЗЖ төлеудің артықшылықтарының бірі – жеке тұлға ЕЗЖ-ны өз табысы есебінен жеке пайдасына төлеген кезде салық заңнамасында ЕЗЖ төленген сомаға салық шегерімінің көзделгендігі (яғни төленген ЕЗЖ-ға ЖТС салынбайды). Бұдан басқа, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық агенті (жұмыс беруші) өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын ашу үшін БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы да негіз бола алады. Осылайша, Сізге Қордың кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Пайдасына ЕЗЖ есептелінетін жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылатын болады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

ЕЗЖ есебінен төлем алуға болатын жасқа қатысты, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған;

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы ерікті зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомалары шегінде кемінде бес жыл зейнетақы жинақтары бар адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.

Аталған баптың 1-тармағының 4) тармақшасы  2021 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енді. Осы жаңашылдыққа сәйкес ЕЗЖ бойынша төлемдерді ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы жүйесінде кемінде бес жыл болған барлық адамдар ала алады. Осылайша, ЕЗЖ есебінен қаражат жинауды мысалы, 25 немесе 35 жастан бастай отырып, тиісінше 30 немесе 40 жасқа толған кезде салымшылар өздерінің алғашқы төлемдерін ала бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеуді екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асыруға болады. Жекелеген ЕДБ-лар жарналарды онлайн режимінде (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аудару мүмкіндігін де ұсынады. Бұдан басқа, жұмыс берушіге өтініш беру мүмкіндігі тағы бар, оның негізінде жұмыс беруші БЖЗҚ-ға ЕЗЖ-ны өтініш берушінің не үшінші тұлғаның пайдасына тұрақты түрде аударатын болады. 

2) Қайырлы күн! Мен Өзбекстан азаматымын, сауда саласында жұмыс істеймін.  Қазақстандық зейнетақы жүйесіне қатысуға құқығым бар ма және жұмыс берушім мен үшін зейнетақы жарналарын төлеуге тиіс пе, соны білгім келеді? 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандыру құқығын пайдаланады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басын куәландыратын құжаты (шетелдіктер үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамдар үшін – азаматтығы жоқ адамның куәлігі) болған кезде Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.

Егер шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында өзге де заңды негізде болған болса, онда олар Қазақстан Республикасында уақытша тұратындар қатарында есептеледі және Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырылуға құқықтары жоқ, оның ішінде БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеуге құқықтары жоқ болып табылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға құқықтары бар. Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтініш беруге келетін болсақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да ЖЗШ ашу автоматты режимде жүзеге асырылады, тиісінше, жеке тұлғалардың оны ашу үшін БЖЗҚ-ға жүгіну қажеттілігі жоқ. Жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-сы болмаған жағдайда, ол агент БЖЗҚ-ға жеке тұлғаның электрондық төлем тапсырмасында көрсетілген деректемелеріне аударған, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан келіп түскен МЗЖ-ның бастапқы сомасы негізінде ашылады. Осыған байланысты БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу үшін жеке тұлғалардың ЖЗШ ашу туралы өтініші талап етілмейді.  

3) Мен екінші жыл зейнеткермін, бірақ жақында мен қайтадан кішігірім жұмыс таптым. Енді менің жұмыс берушім менің жалақымның 10%-ын БЖЗҚ-ға аудара ма деген сұрақ туындады. Өйткені, мен сіздерден зейнетақы төлемдерін алып жүрмін ғой.

Жоқ, жұмыс беруші сіз үшін БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын аудармайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

4) Шамамен бес жыл бұрын мен БЖЗҚ-да зейнетақы шотымды аштым. Бұл жұмысым үшін қажет болды, бірақ бір апта да жұмыс істеместен, мен ол жерден кетіп қалдым. Менің білуімше, осы жылдар ішінде  зейнетақы шотым толтырылмады, сондықтан шотым жабылып қалды ма? Маған  қайтадан зейнетақы шоты  қажет болып жатса, не істеуім керек?  Сіздің кеңсеге барамын ба? 

Сізде зейнетақы жинақтары жоқ нөлдік шотыңыз болған жағдайда, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап мұндай жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) 1 (бір) ай мерзімі өткеннен кейін жабылады.

Осылайша, БЖЗҚ-да бұрын ашылған ЖЗШ-лар жабылады, оның ішінде адам жұмысқа тұрып, шот ашуға өтініш берген немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, бірақ қандай да бір себептермен аударымдар жасай алмаған жағдайларда, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары болған және зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу мен аудару жүзеге асырылған және төлем не аударым жасалғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде зейнетақы жарналары түспеген ЖЗШ да жабылады.

Болашақта ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ. 2019 жылдан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алатын ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға өтінішті ресімдеу мақсатында БЖЗҚ-ға жүгіну талап етілмейді. Егер шот жоқ болса, онда ол алғашқы жарна келіп түскен кезде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Жеке тұлғаны сәйкестендіру зейнетақы жарнасын аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады, ал қолданыстағы құжат пен өзге де деректемелер туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

5) Қайырлы күн! Бәрімізге белгілі, ағымдағы жылдың басынан бастап біз, БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарымыз есебінен жылжымайтын мүлік сатып ала аламыз. Менің жағдайымда 5,5 миллион теңге сомасындағы «зейнетақым» маған пәтер сатып алуға көмектесуі тиіс еді, бірақ сатушы күтпеді және оны басқа клиентке сата салды. Қазір менің ақшам «Отбасы банкте»  «тұрып қалды», енді пайдаланылмаған ақшамның тағдыры не болады? Олар БЖЗҚ-дағы менің шотыма қаншалықты тез қайтарылады? Мені қандай шығындар күтуі мүмкін? 

Біржолғы зейнетақы төлемі «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторындағы арнайы шотқа түскеннен кейін алушы 45 жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларының 13-тармағына сәйкес) уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды ұсынады.

Уәкілетті оператор растаушы құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, бұл қаражат салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуы тиіс.

Сонымен қатар, аударылған соманы сіз «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға тиісті өтініш беру арқылы қайтара аласыз, оны банк алушыдан қайтаруға өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.

Салымшы сұраған зейнетақы жинақтарының сомасы БЖЗҚ-дан уәкілетті оператордың арнайы шотына аударылғаннан кейін 45 жұмыс күні ішінде бұл сома инвестициялық басқаруға қатыспайтынына және тиісінше оған инвестициялық табыстың есептелуі тоқтатылатынына назар аударамыз.

Егер ықтимал шығындар туралы айтатын болсақ, мысалы, БЖЗҚ зейнетақы активтерінің 2020 жылғы жылдық табыстылығы 10,92% құрады. Осы деректерді негізге алсақ, 45 жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған 5,5 млн теңге мөлшеріндегі біржолғы зейнетақы төлемінің орташа сомасын уәкілетті оператордың арнайы шотынан БЖЗҚ-ға қайтару кезінде салымшы толық алмаған инвестициялық табыстың мөлшері шамамен 100 мың теңге болуы мүмкін.

Бұдан басқа, арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейін ескере отырып, олардың сақталуы бойынша мемлекеттің заңда көзделген кепілдігі қолданылмайды. Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларынан салымшы таңдаған және оның өтінішінде көрсетілген әдіске сәйкес жеке табыс салығы (ЖТС) есептеліп, ұсталады.

Осыны негізге ала отырып, БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару, инвестициялық табысты және мемлекет кепілдігін жоғалту, сондай-ақ, ЖТС-ты мерзімінен бұрын есептеу жағдайларын болдырмау үшін салымшыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды жауапкершілікпен және мұқият жоспарлауды ұсынамыз. Өтінім бергенге дейін зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін мұқият зерделеп, оларды уәкілетті операторға уақытылы ұсынуды қамтамасыз еткен жөн.


02.06.2021ж. БЖЗҚ салымшыларына жыл басынан бері 15 миллион қызмет көрсетілді 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бастап 01.01.2021-01.05.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 15 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%  артық.

Электрондық форматта 11,1 миллионнан астам қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 74% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердің танымалдығы екі есеге дерлік өсті. Қызмет көрсетудің екінші танымал тәсілі – автоматты формат (мәлімдемесіз өтініштер). Оның үлесі 14,5% немесе 2,2 миллион қызмет болады.

Салымшылар 1 миллионға жуық қызметті тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінен алды. Еліміз бойынша 183 қызмет көрсету нүктесінде 2021 жылдың төрт айында салымшыларға 968,3 мың қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 321 мың қызметке (немесе 49,6% ) артық.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бірлескен жобасының танымалдығы арта түсуде. Естеріңізге сала кетейік, «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) туралы келісімге қол қою.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері 1 мамырдағы жағдай бойынша пошта операторының бөлімшелерінде осы операциялар 5,5 мың рет пайдаланылды.

Салымшылар арасында көшпелі қызмет көрсету бөлімдері де аса танымал. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметтерді онлайн алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштер) және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету (1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар) туралы өтініштерді ресімдеу үшін барып қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда, Қордың мамандары барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, сапарға шығады. Барып қызмет көрсету барысында 2021 жылдың 1 мамырына 20 043 операция жүзеге асырылды.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерін ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2021 жылдың төрт айында кері байланыс арналары арқылы салымшылардың өтініштерінің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге артты. 2021 жылғы 1 мамырға 714 мыңға жуық өтініш, ал 2020 жылғы 1 мамырға барлығы 440,8 мың өтініш қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы байланыс орталығында  кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы алуға болады, түрлі ақпараттар Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында да жарияланған.


02.06.2021ж. БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 1 триллион теңгеге ұлғайды

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.05.2020 жылдан бастап 01.05.2021 жылға дейін зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 1 триллион теңгеге немесе 8% өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,3 трлн теңге (жыл ішіндегі өсім – 8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 319,3 млрд теңге (өсім 17%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,3 млрд теңгеге  (өсім 10%) жетті.

2021 жылдың төрт айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көбірек қаражат салған. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 412,8 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 65,7 млрд теңгеге немесе 19%-ға асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5%-ын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, олардың сомасы – 394,1 млрд теңге (өсім 19%), МКЗЖ бойынша 18,5 млрд теңге (өсім 14%) түсті, ЕЗЖ бойынша 216 млн теңге (өсім 90%) аударылды.  

Зейнетақы жинақтарының өсуі 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 мамыр аралығында 475,8 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында орын алды. БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бастап 1 мамырға 3,8%, инфляция 2,7% құрады. Соңғы 12 айдағы кірістілік 9,8%, осы кезеңдегі инфляция 7,0% болды.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны – 11 059 450. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 522 080, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 45 334 бірлікке тең.

2021 жылдың төрт айында ғана БЖЗҚ салымшыларына 1,3 трлн теңгеден астам төлем жасалды, төлемдердің 1,2 трлн теңге көлеміндегі басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады. Жас мөлшері бойынша төлемдер екінші орында – 32,7 млрд теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, олар шамамен 30,5 млрд теңгені, мұрагерлік бойынша төлемдер 22,7 млрд теңгені, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер  10,5 млрд теңгені, жерлеуге берілген төлемдер 1,7 млрд теңгені және мүгедектік бойынша төлемдер 0,8 млрд теңге болды.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 862 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 522 610 теңгені құрады.


02.06.2021ж. Ағымдағы жылы БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық табысы 475 миллиард теңгеден асты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 12,6 триллион теңгеден асты. Бәрімізге белгілі, бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.

2021 жылғы 1 қаңтардан 1 мамырға дейінгі төрт айдың ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 475,8 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелгенін атап өту маңызды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 1 мамырға 3,8%, ал инфляция 2,7% болды. Соңғы 12 айда инфляция 7,0%, кірістілік 9,8%-ды көрсетті.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес апта сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. кіреді.

Жалпы, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс шамамен 5,2 трлн теңге болды. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық табыстың үлесі 35,6% болады.

         Егер Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бергі кезеңді алсақ,  таза инвестициялық табыс 6 триллион теңгеден асты. Осы уақыт ішінде инвестициялық кірістілік өсу қорытындысымен 621,9% құрады. Ал инфляция 519,4% болды. Осылайша 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 102,5%.

         Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар, сондықтан инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдаған орынды. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, ай сайынғы және т.б.) көрсеткіш болып табылмайды, өйткені, олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты.

          Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе ұялы қосымшаның көмегімен бақылай алады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланып отырады.

 


19.05.2021ж. 5 сұрақ МАМЫР

  1. 1. БЖЗҚ-да жеке шотымның бар екендігі туралы анықтама алғым келеді. Қазір індет кезінде кеңсе аралай бергім келмейді, сондықтан интернет арқылы анықтама ала аламын ба, жауап беріңізші?

Иә, әрине. Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) бар екендігі туралы анықтама алу үшін «БЖЗҚ» АҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинетте» орналастырылған «Электрондық қызметтер» бөліміне электрондық цифрлық қолтаңбаның немесе тіркелген логин мен парольдің көмегімен кіру қажет. Бұдан әрі «Қызметтер» бөліміндегі «ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу» батырмасына басқан кезде анықтама қалыптастырылады. Қалыптастырылған анықтаманың жоғарғы бұрышындағы QR-код БЖЗҚ уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттың электрондық нұсқасына веб-сілтемені қамтиды. Бұл  веб-сілтеме осы құжат берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде қолжетімді екеніне назар аударамыз.

  1. Әкем бес ай бұрын қайтыс болды. Бірақ ол кезде мен ол кісінің зейнетақы жинақтарын мұраға ала алатынымды білмедім. Мен осы мәселе бойынша қазір өтініш бере аламын ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31, 32, 33-баптарына сәйкес міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мұраны алу үшін мұрагер мұра ашылуы тиіс орын бойынша нотариусқа немесе  заңға сәйкес мұраға құқық туралы куәлік беруге уәкілеттік берілген лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы не мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтініш түсіру арқылы қабылдауға тиіс. Мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мұраның ашылған орны бойынша нотариусқа жүгінуге кеңес береміз (бұл қайтыс болған адамның тұрғылықты жері).

 Мәлімет үшін төмендегі ақпаратты ұсынамыз:

1) Заңға сәйкес БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте жүзеге асыруға міндетті. Аталған тәртіп, сондай-ақ, қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды БЖЗҚ-ға қайтару қағидаларында айқындалған;

2) Заңға сәйкес алушы, сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді;

3) БЖЗҚ-ның www.enpf.kz мекенжайы бойынша веб-сайтында қажетті құжаттар тізімі, оларды рәсімдеу талаптары, БЖЗҚ-ның өңірлік бөлімшелерінің мекенжайлары көрсетілген.

Қағидалардың 15 немесе 17-тармақтарында айқындалған құжаттар болған жағдайда БЖЗҚ-ға жүгінуге кеңес береміз.

  1. Мен жақында жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім. Зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң) жеке практикамен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, өз пайдасына БЖЗҚ-ға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде, бірақ ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызынан кем емес және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан көп емес мөлшерде белгіленеді. 

Жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ, жеке кәсіпкер өз пайдасына БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын кіріс алынатын табыс болып табылады. Табысы болмаған жағдайда жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер БЖЗҚ-ға өз пайдасына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 Қаулысымен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы Қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу Қағидаларының 8-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын аударуды агент қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі-ЕДБ) шоттары жоқ жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін ЕДБ-ға қолма-қол ақшамен енгізеді. Міндетті зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен не ЕДБ арқылы қолма-қол емес тәсілмен төлеу Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

  1. Менің еңбек өтілім қате есептеліпті, сондықтан зейнетақыны қайта есептеуді қалай жүзеге асыруға болады?

Қазақстан Республикасында 1998 жылдан бастап базалық және ортақ зейнетақыдан және жинақтаушы зейнетақыдан тұратын мемлекеттік аралас зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Сіздің жағдайыңызда зейнетақы төлемдерінің мөлшері еңбек өтілімен анықталатын, ал зейнетақы төлемдерінің көзі – халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салық аударымдары мен басқа да түсімдер есебінен мемлекеттік бюджет болып табылатын ортақ зейнетақы туралы сөз болып отырған шығар. Оған 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлікке шығу кезіндегі еңбек өтілі кемінде алты айды құрайтын адамдар үміт арта алады.

Жинақтаушы жүйе Қазақстан азаматтары, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін ай сайынғы кірістен міндетті зейнетақы жарналарының белгіленген 10 пайыздық мөлшерін және жұмыс беруші есебінен жұмыскерлердің ай сайынғы табысынан және кәсіптері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өндірістердің, жұмыстар мен кәсіптердің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының 5 пайыздық мөлшерін көздейді.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз.

  1. Мен Қазақстанда уақытша жұмыс істейтін Ресей азаматшасымын. Ерікті зейнетақы жарналарын аудара аламын ба және оны қалай жүзеге асыруға болады?

Иә, әрине, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы Келісімнің 3-бабына сәйкес, ЕАЭО елдері еңбекші азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру солардың зейнетақы жарналары есебінен жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының құқықтарын қалыптастыру жағдайларымен бірдей шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

Осы Келісімнің 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі-ЕЗЖ) да жатады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 мамырынан бастап БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы ЕЗЖ-ны есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашуға негіз бола алады. ЕЗЖ мөлшері мен кезеңділігін салымшы дербес айқындайды.

Пайдасына ЕЗЖ есептелінетін жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылатын болады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеуді екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асыруға болады. Жекелеген ЕДБ-лар жарналарды онлайн режимінде (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аудару мүмкіндігін де ұсынады.    

БЖЗҚ сайтында (https://www.enpf.kz/ru/services/depositors/ipa/vpc.php) толық ақпаратпен танысуға болатынын қосымша хабарлаймыз. 


14.05.2021ж. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді  кімдер ала  алады?

1 мамырдан бастап ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын алушылардың тізімі кеңейді

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – бұл салымшылардың өз бастамасы бойынша БЖЗҚ-ға салатын ақшасы. Оларды жеке тұлғалар өз пайдасына,  жеке және заңды тұлғалар үшінші тұлғаның пайдасына аудара алады. Бұл ретте ЕЗЖ мөлшері мен төлеу кезеңділігін жеке немесе заңды тұлға дербес белгілейді.

ЕЗЖ төлеудің артықшылықтарының бірі – жеке тұлға ЕЗЖ-ны өз табысы есебінен жеке пайдасына төлеген кезде салық заңнамасында ЕЗЖ төленген сомаға салық шегерімінің көзделгендігі. Бұдан басқа, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап салық агенті (жұмыс беруші) өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын ашу үшін БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы да негіз бола алады. Осылайша, салымшыға (алушыға) Қордың кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Пайдасына ЕЗЖ есептелінетін жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылатын болады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған;

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы ерікті зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомалары шегінде кемінде бес жыл зейнетақы жинақтары бар адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.

Аталған баптың 1-тармағының 4) тармақшасы  2021 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енді. Осы жаңашылдыққа сәйкес ЕЗЖ бойынша төлемдерді ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы жүйесінде кемінде бес жыл болған барлық адамдар ала алады. Осылайша, ЕЗЖ есебінен қаражат жинауды мысалы, 20 немесе 30 жастан бастай отырып, тиісінше 25 немесе 35 жасқа толған кезде салымшылар өздерінің алғашқы төлемдерін ала бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеуді екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асыруға болады. Жекелеген ЕДБ-лар жарналарды онлайн режимінде (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аудару мүмкіндігін де ұсынады. Бұдан басқа, жұмыс берушіге өтініш беру мүмкіндігі тағы бар, оның негізінде жұмыс беруші БЖЗҚ-ға ЕЗЖ-ны өтініш берушінің не үшінші тұлғаның пайдасына тұрақты түрде аударатын болады.


14.05.2021ж. Қазақстандықтардың БЖЗҚ мен зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артып келеді

Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығының деңгейін және халықтың «БЖЗҚ» АҚ-ға деген сенім дәрежесін айқындайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындылары шығарылды.

Зерттеу  республикалық маңызы бар 3 қала мен Қазақстанның 14 облысындағы қала және ауыл тұрғындары арасында телефон және сауалнама жүргізу арқылы өткізілді. Жалпы алғанда 3000 респонденттен сұхбат алынды, олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер – 2 085 (69,5%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 768 (25,6%) және жұмыссыздар – 147 (4,9%).

Респонденттердің едәуір бөлігі (сұралғандардың жалпы санының 841 немесе 28,03%) коммерциялық бизнес саласында, одан әрі өндірістік бизнесте жұмыс істейтіндер - 458 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 15,27% - ы. Ғылым саласында жұмыс істейтіндердің саны ең азы – 62 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 2,07%  болды.

Зерттеу сауалнамасы сұрақтарының негізгі бөлігі Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын анықтауға, сондай-ақ, Қазақстанның зейнетақы жүйесіне және БЖЗҚ-ға сенім дәрежесін анықтауға бағытталған 25 сұрақтан тұрды.

Жалпы, сауалнама нәтижесіне сай, халықтың еліміздің зейнетақы жүйесіне де, БЖЗҚ-ға да сенімінің артқанын байқауға болады. Атап айтқанда, сауалнама нәтижелері бойынша тұрғындардың  едәуір бөлігі, яғни 1270 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 42,33% еңбек қызметі аяқталғаннан кейін олардың қаржылық әл-ауқатының негізгі көзі БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы жинақтары болады деген пікірді ұстанады. Сауалнамаға қатысқандардың жалпы санының 21,17% (635 респондент) маңыздылығы бойынша екінші орында мемлекеттен берілетін зейнетақы тұр деген пікірде. Ал 473 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 15,77%-ы БЖЗҚ-дағы жинақтардан басқа да өзге де жинақтарына сенім артады екен (үшінші жиі берілген жауап).

Өткен жылғы зерттеу қорытындыларымен салыстырғанда БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейі өскенін атап өткен жөн. Қорға деген сенімнің орташа деңгейі 6,0 балды құрайды (ең төменгі мәні 1, ең жоғарғы мәні 10 балл), яғни, нәтижелер орташадан жоғары. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,4 балл болған еді. Биылғы жылы ең жоғары балл Қызылорда облысында (7,3), Шымкент қаласында (7,0) және Алматы облысында (7,0 балл) тіркелді.

Халықтың еліміздегі зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі 5,8 балды құрады. Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын сенім деңгейі 5,1 балды құраған болатын. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде Шымкент қаласында (7,1 балл), Қызылорда (7,0 балл), Алматы (6,9) және Қостанай (6,7) облыстарында тұратын респонденттер зейнетақы жүйесіне қатысты ең көп сенім білдірді

Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық деңгейі екі деңгей бойынша талданды: базалық және ілгері.

Қазақстандықтар базалық деңгей бойынша көптеген сұрақтарға дұрыс жауап берді. Респонденттердің жартысына жуығы – 1449 адам (респонденттердің жалпы санының 48,3%) - салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын шоғырландыру, зейнетақы жинақтарының жеке есебін жүргізу, зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылатын БЖЗҚ функциясын дұрыс айқындайды. Респонденттер зейнетақы жарналары мен төлемдерінің түрлері туралы да жақсы хабардар болып шықты.

1342 респондент (немесе сұралғандардың жалпы санының 44,7%) Қазақстанның барлық азаматтарына кепілді түрде берілетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және еңбек өтілі бойынша мемлекеттік еңбек (ортақ) зейнетақы туралы, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналарынан, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан, ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптастырылған жұмыскердің меншікті зейнетақы жинақтары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері туралы да мағлұмат алған болып шықты. Респонденттердің көпшілігі зейнетке шығу жасы туралы сұраққа дұрыс жауап берді – 2066 респондент немесе респонденттердің 68,87%.  Сауалнамаға қатысқандардың 85% - ы (немесе 2 558 респондент) өздерінің жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы ақпаратты қалай білуге болады деген сұраққа дұрыс жауап нұсқаларын көрсетті.

Жалпы алғанда, базалық деңгейдегі білім коэффициенті 50 пайыздан асып, 62% құрады.

Жетілдірілген деңгейді бағалау үшін сұрақтар күрделене түсті. Оларға берілген жауап нұсқалары да аз болды. Мысалы, 40,97% (немесе 1229 респондент) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару және инвестициялық табыс алу үшін зейнетақы активтерін инвестициялау бөлігінде ҚР Ұлттық Банкінің атқаратын қызметі туралы хабардар, оның ішінде 420 респондент (немесе сұралғандардың жалпы санының 14,0%) салымшылардың өз зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі туралы  білетін болып шықты. Сонымен қатар, 1101 респондент (немесе сұралғандардың жалпы санының 36,70%) зейнетақы активтерін инвестициялауды тікелей «БЖЗҚ» АҚ жүзеге асырады деген қате пікірді ұстанып келген екен.

1457 респондент немесе 48,57% (1158 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 38,60%) зейнетақы жинақтарының әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланатынын және инвестициялық табыс есебінен көбейетінін біледі. Сонымен қатар 1543 респондент немесе   51,43%- ы зейнетақы жинақтарының инвестициялық табыс есебінен инвестицияланатыны және көбейетіні туралы білмейтінін, не болмаса қаржы және инвестицияларға қатысты мәселелерден мүлдем хабарсыз екендіктерін жеткізді.

Нәтижесінде ілгері деңгейдегі білімнің жалпы коэффициенті 27,5% - ды құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен жоғары, Ол  26,9% - ды құрады.

Сауалнама жалпы зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ туралы ақпарат алу арналары туралы да жүргізілді. Респонденттердің жартысына жуығы теледидар арқылы ақпарат (жаңалықтар) алуға бейім (1358 ескерту/45,3%), одан сәл азы – әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы (1007 ескерту/33,6%). Үшінші ең көп таралған ақпарат көзі жаңалықтар және басқа сайттар болып табылады – респонденттер арасында 644 ескерту/21,5%. Осыған сүйене отырып, интернет көздерінің (әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен сайттар) теледидарға қарағанда жиынтық әсері көп деген тұжырым жасауға болады. Сауалнамаға қатысқандар интернет-сайттардың ішінде Қордың enpf.kz  корпоративтік сайтын ең танымал және жиі айтылатын ақпарат көзі деп атады.

Сауалнамаға қатысқан азаматтар өз жинақтары туралы ақпарат алу тұрғысынан БЖЗҚ кеңселеріне жеке өтініш жасау әдісін дәстүрлі түрде таңдауда: 1191 респондент немесе 39,7%. Респонденттердің пікірінше, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың екінші оңтайлы тәсілі – БЖЗҚ ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу (982 атап өту немесе 32,7%), сауалнамаға қатысқан 933 адам (31,1%) ХҚО-ға жүгіну әдісін таңдады, одан кейін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы ақпарат алу (882 рет атаған немесе 29,4%) танымалдыққа ие.

«БЖЗҚ» АҚ қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділікті зерттеу нәтижесі респонденттердің жартысына жуығының  ақпаратты алу процесі барлығы үшін оңай, қолжетімді деп тапқанын көрсетті (1481 респондент немесе сұралған халықтың жалпы санының 49,37%). Сонымен қатар, 847 респондент немесе барлық сұралғандардың жалпы санының 28,23% - ы БЖЗҚ туралы ақпарат алу үшін уақыт қажет деп санайды.  

Жалпы, халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығы деңгейін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, халықтың басым бөлігінің зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық бойынша базалық білімі бар. Бұл ретте, ілгері деңгейдегі білімнің де өсуі байқалады.

Тәуелсіз сарапшылар БЖЗҚ-ның ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруы, сондай-ақ, жалпы зейнетақы жүйесіне деген сенімді одан әрі нығайту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру барысында Қордың зерттеу қорытындыларын ескеру қажет екендігін атап өтті.


12.05.2021ж. ЕЗЖ бойынша төлемге өтінішті онлайн арқылы қалай беруге болады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік сайтында қашықтан беруге болатын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер түрлерінің желісі кеңейтілді. Бұл қызметті енді БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар зейнетақы төлемдерін алушылардың төмендегі санаттары да пайдалана алады:

- 50 жасқа толған тұлғалар;

- мүгедектігі бар тұлғалар.

Өтініш берер алдында қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ), жеке басын куәландыратын құжаттың, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ашылған банк шотының бар екендігіне көз жеткізу қажет.

Өтініш беру мақсатында БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) жеке кабинетте ЭЦҚ-ның көмегімен авторланудан өтіп, «Қызметтер» бөліміндегі «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» қызметін таңдау қажет, одан әрі тиісті құжаттарды толтырып, ЭЦҚ-мен қол қою керек.

БЖЗҚ-ның өтінішті өңдеу мәртебесін Сіз жеке кабинетіңіздің «Қызметтер» бөліміндегі «Менің төлемдер/аударымдар туралы өтініштерім» қызметі, сондай-ақ, БЖЗҚ корпоративтік сайты арқылы оңай қадағалай аласыз.

Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарының БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасының негізінде, өтініш беру қажеттілігінсіз ашылатынын ескертеміз.


05.05.2021ж. БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштері 

2021 жылдың 1 сәуіріне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.04.2020 жылдан бастап 01.04.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 1 триллион теңгеге немесе 8% өсті.  

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,3 трлн теңге (жыл ішіндегі өсім – 8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 315,9 млрд теңге (өсім 16%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге  (өсім 8%) жетті.

2021 жылдың үш айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көбірек қаражат салған. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 299 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 37,1 млрд теңгеге немесе 14%-ға асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,3%–ын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, олардың сомасы – 285 млрд теңге (өсім 14%), МКЗЖ бойынша 13,8 млрд теңге (өсім 13%) түсті, ЕЗЖ бойынша 163 млн теңге (өсім 68%) аударылды. Үш айдың ішінде барлығы 19,7 млн астам жарна өндірілді, олардың басым бөлігі – 16,4 млн жарна (жарналардың жалпы санының 83,3%) заңды тұлғаларға тиесілі, 2,8 млн жарна (14,2%) жеке тұлғалардан және 467 мың жарна (2,5%) бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша келіп түсті.

Зейнетақы жинақтарының өсуі 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 сәуір аралығында 358,2 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында орын алғанын атап өту маңызды.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады (бір жылдағы өсім 9% құрады). Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды – 11 056 150 (жыл ішіндегі өсім 10%). Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 519 358 (өсім 1%), БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 45 094 бірлік.

Қордан берілетін төлемдер, ең алдымен, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен айтарлықтай өсті. 2021 жылдың үш айында ғана БЖЗҚ салымшыларына 1,03 трлн теңгеден астам төлем төленді, төлемдердің басым бөлігі БЗТ есебінен 952,4 млрд теңгені құрады. Төлемдер сомасы бойынша екіншісі – сақтандыру ұйымдарына аударымдар болды, олар шамамен 26 млрд теңгені құрады. Одан әрі: жасына байланысты төлемдер - 24,2 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 17,8 млрд теңге, ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер - 7,4 млрд теңге, жерлеуге - 1,2 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер - 0,6 млрд теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 29 080 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 522 610 теңгені құрады.


05.05.2021ж. БЖЗҚ қызметтерінің танымалдығы екі есеге артып, 9 миллионнан асты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бастап, 01.01.2021-01.04.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 9,6 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Өсімнің электрондық қызметтер бойынша да, БЖЗҚ филиалдарында көрсетілген қызметтер бойынша да болғанын атап өткен жөн.

Электрондық форматта қызметтердің жалпы көлемінің 91% астамы көрсетілген, бұл 8,9 миллион қызметті құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердің танымалдығы екі есе өсті. БЖЗҚ-ның ыңғайлы және функционалды мобильді қосымшасы, сондай-ақ, enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы салымшы қызметтердің едәуір көлемін өз бетінше ала алады: жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме немесе ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, зейнетақы жинақтарының сомасын ішінара пайдалану және (немесе) ИПБ-ға аудару үшін тексеру, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны есептеу және т. б.

Салымшылардың бір бөлігі бұрынғысынша Қордың бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан филиалдарына өтініш білдіреді. 1 сәуірдегі жағдай бойынша салымшылар БЖЗҚ бөлімшелерінде 777,5 мың қызмет алды, бұл өткен 2020 жылмен салыстырғанда 131,2 мың қызметке (немесе 20,3%) артық.

Сонымен қатар БЖЗҚ-да көшпелі қызмет көрсету бөлімдері де бар. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді, бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде көзбе-көз қызмет алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштер) және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету (1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар) туралы өтініштерді ресімдеу үшін көшпелі қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда Қордың мамандары барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, сапарға шығады. Көшпелі қызмет көрсету барысында 2021 жылдың 1 сәуіріне 12 628 операция жүзеге асырылды.

Елдің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту үшін «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырды. Естеріңізге сала кетейік, «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі операция түрлерін орындауға болады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) туралы келісімге қол қою.

Жалпы алғанда, 2021 жылдың үш айында пошта операторының бөлімшелерінде осы операциялар 3,9 мың рет пайдаланылған.

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамыту екенін атап өту маңызды. 2021 жылдың үш айында кері байланыс арналары арқылы салымшылардың өтініштерінің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда үш есеге артты. 2021 жылдың 1 сәуіріне 600,5 мың өтініш, ал 2020 жылғы 1 сәуірге 214,8 мың өтініш түсті.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша call-орталықтан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) кеңес ала алады, сондай-ақ, кеңестерді  www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары арқылы және Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшаларынан алуға болады.


05.05.2021ж. Зейнетақыны біржолғы зейнетақы төлемдеріне дейін және кейін есептейміз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысы enpf.kz сайтындағы болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, өзінің болашақ зейнетақы төлемдерін дербес есептей алады. Ол Қазақстанның көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды: мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы.

Есептеулерді орындау оңай және өте қарапайым. Ол үшін болжамды калькуляторда туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақ сомасы және т. б. сияқты барлық жолдарды толтыру қажет. Егер сіз enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болсаңыз, калькулятордағы өрістер автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыны есептеу екі-үш рет басу арқылы жүзеге асырылады.

Бұдан әрі сіз БЖЗҚ-дан төленетін болашақ төлемдеріңізді есептеу нәтижелерін көресіз, олар пессимистік, шынайы және оптимистік деп бөлінетін үш сценарийде беріледі. Барлық үш нұсқа кірістіліктің болжамды деңгейін ескереді. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық мәнде (болжамның тиісті кезеңінің инфляциясын шегере отырып) ұсынылады. Сонымен қатар, сіз зейнетке шығатын жасыңызды, күнді және т. б. көре аласыз.

Айта кетейік, енді сіз 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап өзгерістерге сәйкес төлемдерді көре аласыз. Бұдан бұрын хабарланғандай, енді БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлем мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа әдістемесіне сәйкес есептеледі. Осы Әдістемеге сәйкес зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жинақтарының сомасын зейнетақы жинақтары төлемдерінің  6,5%  мөлшерлемесіне көбейту және 12-ге бөлу арқылы айқындалады. Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін жыл сайын 5% индекстеу мөлшерлемесіне арттыру жолымен анықталады. Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем емес мөлшерде жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін төленеді, мұны зейнетақы калькуляторының есептеулерінен де көруге болады.

Бұдан басқа, Жеке кабинеттегі зейнетақы калькуляторында жеткіліктілік шегінен асатын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға болатын сома туралы ақпарат қолжетімді. Бұл ретте мақсатты қажеттіліктерге зейнетақы жинақтары бір мезгілде алынған кезде өзінің болашақ ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің сомасын көру мүмкіндігі іске асырылды. Ол салымшыға қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарын алу-алмау немесе болашақта, яғни зейнеткерлік жасқа жеткен кезде әлдеқайда жоғары зейнетақы төлемдерін алу туралы өз бетінше шешім қабылдауға көмектеседі.

Сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа жету үшін зейнетақы жинақтарының (МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған) болжамды мөлшері жеткілікті болған жағдайда, пайдаланушыны сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және өмір бойғы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы хабардар ететін қалқымалы терезе пайда болады. Есеп бірден сақтандыру ұйымынан аннуитеттік төлемнің болжамды мөлшерін білуге мүмкіндік береді, оны сіз БЖЗҚ-дан кесте бойынша берілетін төлемдермен салыстыра аласыз.


21.04.2021ж. 2021 жылдың 1 мамырынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін шоттар автоматты түрде ашылады

2021 жылдың 1 мамырынан ерікті жарналар бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашуға БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы (ЕЗЖ) негіз болып табылады. ЕЗЖ салымшының – жеке тұлғаның өз кірісінен өзінің пайдасына аударған сомасы не салымшының (жеке немесе заңды тұлғаның) алушының пайдасына аударған сомасы болуы мүмкін. Бұл ретте жарналардың мөлшері мен мерзімділігін салымшы өзі айқындайды.

Атап кету керек, жеке тұлға өз кірісінен өзінің пайдасына ЕЗЖ аударған кезде салық заңнамасында төленген ЕЖЗ сомасына салық шегерімдері қарастырылған.

Бұдан бөлек, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық агентінің (жұмыс берушінің) жеке қаражаты есебінен жұмыскердің пайдасына төлеген ЕЗЖ-сы корпоративті табыс салығын төлеу кезінде шегерілімге жатады. Сол уақытта жұмыс берушінің жұмыскердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомалары жұмыскердің кірісіне салық салу кезінде есепке алынбайды.

Осылайша жұмыс беруші өз жұмыскерлерінің пайдасына ЕЗЖ төлей отырып, салық салу кезінде жеңілдіктерге, сондай-ақ, өз қызметкерлерін ынталандыруда қосымша құралға ие болады. Жұмыскер үшін бұл БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары сомасының өсуі, сәйкесінше, Қордан төленетін зейнетақы төлемдері мөлшерінің  көбейуі ретінде оң сипат алады.       

Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банкілер (ЕДБ) не «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы аударуға болады. Екінші деңгейдегі бірқатар  банкілер ЕЗЖ онлайн (мобильді қосымша немесе өзін-өзі қызмет көрсету терминалдары) арқылы аударуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, өз пайдасына ЕЗЖ жарналарын тұрақты аудару үшін жұмыс берушінің атына өтініш жазуға да болады. Соның негізінде жұмыс беруші ЕЗЖ өтініш иесінің не үшінші тұлғаның пайдасына  БЖЗҚ-ға тұрақты түрде аударып отырады.

Бұл ретте пайдасына ЕЗЖ аударылып тұратын жеке тұлғаны сәйкестендіру, ЕЗЖ төлеу барысында электрондық форматтағы төлем тапсырмасында көрсетілген  жеке деректері (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша орындалатын болады. Жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері , тұрғылықты мекенжайы, өзге де деректемелері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.


21.04.2021ж. Зейнетақы активтерін есепке алу және есептеу тәртібіндегі кейбір өзгерістер туралы

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабардар етеді.

Зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртібі және зейнетақы активтерінің құнын қайта бағалау кезеңділігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысымен айқындалады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 15 ақпандағы № 31 қаулысымен жоғарыда көрсетілген Қағидаларға зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің құнын есептеу тәртібі бөлігінде өзгерістер енгізілді. Жаңа тәртіпке сәйкес есеп айырысу аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайынғы негізде жүзеге асырылады.

Зейнетақы активтерін есепке алу және есептеу тәртібі мынадай әдіснамалық тәсілді көздейді. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) зейнетақы жарналары түскен кезде, келіп түскен зейнетақы жарналарының сомасын есептеу жөніндегі операциялар оларды зейнетақы жарналары түскен күнгі шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің баламалы санына қайта есептей отырып жүзеге асырылады. Салымшының (алушының) ЖЗШ-сынан зейнетақы төлемдерін жүргізу кезінде зейнетақы жинақтарының сомаларын есептен шығару жөніндегі операциялар оларды зейнетақы төлемі күніндегі шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің баламалы санына қайта есептей отырып жүзеге асырылады.

Зейнетақы активтері ұзақ мерзімді инвестициялар болып табылатындықтан, шартты бірліктің құнын есептеуді апта сайынғы негізде жүргізу (аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша) қаржы құралдары құнының және олар бойынша инвестициялық кірістің қысқа мерзімді нарықтық өзгеруінің салдарынан салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының күнделікті ықтимал ауытқуларын реттеуге мүмкіндік береді.

Осылайша, салымшыларға (алушыларға) ЖЗШ-дан берілетін үзінді көшірмелердегі инвестициялық табыс бөлігіндегі ықтимал өзгерістер әрбір аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында және әрбір айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңында көрініс табатын болады. Бұл ретте зейнетақы жарналарының (өсімпұлдардың) барлық түсімдері туралы, жүзеге асырылған зейнетақы төлемдері мен аударымдары туралы (екінші деңгейдегі банктерге, уәкілетті операторларға, сақтандыру ұйымдарына, инвестициялық портфельді басқарушыларға) ақпарат бұрынғыдай операцияларды жүргізу кезінде күн сайын толық көлемде көрсетілетін болады.


5 сұрақ. НАУРЫЗ

  1. Егер аударым жасалынбаса БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы шоттарының жабылатыны жайында оқыдым. Қазіргі уақытта жұмыссызбын, демек, менің шотым жабылады ма? Олай болса жинақтарым қайда кетеді?

«БЖЗҚ» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және  ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларының 2021 жылдың 01 наурызынан бастап күшіне енгені туралы хабарлайды. Бұған сәйкес ЖЗШ зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда 1 (бір) ай өткен соң жабылады.

Осылайша  БЖЗҚ-да бұрын ашылған, оның ішінде адам жұмысқа тұрып, шот ашуға өтініш берген немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, бірақ қандай да бір себептермен аударымдар жасай алмаған жағдайларда, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары болған және зейнетақы жинақтарының барлық сомасы төленіп, аударым жүзеге асырылған ЖЗШ-ларға төлем не аударым жасалғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде зейнетақы жарналары түспеген жағдайларда мұндай ЖЗШ жабылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есепке алынатын ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға өтінішті рәсімдеу мақсатында БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Шот алғашқы жарна келіп түскен кезде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылып, жеке тұлғаны сәйкестендіру зейнетақы жарнасын аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. Ал қолданыстағы құжаттың деректемелері мен өзге де деректемелері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан электрондық хабарлама алған күннен бастап салымшы МЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

Осылайша егер жеке зейнетақы шотында жинақтар болса, бірақ  уақытша толықтырылмаса, ол жүйеде қала береді әрі оған инвестициялық кіріс есептеліп отырады. Ешбір жинағы жоқ шоттар ғана жабылады. Егер азамат жұмысқа қайта орналасса немесе бірыңғай жиынтық төлемді аударса, мұндай жағдайда жаңа шот бірінші жалақыдан бастап автоматты түрде ашылып, міндетті зейнетақы жарнасы есепке алынып, «бос» (жинақсыз) шоттың пайда болуына тұсау салынады. Ал жаңа шотқа аударым жасауға мүмкіндік әрқашан да болады.

Сондай-ақ, барлық зейнетақы жинақтары төленген және аударылған шоттар, төленгеннен және аударылғаннан кейін  бір ай бойы жарналар түспеген шоттар да жабылатын болады.

      Егер  жеке зейнетақы шотыңызда қандай да бір жинағыңыз болса Сіздің шотыңыздың жабылмайтынын жеткіземіз.         

  1. Өзімнің зейнетақы жинақтарымды инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға аударғым келеді. Мұны қалай жасауға болады және қанша соманы аудара аламын?

БЖЗҚ  салымшысы зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру туралы шешім қабылдаған жағдайда алдымен өзінің жеке зейнетақы шотындағы жинақтарының жеткіліктілігін тексеріп алуы керек. Мұны enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады.

Зейнетақы жинақтары ИПБ-ға сенімгерлікпен басқаруға мына жағдайда;

- салымшының нақты зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе

- өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының  шотындағы міндетті зейнетақы жарналары немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде берілуі мүмкін.

Салымшы өзінің жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігіне көз жеткізгеннен кейін БЖЗҚ -ға жинақтарының белгілі бір бөлігін ИПБ-ға аудару туралы жазбаша өтінішті бере алады. Салымшыға сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін де жеке шотында  қалған жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлікпен беруіне болады. БЖЗҚ жеткіліктілік сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейінгі отыз күнтізбелік күн ішінде ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қала береді.  Салымшының жеке зейнетақы шотындағы жинағының жалпы есебін БЖЗҚ жүргізеді.

  1. Өз жинақтарымды жеке компанияларға инвестициялық басқаруға беруден қауіптенемін, сенімді ақтамаулары да мүмкін. Оларды мен БЖЗҚ-ға қайтара аламын ба?

Міндетті зейнетақы жинақтарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшеріне инфляция деңгейін ескере отырып,Ұлттық банктің басқаруында болған сомаға ғана қолданылады.

Инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) пайдасына алынған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен Заң талаптары  және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі  деңгейінің арасында  теріс айырмашылық пайда бола қалған жағдайда, аталған теріс айырмашылықты ИПБ өз капиталы есебінен ҚНРДА бекіткен нормативтік құқықтық актіге сәйкес тәртіп пен мерзімде БЖЗҚ-ға қайтарады. Аталмыш ИПБ-да  зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруда болған салымшыға жылдың алдындағы жылдың соңында ақшаны қайтару жүзеге асырылады. Бұл ретте аталған сома салымшының БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотына аударылады.

Кірістіліктің ең төменгі мөлшері нарықта әрекет етуші ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігінен есептеледі. Зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілігі мен орташа алынған кірістілігі туралы көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет ресурсында ай сайын жарияланып тұратын болады.

ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, ИПБ инвестициялық басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% -нан аспауы керек. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітетін болады және ол жылына көп дегенде бір рет өзгеруі мүмкін.

Зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш бергеннен кейін салымшы:

- БЖЗҚ-ға өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру туралы өтінішті жылына көп дегенде бір рет беруге;

- БЖЗҚ-ға ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына қайтаруға (зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруына алғаш берілгеннен кейін екі жылдан ерте емес) өтініш беруге құқылы.

Салымшы зейнет  жасына жеткенге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын оның зейнетақы жинақтары инвестициялық кірістілік есебімен Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына (егер жинақтар осы мерзімге дейін ИПБ сенімгерлік басқаруында болған жағдайда) қайтарылады және зейнетақы жинақтарын кесте бойынша жүзеге асыру, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу немесе заңнамада қарастырылған өзге де мақсаттарға пайдаланылады.

  1. Менің ағам жинақтарды мерзімінен бұрын алуға өтініш берді, оған бас тартылды. Ол тағы да өтініш бере ала ма?

Уәкілетті операторлардан келіп түскен біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға арналған өтінімдерді талдау нәтижесінде мынадай негізгі себептерді бөліп көрсетіп, оларды жою мен алдағы уақытта болдырмау жөнінде кеңестер беруге болады.

Бірінші себеп: салымшының уәкілетті операторға берген өтінішінде алуға болатын соманың қате, оның ішінде қолда бар зейнетақы жинақтарының мөлшерінен асыра көрсетілуі. 

Ұсыным: қолжетімді сома туралы мәліметтерді қоса алғанда, өз зейнетақы жинақтары туралы өзекті ақпаратты (enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте, БЖЗҚ мобильді қосымшасында, egov.kz порталында) тікелей уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтініш берер алдында тексеру.

Екінші себеп: жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға болатын соманың  дұрыс көрсетілмеуі.

Ұсыным: салымшының зейнетақы жинақтарын мақсатты алу (тұрғын үйге, емделуге) кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу бойынша екі тәсілдің бірін таңдауға құқығы бар.

Бірінші тәсіл – ЖТС төлеуді кейінге қалдырып, оны зейнеткерлікке шыққаннан кейін (БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің белгіленген кестесі бойынша) он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен төлеу. Екінші тәсіл – салықты біржолғы зейнетақы төлемін алған кезде бірден толық төлеу. ЖТС төлеу тәсілін уәкілетті операторға беретін өтініште көрсеткен жөн.

Екінші себеп: жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға болатын соманың  дұрыс көрсетілмеуі.

Ұсыным: салымшының зейнетақы жинақтарын мақсатты алу (тұрғын үйге, емделуге) кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу бойынша екі тәсілдің бірін таңдауға құқығы бар.

Бірінші тәсіл – ЖТС төлеуді кейінге қалдырып, оны зейнеткерлікке шыққаннан кейін (БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің белгіленген кестесі бойынша) он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен төлеу. Екінші тәсіл – салықты біржолғы зейнетақы төлемін алған кезде бірден толық төлеу. ЖТС төлеу тәсілін уәкілетті операторға беретін өтініште көрсеткен жөн.

Егер салымшы ЖТС төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаса, онда өтініште алуға болатын соманы ЖТС шегерімінсіз көрсету қажет.

Егер салымшы ЖТС-ті толық көлемде бірден төлеуді шешсе, онда ол өтініште алуға болатын соманы 10% мөлшеріндегі ЖТС-ті шегере отырып көрсетуі тиіс.

Екі сома да БЖЗҚ-дан берілетін үзінді көшірмеде салымшыға ыңғайлы әрі өз бетінше таңдау жасау үшін көрсетілген. Салымшы көрсеткен алуға болатын сома БЖЗҚ-дан уәкілетті операторда ашылған оның арнайы шотына аударылатын болады.

Үшінші себеп: салымшының өтінішінде алуға болатын сома ең төменгі жеткіліктілік шегі есепке алынбай көрсетілген (мысалы, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасы көрсетілген).

Ұсыным: өтініште салымшы БЖЗҚ-дан алған үзінді көшірмеде көрсетілген және алуға қолжетімді соманы көрсетуі керек.

Төртінші себеп: өтініште валюта бағамдарының немесе зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдары құнының өзгеруі нәтижесінде инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістер ескерілмеген өзекті емес сома көрсетілген.

Ұсыным: өзінің зейнетақы жинақтары туралы өзекті ақпаратты, оның ішінде қолжетімді сома туралы мәліметтерді біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға тікелей өтінім берер алдында тексеру.

Бесінші себеп: салымшы қайтадан, алдыңғы өтінімді тағы да  берді.

Ұсыным: күте тұрыңыз. Заңнамаға сәйкес БЖЗҚ-ға уәкілетті оператордан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде БЖЗҚ операторға кейіннен салымшының (алушының) уәкілетті оператор ашқан арнайы шотына есепке жатқызу үшін біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын аударады.

Егер БЖЗҚ-дан уәкілетті операторға бас тарту себебі көрсетілген, төлемді аударудан бас тарту туралы электрондық хабарлама келіп түспесе, онда салымшы жинақ сомасы оның арнайы шотына аударылғанша бес жұмыс күн тосып, уәкілетті операторға қайтадан өтініш бермей күте тұруы керек.

Естеріңізге сала кетейік, салымшының БЖЗҚ-да жеткіліктілік шегінен асатын сомасы болған кезде оны пайдалануға өтініш шексіз рет берілуі мүмкін. Егер қандай да бір себеппен салымшыға біржолғы зейнетақы төлемін алуға арналған өтінішті қанағаттандырудан бас тартылса, онда бас тарту себебін жойып, уәкілетті операторға қайта өтініш беруге болады. Егер салымшы өз жинақтарын әртүрлі мақсаттарға пайдаланғысы келсе, онда осы мақсаттарға алуға болатын сома шегінде жекелеген өтініштер беруге болады.

  1. Төлемді есептеу Әдістемесі өзгерді деп естідім. Ол енді қалай есептелетін болады?

БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысының (Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесіне 2-қосымша) ережелеріне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%  кем емес мөлшерде жүзеге асырылады. (Бұрын БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% кем емес мөлшерде жүзеге асырылған болатын).

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесіне сәйкес 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептелетін болады – 6,5 %.

Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептелетін болады – 5%.

Мысал келтірейік:

ЗЖ сомасы = 6 000 0000 теңге

Бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6 000 000*6,5%=390 000 теңге;

Бірінші жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 390 000/12 ай =32 500 теңге;

Екінші жылға арналған ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 32 500+ 32 500*5%=34 125 теңге.

Бұдан басқа, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесінде белгілі бір санаттарға жататын, яғни мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2-топтағы мүгедектігі бар, сондай-ақ, жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен кемінде алпыс ай жинақталатын зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген алушылар үшін  түзетілетін арттыру коэффициенттері көзделген. Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуін ғана емес, одан да көбін қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

Айта кету керек, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың аталған Әдістемесі 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырған адамдарға зейнетақы төлемінің жыл сайынғы мөлшері ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болмайды (2021 жылы 30 х 43 272= 1 298 160 теңге). Төлемдер бұрын таңдалған кесте бойынша жүзеге асырылады.  

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа Әдістемесіне сәйкес, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 наурызға (қоса алғанда) дейін іске асырған адамдарға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы зейнетақы төлемдері 5% мөлшеріндегі зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне ұлғайтылатын болады, ол кейіннен жыл сайын индекстеліп отырады.

Осылайша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа Әдістемесі алушылардың еңбек жағдайлары мен денсаулығының ерекшеліктерін ескереді, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан берілетін жыл сайынғы төлемдер мөлшерін ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.


13.04.2021ж. БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық табысы 217,9 млрд теңгені құрады 

 БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 наурызындағы негізгі көрсеткіштері  

2021 жылдың 1 наурызына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.03.2020 жылдан бастап 01.03.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 1,5 триллион теңгеден аса немесе 14% өсті. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,3 трлн теңге (жыл ішіндегі өсім – 14%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 314,5 млрд теңге (өсім 22%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге  (өсім 12%) жетті.

2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 наурызына дейінгі екі ай ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 217,9 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелгенін атап өткен жөн, бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78 млрд теңгеге (немесе 56%) артық. Ағымдағы жылдың кірістілік көрсеткіштері де өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен де асып түсті. Мәселен, 2021 жылдың басынан бергі кірістілік 1,3% инфляция кезінде 1,7%-ды құрады (өткен 2020 жылдың осындай кезеңіндегі кірістілік 1,3% инфляция кезінде 1,3% құрады). Егер кірістілікті жылдық мәнде қарайтын болсақ (2020 жылғы наурыздан бастап 2021 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айда), онда ол инфляция 7,4% болғанда 11,4%-ды (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 6% инфляция  кезінде 7,8% болды) құрады.

Салымшылардың шоттарына 2021 жылдың басынан бері жалпы көлемі 191,6 млрд теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 16,4 млрд теңгеге немесе 9%  асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 94,8% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша жүзеге асырылған 181,6 млрд теңге (өсім 9%) түсімдер құрады, 9,9 млрд теңге (өсім 13%) МКЗЖ бойынша түсті, 104 млн теңге (өсім 34%) ЕЗЖ бойынша аударылды.

Қордан төленетін төлемдер, ең алдымен, біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен айтарлықтай өсті. Тек екі айдың ішінде БЖЗҚ салымшыларына 704 млрд теңгеден астам төлем төленді, төлемдердің басым бөлігін 649,9 млрд теңге мөлшеріндегі БЗТ құрады. Төлемдер сомасы бойынша екінші орында сақтандыру ұйымдарына жасалған 19,3 млрд теңге аударымдар тұр. Одан кейін жасына байланысты төлемдер 15,9 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 13,3 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кету бойынша 4,5 млрд теңге, жерлеуге 0,9 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер 0,4 млрд теңге болды.  

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн бірлікті құрады (жыл ішіндегі өсім – 10%). Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды – 10 986 723 бірлік (жыл ішіндегі өсім 11%). Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 532 757 бірлік (өсім 4%), БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 60 177 бірлік (өсім 9%).        


13.04.2021ж. Тек екі айдың ішінде БЖЗҚ салымшылары 7 миллионнан астам қызмет алды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бастап 01.01.2021-01.03.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 7,2 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе көп. Айта кету керек, өсім электрондық қызметтер бойынша да, БЖЗҚ филиалдарында тікелей көрсетілген қызметтер бойынша да болды.

Виртуалды кеңістікте Қордың 6,6 миллион қызметі көрсетілді, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 91,8% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердің танымалдығы үш есе өсті. Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ сайтында да, мобильді қосымшасында да бар жеке кабинеттің көмегімен салымшылар үйден шықпай-ақ жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме, ЖЗШ-ның бар-жоғы туралы анықтама ала алады. Зейнетақы жинақтарының сомасын ішінара пайдалану және (немесе) ИПБ-ға аудару үшін тексеріп, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру және тағы да басқа көптеген қызметтерді ала алады.

Салымшылардың бір бөлігі бұрынғысынша Қазақстан бойынша орналасқан біздің филиалдарымызға өтініш білдіреді. 1 наурыздағы жағдай бойынша салымшылар БЖЗҚ бөлімшелерінде 581,8 мың қызмет алды, бұл өткен 2020 жылмен салыстырғанда 37,8 мың қызметке (немесе 6,9% - ға) артық.

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамыту екенін атап өту маңызды. 2021 жылдың алғашқы екі айында кері байланыс арналары арқылы салымшылардың өтініштерінің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда үш есеге артты. 2021 жылғы 1 наурызға 461,9 мың өтініш, ал 2020 жылғы 1 наурызға 146,8 мың өтініш түсті.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша call-орталықтан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) кеңес ала алады, сондай-ақ, кеңестерді  www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары арқылы және Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшаларынан алуға болады.


13.04.2021ж. БЖЗҚ мобильді қосымшаны жаңартты

Салымшыларға ыңғайлы болу және зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану мен басқарушы компанияларға аударудың жаңа мүмкіндіктерін ескере отырып, БЖЗҚ 2021 жылдың басынан бастап ұялы қосымшасын жаңартты.

Қосымша Қордың клиенттеріне арналған және оның қызметі туралы өзекті ақпаратты, сондай-ақ, зейнетақы шотының жай-күйі туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

ENPF мобильді қосымшасын Android және IOS базасындағы кез келген смартфонға немесе планшетке тегін жүктеп алуға болады. Авторлану үшін логин мен пароль пайдаланылады, оның көмегімен салымшы/алушы Қор сайтындағы жеке кабинетіне кіреді. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін сервис қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Бұл бағдарлама автоматты түрде жаңартылады, егер сіздің смартфоныңыз жаңартуларды қабылдамаса, Play Market немесе App Store қосымшасын пайдалана отырып, оның жаңа нұсқасын жүктеу арқылы жасауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, мобильді қосымшаның көмегімен жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы анықтама, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуға, сізді қызықтыратын мәселе бойынша өтініш жіберуге, мобильді кеңсенің шығуына, кері қоңырауға тапсырыс беруге, өз деректемелеріңізге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақының болжанатын мөлшерін есептеуге болады. Сондай-ақ, ол арқылы шоттың жай-күйін бақылауға, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістер туралы білуге, БЖЗҚ-ның жақын жердегі кеңсесінің орналасқан жерін көруге, тіпті байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.

Бұған тағы да жаңа функциялар қосылды – енді БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы мобильді қосымша арқылы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге не инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға аударуға пайдалану құқығын іске асыру үшін жеке зейнетақы шотындағы қаражатының жеткілікті екендігін біле алады. 

Смартфондарға арналған жаңартылған қосымшаның басты артықшылығы – оның «жеңілдетілген» нұсқа екендігінде. «Салмағы» қазір бұрынғыға қарағанда әлдеқайда аз: Android телефонына орнатқаннан кейін қосымшаның өлшемі - алдыңғы 384 Мб орнына 105 Мб, IOS - 300 Мб орнына 41 Мб болды. Google компаниясының Flutter платформасын қолдана отырып, жаңа нұсқа жасалды. Ол кең таралған және үлкен қауымдастықтың қолданысына ие, сонымен қатар көптеген кітапханалары мен мүмкіндіктері де бар, бұл қосымшаның көлемін азайтып, оның жауабын тездетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, пайдаланушы интерфейстің заманауи стандарттары бойынша толық қайта жобалау жүргізілді.

Бұл сервис салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бақылауға мүмкіндік береді.

Қазақстандықтар ENPF ұялы қосымшасының ыңғайлылығын жоғары бағалады. Егер 2021 жылғы 1 қаңтарда қосымшаны Android-ке 988 000, IOS-қа 314 000 жүктеу іске асырылған болса, ағымдағы жылғы 24 наурызға қарай бұл деректер Android-ке – 1 430 000, IOS-қа – 387 000 жүктеуді құрады. Осылайша, қосымшаны пайдаланушылардың жалпы саны үш айға да толмайтын қысқа мерзім ішінде жарты миллионнан асты (немесе шамамен 40%).


13.04.2021ж. БЖЗҚ төлем алуға өтініш бермеген зейнеткерлерді іздестіруде 

Ағымдағы жылы БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен зейнеткерлік жасқа толған, жасына байланысты зейнетақы төлемдері және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалған, бірақ зейнетақы жинақтарын төлеу үшін БЖЗҚ-ға өтініш бермеген адамдардың уәкілетті органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық жүйесінде бар екендігін салыстырып тексеруді жүзеге асыра бастады. Салыстырып тексеру, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу бойынша белсенді қызмет көрсету үшін мемлекеттік деректер базасында тіркелген алушылардың уәкілетті органда ұялы байланыс нөмірлерінің бар болуына жүргізілетін болады.

2018 жылғы 11 қазаннан бастап зейнеткерлік жасқа толуға байланысты бірыңғай өтініш беруге болатын «бір терезе» қағидаты бойынша композиттік қызмет енгізілгенін еске саламыз. Оның аясында зейнеткерлік жасқа толған алушы бірыңғай өтінішпен және құжаттар топтамасымен Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне (яғни ХҚО-ға) жүгінеді.

Алайда  БЖЗҚ ақпараттық жүйелерінде Қордан төлемдер жүзеге асырылмайтын 200 мыңнан аса шот (200 160) бар. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар бюджеттен қаражаттарын алып жатыр. Олардың көпшілігі зейнеткер қатарына 2018 жылдың 11 қазанына дейін қосылған.

БЖЗҚ салымшылардың деректерін сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізіп,  2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қордан төлемдер жүзеге асырылатын тұлғалардың тізімін жасақтады. Енді осы санатта бар адамдардың телефон нөмірлеріне (ол мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша белсенді қызмет көрсету ұсынылған sms-хабарлама жолданады. Келісім алынғаннан кейін бұл азаматтарға БЖЗҚ-дан төлемдер Мемлекеттік корпорацияға алушылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ұсынған банк шоттарына жіберілетін болады.

Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері ай сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады.

Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады. Әдістемеге сәйкес 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептелетін болады – 6,5 %.

Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептелетін болады – 5%.

Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем емес мөлшерде жүзеге асырылады (2021 жылы – 24 011,40 теңге = 70% * 34 302).

Егер өтініш берілген күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді (2021 жылы - 519 264 теңге = 12 * 43 272).

Егер кезекті ай сайынғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аз соманы құраған жағдайда, бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді.


13.04.2021ж. БЖЗҚ өз салымшыларына 704 миллиард теңгеден аса қаржы төледі  

2021 жылдың 1 наурызына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 385 500 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 704 миллиард теңгеге 585 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- біржолғы зейнетақы төлемдері – 649,9 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,3 млрд теңге;

- зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 15, 9 млрд теңг;е

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 13,3 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 4,5 млрд теңге;

- жерлеуге берілетін төлемдер – 0,9 млрд теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 0,4 млрд теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты)  28 322 теңгені құрап,  ай сайынғы ең жоғарғы төлем  сомасы 522 610 теңге болды. 


18.03.2021ж. Болашақ салымшыларға арналған «Ашық есік күні» 

«Ашық есік күні» - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналды. Алайда коронавирус (Covid-19) індетіне байланысты салымшылармен қазір Қор филиалдарында бетпе-бет кездесу өткізу мүмкін емес. Сондықтан БЖЗҚ қызметкерлері оны кезекті рет виртуалды кеңістікте өткізді.

Кез-келген адам онлайн-платформаның көмегімен үйінен шықпай-ақ онлайн-іс-шараға қосылып, «Ашық есік күніне» қатыса алды.

Іс-шараның тақырыбы – «БЖЗҚ-ның онлайн-қызметтері». Өткен 2020 жылы адамзаттың жаңа сынаққа тап болғаны белгілі – бұл covid-19 коронавирустық індеті. Бірқатар карантиндік шектеулер мен локдаун режимі қабылданды, осыған байланысты қызметтерді қашықтықтан, онлайн-форматта алу қажеттілігі өсті.

БЖЗҚ дамыған және дұрыс жолға қойылған электрондық технологиялардың арқасында алға қойылған міндетті атқара білді және виртуалды кеңістікте көрсетілетін қызметтер көлемін 92% дейін жеткізді. Бұл салымшыларға енгізілген шектеулерге қарамастан қажетті қызметтерді алуды жалғастыруға мүмкіндік берді. Ал әзірше ғаламтор әлемін енді ғана меңгеріп келе жатқан азаматтар үшін Ашық есік күні өткізілді. Біздің мамандар оларға жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға көмектесті, enpf.kz сайты мен мобильді қосымшада зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді қалай қадағалауға болатынын көрсетіп, шарттардың деректемелерін өзгертуді үйретті, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыларын есептеп берді. 

Іс-шараға  еліміз бойынша көптеген адам қатысты, олардың әрқайсысы электрондық форматта өткізілген  «Ашық есік күніне» ризашылығын білдіріп, Қор қызметкерлерінің қойылған сұрақтар бойынша ақпаратты түсінікті әрі қарапайым әдістермен жеткізе білетіндерін атап өтті.


12.03.2021ж. 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемді есептеуді жүзеге асыру Әдістемесі өзгереді

БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысының (Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесіне 2-қосымша) ережелеріне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%  кем емес мөлшерде жүзеге асырылады. (Бұрын БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% кем емес мөлшерде жүзеге асырылған болатын).

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесіне сәйкес 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептелетін болады – 6,5 %.

Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептелетін болады – 5%.

Мысал келтірейік:

ЗЖ сомасы = 6 000 000 теңге

Бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6 000 000*6,5%=390 000 теңге;

Бірінші жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 390 000/12 ай =32 500 теңге;

Екінші жылға арналған ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 32 500+ 32 500*5%=34 125 теңге.

Бұдан басқа, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесінде белгілі бір санаттарға жататын, яғни мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2-топтағы мүгедектігі бар, сондай-ақ, жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен кемінде алпыс ай жинақталатын зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген алушылар үшін  түзетілетін арттыру коэффициенттері көзделген. Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуін ғана емес, одан да көбін қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

Айта кету керек, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың аталған Әдістемесі 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырған адамдарға зейнетақы төлемінің жыл сайынғы мөлшері ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болмайды (2021 жылы 30 х 43 272= 1 298 160 теңге). Төлемдер бұрын таңдалған кесте бойынша жүзеге асырылады.  

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа Әдістемесіне сәйкес, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 наурызға (қоса алғанда) дейін іске асырған адамдарға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы зейнетақы төлемдері 5% мөлшеріндегі зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне ұлғайтылатын болады, ол кейіннен жыл сайын индекстеліп отырады.

Осылайша  зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа Әдістемесі алушылардың еңбек жағдайлары мен денсаулығының ерекшеліктерін ескереді, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан берілетін жыл сайынғы төлемдер мөлшерін ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.


12.03.2021ж. Жинақтары жоқ зейнетақы шоттарын жабу туралы

«БЖЗҚ» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және  ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларының 2021 жылдың 01 наурызынан бастап күшіне енгені туралы хабарлайды. Бұған сәйкес ЖЗШ зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда 1 (бір) ай өткен соң жабылады.

Осылайша  БЖЗҚ-да бұрын ашылған, оның ішінде адам жұмысқа тұрып, шот ашуға өтініш берген немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, бірақ қандай да бір себептермен аударымдар жасай алмаған жағдайларда, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары болған және зейнетақы жинақтарының барлық сомасы төленіп, аударым жүзеге асырылған ЖЗШ-ларға төлем не аударым жасалғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде зейнетақы жарналары түспеген жағдайларда мұндай ЖЗШ жабылады.

01.02.2021 жылы БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары жоқ шоттардың саны шамамен 121 мың бірлік.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есепке алынатын ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға өтінішті рәсімдеу мақсатында БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Шот алғашқы жарна келіп түскен кезде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылып, жеке тұлғаны сәйкестендіру зейнетақы жарнасын аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. Ал қолданыстағы құжаттың деректемелері мен өзге де деректемелері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан электрондық хабарлама алған күннен бастап салымшы МЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

Жұмыс беруші жарналарды бірінші жалақыдан МЗЖ сомасын ұстап қалған кезден бастап аударады, яғни МЗЖ-ны «нөл» (есепке алатын жинақтары жоқ) шоттардың туындауына жол берілмейді. 


10.03.2021ж. БЖЗҚ салымшыларының тең жартысы өз жинақтарын интернет арқылы бақылайды 

«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды (алушыларды) өздерінің жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы хабардар ету бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отырады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ кеңселеріне тікелей өзі келгенде, сондай-ақ, дәстүрлі пошта арқылы үзінді көшірме алу және электрондық тәсіл арқылы білуге болады.

Қазіргі уақытта ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпараттандырудың ең танымал тәсілі – электрондық тәсіл. 2021 жылдың 1 ақпанына оны 6,7 млн  астам ЖЗШ иелері таңдады. Бұл ретте 5 876 269 шоттың жай-күйі туралы салымшылар мен алушылар enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе ENPF мобильді қосымшасында біле алады. Осындай хабарлау тәсілін таңдағандар саны бір жыл ішінде 248 531 адамға көбейді.

БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта мекенжайы арқылы үзінді көшірмені 836 399 салымшы алады. Естеріңізге сала кетейік, ақпараттандырудың осы әдісіне сәйкес ЖЗШ-дан үзінді-көшірме салымшыға таңдалған кестеге сай электрондық пошта арқылы келеді.

Дәстүрлі пошта арқылы ақпараттандыру өз танымалдылығын біртіндеп жоғалтуда. 2021 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша осы тәсілмен 1 268 206 салымшы өз ЖЗШ-сын бақылайды екен. Бұл өткен 2020 жылғы 1 ақпанға қарағанда 81,9 мыңға аз. Егер салымшы ЖЗШ-дан үзінді көшірмені жылына бір рет дәстүрлі пошта арқылы алуды қалап, бірақ тұрғылықты мекенжайын өзгерткен болса, онда ол бұл туралы Қорға хабарлауы тиіс екенін естеріңізге саламыз. Айтқандай, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында мұны мекенжайы өзгергеннен кейінгі 10 күн ішінде жүзеге асыру қажет деп көрсетілген. Олай болмаған жағдайда, пошта операторы ЖЗШ-дан үзінді көшірмені мекенжай иесіне жеткізе алмайды және ол Қорға қайтып оралады, яғни Қор ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені келесі жылы мұндай салымшыға жібермейді.

БЖЗҚ  зейнетақы шотын кез-келген ыңғайлы тәсілмен үнемі қадағалап отыру қажеттілігін еске салады. Себебі, ол шоттың үнемі толықтырылып отырғанына және болашақ зейнетақыны жоспарлауға сенімді болу үшін керек.


10.03.2021ж. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлікпен басқару үшін  аударуға арналған өтінішті қалай жоюға болады? 

enpf.kz сайтында жаңа қызмет пайда болды 

2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельді басқарушы – ИПБ) инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалану құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді.

Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына:

- салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе

- өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде берілуі мүмкін. 

Зейнетақы жинақтарын аудару үшін бір немесе бірнеше ИПБ салымшысы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесінде өзі келгенде берілуі мүмкін. Зейнетақы жинақтарын аудару бойынша қадамдық нұсқаулық enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға сенімгерлікпен басқаруға аудару» бөлімінде орналастырылған.

БЖЗҚ салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 күн ішінде зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік сомасынан асатын бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аударуды жүзеге асырады. Мәлімделген соманы инвестициялық портфельді басқарушыға аударған сәтке дейін салымшы жинақтардың бір бөлігін сенімгерлік басқаруға аудару туралы өз шешімін өзгертіп, өтінішінің күшін жоя алады.

Осындай шешім қабылдаған салымшыға жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне немесе enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы өтініш беру қажет. Онда зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аударуға арналған өтініштің күшін жоюға болатын жаңа қызмет іске қосылды.

Күшін жою туралы өтінішті enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы берген кезде төмендегі әрекеттерді орындау қажет:

  • алдымен Жеке кабинетте авторлану қажет;
  • бұдан әрі Жеке кабинеттің «Қызметтер» - «Менің төлемдер/аударымдар туралы өтініштерім» шағын бөліміне ауысамыз;
  • одан соң сіз жойғыңыз келетін өтініштің «Өңдеуге қабылданды» мәртебесіне ие екеніне көз жеткізуіңіз керек;
    • әрі қарай, осы өтініштің егжей-тегжейін қарау кезінде таңдау үшін «Жою» батырмасы белсенді болады;
  • келесі қадам арқылы ұсынылған ақпаратпен танысу және онымен келісу/келіспеу және өтінішке жеке ЭЦҚ-мен қол қою қажет.

Қажет болған жағдайда күшін жою туралы өтінішті қарау және (немесе) жүктеу мүмкіндігі бар екенін ескеріңіз.


02.03.2021ж. БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 13 триллион теңгеден асты  

БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 ақпанындағы негізгі көрсеткіштері  

2021 жылдың 1 ақпанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.02.2020 жылдан бастап 01.02.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2,  триллион теңгеден аса немесе 21% өсті. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,8 трлн теңге (жыл басынан бергі өсім – 20%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 324,4 млрд теңге (өсім 29%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге  (өсім 13%) жетті.

2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 ақпанына дейінгі бір ай ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 176,7 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелгенін атап өткен жөн, бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 148,5 млрд теңгеге артық.

2021 жылдың басынан бері БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 88,9 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 млрд теңгеге немесе 3% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 93,3% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды – 82,8 млрд теңге (өсім 2%), 5,9 млрд теңге (өсім 20%) МКЗЖ бойынша келіп түсті, 29 млн теңге (өсім 82%) ЕЗЖ бойынша аударылды.

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады (жыл ішіндегі өсім 11%). Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды – 10 977 453 (жыл ішіндегі өсім 11%). Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 529 571 (өсім 4%), БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 59 034 (өсім 8%).

Төлемдер 73,8 млрд теңгені құрады, 2020 жылғы 1 ақпандағы көрсеткіштермен салыстырғанда сома 55,9 млрд теңгеге ұлғайды. Көп жағдайда мұндай өсу 2021 жылғы 30 қаңтарда Үкіметтің 2021 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының күшіне енуімен байланысты.

Осы күннен кейінгі бірінші жұмыс күні, 2021 жылдың 1 ақпанында БЖЗҚ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан БЖЗҚ-ға 25 қаңтарда келіп түскен өтініштер бойынша төлем жүргізуді бастады. Жинақтарды уәкілетті операторға аудару уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтініші келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда, яғни «Отбасы банк» АҚ-дан өтініштер түскен алғашқы күні жалпы сомасы шамамен 49 млрд теңге болатын 8 460 өтініш (немесе берілген өтініштердің жалпы санының 82%) тексеруден сәтті өтті. Дәл осы сома салымшылардың арнайы шоттарына аудару және әрі қарай мақсатты пайдалану үшін «Отбасы банк» АҚ-ға аударылды.

Осыған байланысты БЖЗҚ-дан төлемдер өсті. Сонымен қатар, төлемдер сомасы бойынша сақтандыру ұйымдарына да аударымдар жасалды (9,1 млрд теңге), одан кейінгі орында жасына байланысты төлемдер (6,5 млрд теңге), мұрагерлерге (5,9 млрд теңге), ҚР шегінен тыс ТТЖ шығу бойынша төлемдер (2,1 млрд теңге), жерлеуге арналған төлемдер (0,4 млрд теңге), мүгедектік бойынша төлемдер (0,2 млрд теңге).             


02.03.2021ж. БЖЗҚ  бұрынғыдан да ұтқыр бола түспек

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дамыған өңірлік желілері бар. Алайда Қазақстан аумағының кең байтақ екендігіне байланысты әрбір шалғай ауданда немесе елді мекенде БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерін ашу мүмкін емес. Сондықтан осы мәселені шешу үшін  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының  «Мобильді кеңсе» жобасының жұмыс істеп келе жатқанына биыл міне, үшінші жыл. «Мобильді кеңсе» – салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету үшін барлық қажеттіліктермен, соның ішінде  жерсеріктік байланыс құралдарымен жабдықталған заманауи шағын автобус.

Шалғайдағы елді мекен тұрғындары БЖЗҚ бөлімшелерінде көрсетілетін барлық қызметтерді «Мобильді кеңсе» арқылы ала алады. Атап айтқанда, жұртшылық шоттан үзінді көшірме алуға немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтініш беріп, ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашып, ақпараттандыру тәсілін өзгерте алады және т.б.

Қазіргі уақытта «Мобильді кеңсе» Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы  шалғай елді мекендерге қызмет көрсетуде.

БЖЗҚ 2021 жылдан бастап Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарының шалғайдағы елді мекендерін жылжымалы кеңселермен қамтыды.

«Мобильді кеңсенің»  шалғай аудандарға сапары жоспарланған кесте бойынша жүргізіліп, барлық бағыттар жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісіледі. Олар өз кезегінде тұрғындарды «Мобильді кеңсенің» келетіндігі туралы хабардар етеді.


26.02.2021ж. БЖЗҚ салымшыларының 2020 жылғы таза инвестициялық табысы 1,2 триллион теңгеден асты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2021 жылдың 1 қаңтарында 12,9 триллион теңгеден асты. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс кіреді.

2020 жылдың 12 айында салымшылардың шоттарына 1,2 трлн теңге мөлшерінде таза инвестициялық кіріс есептелді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі есеге жуық мөлшерге артық (01.01.2019 жылдан бастап 31.12.2019 жылға дейін таза инвестициялық кіріс 641,8 млрд теңге). Айта кетейік, 01.01.2020 жылдан бастап 31.12.2020 жылға дейін  инфляция 7,5% болған кезде кірістілік 10,92% құрады. 

Естеріңізге сала кетейік, жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсетін, есебін БЖЗҚ жүргізетін зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес күн сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа да операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. кіреді.

Жалпы алғанда, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс  4,7 трлн теңгеге жетті. 2021 жылдың 1 қаңтарына зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық табыстың үлесі 34,5% құрады.

Егер Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бергі кезеңді алатын болсақ,  таза инвестициялық табыс 5,5 триллион теңгеден асты. Осы уақыт ішінде инвестициялық кірістілік өсу қорытындысымен 602,90% құрады. Ал инфляция 496,65% болды. Осылайша 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 106,25%.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдаған орынды. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, ай сайынғы және т.б.) көрсеткіш болып табылмайды, өйткені, олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты.

Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе ұялы қосымшаның көмегімен бақылай алады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланып отырады.


26.02.2021ж. Сақ болыңыз, алаяқтар! 

БЖЗҚ салымшылары алаяқтардың фишингтік* шабуылдарына ұшырағандары туралы хабарлай бастады. Алаяқтар жіберетін хаттарда белсенділігі күдік тудыратын сайттарға сілтемелер тіркеліп, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгендігі айтылады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы (қазіргі «Отбасы банкі» АҚ) арнайы шотқа аудару туралы» деген мазмұнға ие жіберілімдер жасамайтынын ресми түрде мәлімдейді.

БЖЗҚ сонымен қатар салымшыларға (алушыларға) біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қатысты ешқандай хабарлама жібермейді және салымшының ешқандай дербес деректерін сұрамайды.

БЖЗҚ бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеу туралы ұсыным жасап, қатаң ескертеді. Ақпаратты тек БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтында және уәкілетті операторлар болып есептелетін банктердің интернет-ресурстарында тексеру қажет.

Анықтама:

* Фишинг – мақсаты пайдаланушылардың құпия деректері — логиндер мен парольдерге қол жеткізу болып табылатын интернет-алаяқтықтың бір түрі. Құпия деректерге танымал брендтер атынан электрондық хаттарды жаппай тарату, сондай-ақ, түрлі сервистер, мысалы, банктер атынан немесе әлеуметтік желілер ішінде жеке хабарламалар жіберу арқылы қол жеткізіледі. Хатта көбінесе осы сайттан сырт қарағанда еш айырмашылығы жоқ сайтқа немесе қайта бағыттау сайтына тікелей сілтеме болады. Пайдаланушы жалған парақшаға кіргеннен кейін, алаяқтар әртүрлі психологиялық әдістермен қолданушыны жалған парақшаға өзінің белгілі бір сайтқа кіру үшін пайдаланатын логині мен паролін енгізуге итермелеуге тырысады. Бұл алаяқтарға жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.


26.02.2021ж. БЖЗҚ  бұрынғыдан да ұтқыр бола түспек 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дамыған өңірлік желілері бар. Алайда Қазақстан аумағының кең байтақ екендігіне байланысты әрбір шалғай ауданда немесе елді мекенде БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерін ашу мүмкін емес. Сондықтан осы мәселені шешу үшін  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының  «Мобильді кеңсе» жобасының жұмыс істеп келе жатқанына биыл міне, үшінші жыл. «Мобильді кеңсе» – салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету үшін барлық қажеттіліктермен, соның ішінде  жерсеріктік байланыс құралдарымен жабдықталған заманауи шағын автобус.

Шалғайдағы елді мекен тұрғындары БЖЗҚ бөлімшелерінде көрсетілетін барлық қызметтерді «Мобильді кеңсе» арқылы ала алады. Атап айтқанда, жұртшылық шоттан үзінді көшірме алуға немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтініш беріп, ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашып, ақпараттандыру тәсілін өзгерте алады және т.б.

Қазіргі уақытта «Мобильді кеңсе» Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы  шалғай елді мекендерге қызмет көрсетуде.

БЖЗҚ 2021 жылдан бастап Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарының шалғайдағы елді мекендерін жылжымалы кеңселермен қамтыды.

«Мобильді кеңсенің»  шалғай аудандарға сапары жоспарланған кесте бойынша жүргізіліп, барлық бағыттар жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісіледі. Олар өз кезегінде тұрғындарды «Мобильді кеңсенің» келетіндігі туралы хабардар етеді.


26.02.2021ж. 2020 жылы БЖЗҚ салымшыларға 19,4 миллионнан астам қызмет көрсетті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылы бірқатар шектеу шаралары қабылданған эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық індетке (COVID-19) қарамастан, көрсетілетін қызметтер санын 2019 жылмен салыстырғанда 15%  ұлғайтты. Осылайша  2021 жылдың 1 қаңтарына қарай БЖЗҚ салымшыларға 19,4 млн қызмет көрсетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен  2,5 млн-ға артық.

БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерінің танымал болуының арқасында бұл көрсеткіш 92% (17,9 млн) асып, қызметтерінің басым көпшілігін Қор онлайн форматта көрсетті. БЖЗҚ сайтында да, мобильді қосымшасында да бар жеке кабинеттің көмегімен салымшылар мына қызметтерді үйден шықпай-ақ алды: жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, деректемелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқа көптеген қызметтер.

Салымшылардың бір бөлігі бұрынғысынша бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан біздің филиалдарымызға жүгінеді. Салымшылар БЖЗҚ бөлімшелерінде 1,4 млн қызмет алды.

Бұдан басқа, еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту үшін «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Қордың салымшылары мен алушыларына қызмет көрсету бойынша бірлескен жоба жүзеге асырылуда. Естеріңізге сала кетейік, «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі операцияларды жүзеге асыруға болады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) туралы келісімге қол қою.

Жалпы алғанда, 2020 жылы пошта операторының бөлімшелерінде бұл операциялар 6,3 мың рет пайдаланылды.

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамыту екенін атап өту маңызды. 2020 жылы салымшылардың кері байланыс арналары арқылы жасаған өтініштерінің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге артты. 2020 жылы 1,4 млн өтініш болса, 2019 жылы 705 мың өтініш түскен.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)  байланыс орталығына қоңырау шалып  кеңес ала алады. Сондай-ақ, кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы, Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі Қордың ресми парақшаларынан алуға болады.


25.01.2021ж. ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің күшіне енуі туралы

«БЖЗҚ» АҚ  Еуразиялық экономикалық комиссиясының 2019 жылдың 20 желтоқсанында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерімен бірлесіп әзірлеген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің 2021 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енгенін хабарлайды.

Бұл Келісімнің негізгі мақсаты – еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналасқан мемлекеттің азаматтары сияқты жағдайларда қалыптастыру, сақтау және іске асыру.

Келісімге сәйкес еңбекшілер болып ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында еңбек немесе өзге де қызметті жүзеге асыру арқылы зейнетақы құқықтары қалыптастырылатын не қалыптастырылған  Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Армения және Беларусь елдерінің азаматтары есептеледі.

Келісім Одақтың бір елінен екінші еліне зейнетақыны экспорттау тәртібі мен тетігін айқындап, зейнетақы алу құқығын анықтау үшін ЕАЭО мемлекеттеріндегі жұмыс өтілін жинақтауды көздейді.

Сонымен бірге еңбекшіні медициналық куәландыру, оның ішінде мүгедектігі бойынша зейнетақы тағайындау барысында сырттай медициналық куәландыру мәселесі реттелді. Сондай-ақ, Келісім күшіне енгенге дейін және одан кейінгі жұмыс кезеңдері үшін зейнетақы тағайындау мен төлеу тәртібін айқындайтын өтпелі ережелер бекітілді.

ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің еңбек етушіге зейнетақының жұмыс кезеңінде және жұмысқа орналасқан елдегі зейнетақы жарналарының аударымдарына барабар бөлігін төлейтінін ескере отырып, 01.01.2021ж. бастап еңбекшілер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын ресми ресімдеулері, яғни міндетті түрде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттарды уақытылы жасасулары қажет.

Бұл ретте Келісімге сәйкес жинақтаушы зейнетақыны, сондай-ақ, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша еңбек (сақтандыру) зейнетақыларын қоспағанда, зейнетақы алу құқығы еңбеккердің мүше мемлекеттің аумағында жинаған  кемінде толық 12 ай жұмыс өтілі болған кезде (Келісім күшіне енгеннен кейін), сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес туындайтынын атап өткен жөн.

Қазақстанда Келісімді іске асыру жөніндегі құзыретті орган БЖЗҚ болып табылады. Соған сәйкес Қорға еңбекшілер қажетті кеңес алу үшін, ал кейіннен құқықтарын қалыптастыру кезінде - өздері еңбек қызметін жүзеге асырған және жұмыс істеген кезеңдері үшін зейнетақы алу құқығына ие болған мүше мемлекеттердің құзыретті органдарына жіберу үшін құжаттармен жүгіне алады.

Қазақстанда Келісім еңбекшілердің БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі құқықтық қатынастарына қолданылады және тиісінше, ЕАЭО елдерінің еңбекшілері БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын қалыптастырған жағдайда, еңбекшілердің оларды алу құқығы Қазақстан  заңнамасына сәйкес туындайды:

- зейнеткерлік жасқа жеткен кезде;

 - егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2-топтағы мүгедектік белгіленген кезде,

 - ал БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар ЕАЭО елінің азаматы - еңбек етуші қайтыс болған жағдайда, оны біржолғы алу құқығы БЖЗҚ-ға Қазақстанның заңнамасында айқындалған құқық белгілейтін құжаттар ұсынған кезде оның мұрагерлеріне көшеді.

ЕАЭО-ның біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы өзара цифрлық іс-қимылға көшкенге дейін Тараптар қағаз құжат айналымын пайдаланатын болады.

Келісімнің толық мәтінімен Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01424533/itia_13012020 сілтемесі бойынша таныса аласыз.


18.01.2021ж. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану үшін жеткіліктілік шегі туралы 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын берді.

Осы құқықты зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын және болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмайтын зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік беретін жинақты қалыптастыра алған салымшылар пайдалана алады.

Бұл ретте азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ғана емес, сондай-ақ, оларды инвестициялаудан алынған инвестициялық табысты да қамтиды.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес «зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі»  салымшының зейнетақы жинақтарының нақты сомасын, сондай-ақ, оның болашақ зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысын қамтиды. Бұл зейнетақы жасына жеткен кезде оған ең аз зейнетақыдан кем емес зейнетақы табысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте болашақ жарналардың ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен емес табыстан аударылатыны есепке алынды. Егер кірістер жоғары болса, онда ең төменгі жеткіліктілік шегі тезірек қалыптасады, ал зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі төлемдер ең төменгі зейнетақыдан көп болады.

Жеткіліктілік шегін есептеуге арналған әдістеме мен өлшемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалады және әрбір жас үшін жеке есептеледі. 2021 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерінің алдын ала мөлшерлері төмендегідей:

Жасы

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі

жеткіліктілік шегі, теңгемен

20

1 710 000

21

1 780 000

22

1 860 000

23

1 930 000

24

2 010 000

25

2 090 000

26

2 170 000

27

2 250 000

d>

28

2 330 000

29

2 420 000

30

2 500 000

31

2 590 000

32

2 670 000

33

2 760 000

34

2 850 000

35

2 940 000

36

3 030 000

37

3 130 000

38

3 220 000

39

3 320 000

40

3 420 000

41

3 520 000

42

3 620 000

43

3 720 000

44

3 820 000

45

3 930 000

46

4 030 000

47

4 140 000

48

4 250 000

49

4 360 000

50

4 470 000

51

4 590 000

52

4 700 000

53

4 820 000

54

4 940 000

55

5 060 000

56

5 180 000

57

5 300 000

58

5 430 000

59 - 62

5 560 000

 

Өз жинақтарының жеткіліктілік шегіне сәйкестігін тексеру үшін салымшылар БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотынан үзінді көшірмені enpf.kz сайтындағы өзінің жеке кабинетінен, БЖЗҚ-ның жаңартылған ұялы қосымшасынан немесе egov.kz порталынан онлайн режімде ала алады. Үзінді көшірмеде жеткіліктілік шегі және нысаналы пайдалану үшін қолжетімді сома туралы ақпарат қамтылады.

Сайттағы жеке кабинетте және БЖЗҚ ұялы қосымшасында авторланудың екі тәсілі қолжетімді: электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану немесе ЖСН мен парольді енгізу.

Сондай-ақ, өз жинағыңыздың жай-күйін БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық поштаңыздың мекенжайына тұрақты түрде үзінді көшірме алу арқылы да тексере аласыз.

БЖЗҚ-дағы жинақтар туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі жылдам қол жеткізу үшін Қор Telegram мессенджерінде өзінің жеке ботын іске қосты, оның көмегімен де үзінді көшірме алуға болады.

Өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды «БЖЗҚ» АҚ өңірлік бөлімшелеріне жеке басыңызды куәландыратын құжатпен барып та тексере аласыз.

БЖЗҚ бөлімшелері жоқ шалғай аудандардың тұрғындары тізімі https://www.enpf.kz/ru/services/kazpost/index.php сайтында көрсетілген «Қазпошта» АҚ-ның авторландырылған бөлімшелеріне жүгініп, хабарлаудың кез келген ыңғайлы тәсілін таңдай алады.


12.01.2021ж. Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 2 триллион теңгеге жуық сомаға артты    

БЖЗҚ-ның 2020 жылдың 1 желтоқсанындағы негізгі көрсеткіштері  

2020жылдың 1 желтоқсанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,7 триллион теңге сомасында зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Ағымдағы жылдың басынан бері, яғни 01.01.2020 жылдан бастап 01.12.2020 жылға дейін сома 1,9 трлн теңгеге немесе 18%-ға артты. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,4 трлн теңге (2020 жылдың басынан бергі өсім – 18%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 309,6 млрд теңге (өсім 26%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге  (өсім 11%) жетті.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 желтоқсанға дейінгі кезең ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,13 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 531 млрд теңгеге (өсім 88%) артық. 

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2020 жылдың 1 желтоқсанында 11,6 миллион бірлікті (жыл басынан бергі өсім 10% ) құрады. Шоттардың басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 984 130 (өсім – 11%). Одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған шоттар – 526 111 (өсім – 3%). Ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ)  саны да біртіндеп көбейіп келеді, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны қазір 57 211 бірлік (өсім – 5%).     

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 958,8 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол 2019 жылдың 11 айындағы көрсеткіштен 75,8 млрд теңгеге немесе 9% асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 915,6 млрд теңге мөлшеріндегі түсімдер (өсім 9%) құрайды. 42,7 млрд теңгенің аударымы  МКЗЖ  бойынша (өсім 9%) жасалған, ал  480 миллион теңге  ЕЗЖ бойынша (өсім 54%) аударылған.    

Төлемдер 172,1 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі, атап айтқанда 34% жасы бойынша төлемдер (57,7 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (42,9 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (34,1 млрд теңге), мұрагерлерге (32,01 млрд теңге), жерлеуге (3,96 млрд теңге) берілген, мүгедектік бойынша төлемдер (1,4 млрд теңге).


12.01.2021ж. Ағымдағы жылы БЖЗҚ 17,4 миллионнан аса қызмет көрсетті 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 11 айы ішінде өз салымшыларына 17,4 миллион қызмет көрсетті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус індетіне (COVID-19) байланысты ағымдағы жылы қабылданған бірқатар шектеу шараларына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 10,9% немесе 1,7 млн. бірлікке артты.

Мұндай өсімге көбінесе БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерінің танымалдығының арқасында қол жеткізілді. Себебі, Қор қызметтерінің 92% (16,1 млн) онлайн форматта көрсетілген. БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, бұлар жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге және (немесе) көшуге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.

БЖЗҚ-ның 171 бөлімшесі барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қызметтерін жалғастыруда. Олар салымшыларға 11 ай көлемінде шамамен 1,3 миллион қызмет көрсетті. Сондай-ақ БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсететін бөлімдері де бар, олар 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қор  салымшыларына 83,7 мың қызмет көрсетті.

Бұдан басқа, еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту үшін «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Қордың салымшылары мен алушыларына қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыруда. БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ елді мекендерде салымшылар қызмет алу үшін бұрын жақын маңдағы ірі елді мекендерге бару қажет болған қызметтерді ала алады. 2020 жылдың 11 айында Қазпоштада Қор салымшылары 5,6 мыңға жуық қызмет алды.

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамыту. 2020 жылғы 1 қаңтардан 30 қарашаға дейін салымшылардың кері байланыс арналары арқылы жасаған өтініштерінің саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі еседен астамға ұлғайды: 2019 жылдың сәйкес кезеңінде 648,3 мың өтініш берілген болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 1,3 млн-ға жетті.

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)  байланыс орталығынан кеңес ала алады. Сонымен қатар кеңесті www.enpf.kz корпоративтік сайты, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы да алуға болады. 


12.01.2021ж. Биылғы жылы БЖЗҚ салымшыларына 172 миллиард теңгеден аса қаржы төленді  

2020 жылдың 1 желтоқсанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры  342 720 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 172,1 миллиард теңгеге 2,1 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 57,7 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 42,9 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 34,1 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 32,01 млрд теңге;

- жерлеуге берілетін төлемдер – 3,96 млрд теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 1,4 млрд теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты)  22 867 теңге, ал  ай сайынғы ең жоғарғы төлем 506 980 теңге болды. 


15.12.2020ж. БЖЗҚ филиалдары желтоқсанда қалай жұмыс істейді? 

Желтоқсан айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 171 қызмет көрсету кеңсесі барлық санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша күндізгі қызмет көрсету режимінде жұмысын жалғастыруда.

Күндізгі режимде қабылдауға жазылуды enpf.kz корпоративтік сайтында екі-үш әрекетпен-ақ оп-оңай іске асыруға болады. Сайттың басты бетіндегі «Электрондық сервистер» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет алу кезегін брондау» баннерін басып, әрі қарай Сіз Қор филиалдарына келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетіңізше таңдай аласыз.  

Филиалдардың жұмыс тәртібі жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері. Жұмыс күні барысында операциялық залдарда желдету, ылғалды тазалау (жұмыс үстелдерін, орындықтарды, есік тұтқаларын), дезинфекциялау/кварцтау жүргізіледі. Сонымен қатар филиалдарда әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер сызылып көрсетілген.

Мереке және демалыс күндері, яғни 16, 17, 18, 19 желтоқсанда қызмет көрсету кеңселері жұмыс істемейді. Алайда, 20 желтоқсан, жексенбі күні қызмет көрсету кеңселері алдын-ала жазылу бойынша күндізгі режимде 9:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ , 30 және 31 желтоқсан да жұмыс күндері болып есептеледі.

БЖЗҚ қызметтерінің кейбір түрлерін, мәселен, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелерді өзгерту, ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу және т. б. Сіз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде алуға болатынын естеріңізге саламыз (электрондық қызметтерді алу тәртібі бойынша нұсқаулықтар тиісті бөлімдерде қоса беріледі).

Қордың қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған барып қызмет көрсету  қызметі де жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметті бармай-ақ, қашықтан алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Азаматтарға барып қызмет көрсету барысында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтініштерді (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштерді) ресімдеу қызметі көрсетіледі. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға), (мерзімсіз уақытқа мүгедектік берілген 1-2 топ мүгедектері)  санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң түрде сақтай отырып, сапалы қызмет көрсету жүзеге асырылады.

Қор қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерін алу үшін қашықтықтан қолдау көрсетуге әрқашан дайын:

1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон байланысы арқылы өтініш жасау (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына жүгіну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары;

4) www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші;

5) өтініштерді enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жіберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік  желілердегі  аккаунттар.

«БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарының тізімі мен олардың жұмыс тәртібі сілтеме бойынша қолжетімді.


5 сұрақ айдары БЖЗҚ өзекті сауалдарға жауап береді 

1) Бірнеше жыл бұрын мен БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы Жеке кабинетке тіркелдім. Бірақ біраз уақыттан кейін паролін ұмытып қалдым. Кейінірек телефонымды жоғалтып алып, бұрынғы нөмірімді қайта қалпына келтірмедім. Енді маған Жеке кабинетке кіріп, үзінді көшірмені онлайн режимде қалай алуға болады? 

Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені Сіз ұялы қосымшадан, БЖЗҚ және электрондық үкімет сайттарынан көре аласыз. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан алуға болатын электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілтін пайдалануға болады.

Бұдан басқа, БЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген жекелеген деректемелерді (электрондық мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірі) сіз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып немесе БЖЗҚ кеңселерінің біріне жүгіну арқылы өзектендіре аласыз.

2) Жақында мен 63 жасқа толып, зейнеткер атандым. Бірақ жұмысымды одан әрі жалғастыра бергім келеді. Сіздерден сұрайын дегенім, енді менің жалақымнан міндетті зейнетақы жарналары аударыла ма, жоқ па?

Жоқ, аударылмайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

3) Қайырлы күн! Материалдық жағдайымның ауырлығына байланысты  мерзімі өткен және төленбеген екі несием бар. Айтыңызшы, бұл қарызды менің зейнетақы жинақтарымнан өндіріп ала ма? 

Жоқ, өндіріп алу мүмкін емес. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 3-тармағына сәйкес салымшының (алушының) борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе олардан өндіріп алуға жол берілмейді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 98-бабының 14-тармағына сәйкес өндіріп алу  салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына қатысты қолданылмайды.

4) Сәлеметсіз бе! Ағам қайтыс болғаннан бері бір ай мерзім өтті. Біз оның зейнетақы жинақтарын алу үшін қандай құжаттар қажет екенін және нақты қандай қаражат ала алатынымызды білсек деп едік.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 5-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) алушы, сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі- ЖЗШ) қаражаттан аспайтын мөлшердегі жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

Бұған қоса Заңның ережелерінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылатыны айқындалған.

Заңның 34-бабы 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асыруға міндетті. Аталған тәртіп, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізбесі  Қазақстан Республикасы Үкіметінің   02.10.2013 ж. № 1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларында айқындалған.

Төлем түріне, оларды БЖЗҚ-ға беру тәсіліне (өзі келгенде/пошта байланысы құралдары/үшінші тұлға арқылы жүгінген кезде) байланысты қажетті құжаттардың өзекті тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері және төлем валютасының түріне қарай оларды толтыру және сенімхат үлгілері www.enpf.kz мекенжайы бойынша БЖЗҚ-ның веб-сайтында орналасқан.

5) Коронавирус індетіне байланысты  жұмыс берушім біраз уақыт жалақы төлемеді. Егер мен ресми түрде жалданып жұмыс істейтін болсам, алдыңғы айлар үшін міндетті зейнетақы жарналарын өз бетімше аудара аламын ба? 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын салымшылар салымшы агентінің (жұмыс берушінің) аударуы арқылы төлейді. Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына  (бұдан әрі – ЗТМО) аудару арқылы өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – МЗЖ) мына жеке тұлғалар ғана төлей алады:

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке нотариустар;

- жеке сот орындаушылары;

- адвокаттар;

- кәсіби медиаторлар;

-азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;

- бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер.

Осылайша егер сіз жоғарыда аталған тұлғалар санатына жатпасаңыз, онда МЗЖ есебінен қалыптастырылған жеке зейнетақы шотын өз бетіңізше толықтыру мүмкін емес.


02.02.2020ж. Ағымдағы жылы БЖЗҚ салымшылары 1,1 триллион теңге инвестициялық табыс алды  

БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы 12,6 триллион теңгеден асты. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстың кіретіні белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсетін, есебін БЖЗҚ жүргізетін зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды.

Тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялық портфель инвестициялау түрлері, бағыттары, оның ішінде валюталар бойынша әртараптандырылған. Қазіргі уақытта инвестициялардың 2/3 жуығы теңгемен және 1/3 жуығы шетел валютасымен, оның басым бөлігі АҚШ долларымен номиналданған.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес күн сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа да операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. кіреді.

Ағымдағы жылдың 10 айында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 қазанына дейін салымшылардың шоттарына 1,1 трлн теңге мөлшерінде таза инвестициялық кіріс есептелді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе артық (01.01.2019 жылдан бастап 31.10.2019 жылға дейін таза инвестициялық кіріс 551,1 млрд теңгені құрады). Айта кетейік, 01.11.2019 жылдан бастап 31.10.2020 жылға дейінгі бір жыл ішіндегі кірістілік 7,1% инфляция кезінде 10,88% болды. Бұл ретте 2020 жылдың басынан бастап кірістілік 9,94%, ал инфляция 5,5% құрады.

Жалпы алғанда, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс шамамен 4,6 трлн теңгеге жетті. Есепті күнге зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық табыстың үлесі 34,5%.

Егер Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бергі кезеңді алатын болсақ, онда таза инвестициялық табыс 5,4 триллион теңгеден асты. Осы уақыт ішінде инвестициялық кірістілік өсу қорытындысымен 596,69% құрады. Ал инфляция 485,55% болды. Осылайша 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 111,14%.

Сонымен қатар зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыс мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезең үшін талдау керек. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, ай сайынғы және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, себебі олар күнделікті нарықтық жағдайға тәуелді.

Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе ұялы қосымшаның көмегімен бақылай алады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланып отырады.


02.02.2020ж. БЖЗҚ салымшылары 15 миллионнан аса қызмет алды  

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 10 айы ішінде өз салымшыларына 15,8 миллион қызмет көрсетті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус індетіне (COVID-19) байланысты ағымдағы жылы қабылданған бірқатар шектеу шараларына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 8% немесе 1,2 млн. бірлікке артты.

Ағымдағы жылдың 1 қарашасына қарай операциялардың жалпы көлемінің 14,5 миллионы (немесе 92%) электрондық форматта жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің танымалдығы 23,8% немесе 2,8 млн қызметке өсті. Осылайша  салымшылардың көпшілігінің БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен қызметтердің толық құрамын үйден шықпай-ақ алатынын көруге болады. Атап айтқанда, бұлар жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге және (немесе) көшуге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ-ның 200-ден астам бөлімшесі барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қызмет көрсетуде. Салымшылар 10 ай көлемінде 1,1 миллионнан аса қызмет алды. Бұдан басқа БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлімдері  1 қарашадағы жағдай бойынша Қор  салымшыларына 80,4 мың қызмет көрсетті.

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушыларына бағытталған ақпараттық арналарды дамыту. Ағымдағы жылдың он айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кері байланыс арналары бойынша салымшылардан түскен өтініштер саны екі еседен аса артты: 2020 жылы 1,2 млн өтініш қаралған болса, 2019 жылдың осындай кезеңінде 580,4 мың өтініш қабылданды.

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)  байланыс орталығынан кеңес ала алады. Сонымен қатар кеңесті www.enpf.kz корпоративтік сайты, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы да алуға болады. 


26.11.202ж. БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына 12,6 триллион теңге жиналды    

БЖЗҚ-ның 2020 жылдың 1 қарашасындағы негізгі көрсеткіштері  

2020 жылдың 1 қарашасына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.11.2019 жылдан бастап 01.11.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы екі  триллион теңгеден аса немесе 20% өсті. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,3 трлн теңге (жыл басынан бергі өсім – 17%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 305,7 млрд теңге (өсім 24%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,16 млрд теңгеге  (өсім 11%) жетті.

2020 жылдың басынан бастап 1 қарашаға дейінгі кезең ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,1 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге артық. 

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2020 жылдың 1 қарашасында 1 миллион бірлікке артты. 01.11.2019ж. ЖЗШ саны 10,6 (10 606 474) млн бірлікті құраса, 01.11.2020ж. бұл көрсеткіш 11,7 миллионнан асып түсті (11 732 725). Осылайша  бір жыл ішіндегі өсім 11% болды.

Шоттардың басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 985 056 (жыл басынан бергі өсім – 11%). Одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған шоттар – 523 872 (өсім – 3%). Ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ)  саны да біртіндеп көбейіп келеді, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны қазір 56 953 бірлік (өсім – 5%).     

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 867,05 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол 2019 жылдың 10 айындағы көрсеткіштен 67,1 млрд теңгеге немесе 8% асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 827,7 млрд теңге мөлшеріндегі түсімдер құрайды. 38,9 млрд теңгенің аударымы МКЗЖ бойынша жасалған, ал  409 миллион теңге  ЕЗЖ бойынша аударылған.    

Төлемдер 155,3 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі, атап айтқанда 33% жасы бойынша төлемдер (51,7 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (39,5 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (31,1 млрд теңге), мұрагерлерге (28,2 млрд теңге), жерлеуге (3,5 млрд теңге) берілген, мүгедектік бойынша төлемдер (1,3 млрд теңге).


25.11.2020ж. Жеке зейнетақы шотыңызды интернет арқылы бақылап отырыңыз 

«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды (алушыларды) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы хабардар ету жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ кеңселеріне тікелей келіп, сондай-ақ, дәстүрлі пошта арқылы үзінді көшірме алуға және электрондық тәсілдерді пайдалана отырып білуге болады.

Қазіргі кезде ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпарат алудың ең танымал тәсілі – интернет байланысы. Оны 6,6 млн-нан астам ЖЗШ иелері таңдады (барлық ЖЗШ-лардың жалпы санының 54,2%). Бұл ретте салымшылар мен алушылар 5 762 454 шоттың жай-күйі туралы enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе ENPF ұялы қосымшасы арқылы қалаған уақытында, әлемнің кез келген түкпірінен біле алады. Осындай хабарлау тәсілін таңдағандар саны бір жылда 225 125 адамға (4%) артты.

БЖЗҚ-ға берілген электрондық пошта мекенжайына жіберілетін үзінді көшірмені 853 954 адам алады. Ол шот иесіне өзі таңдаған кесте бойынша ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын келіп тұрады.   

Үзінді көшірмені дәстүрлі пошта арқылы алу тәсілін әлі күнге дейін 1 297 726 адам қолданады. Алайда пошта байланысын ақпарат алу тәсілі ретінде 2 939 233 салымшы мен алушы таңдаған 5 жыл бұрынғы, яғни 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда ол 44 % азайған. Ақпарат алудың бұл түріне деген қажеттіліктің едәуір төмендегінін осыдан-ақ көруге болады.  

«БЖЗҚ» АҚ егер салымшы (немесе алушы) ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені жылына бір рет дәстүрлі пошта арқылы алуды қалап, бірақ тұрғылықты мекенжайын өзгерткен болса, онда ол жайында Қорға хабарлауы тиіс екенін мәлімдейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында әлгіндей талапты мекенжайы өзгергеннен кейін 10 күн ішінде орындауы қажет деп көрсетілген. Бұлай болмаған жағдайда пошта операторы зейнетақы шотынан үзінді көшірмені адресатқа жеткізе алмай, ол Қорға қайтып оралады. Сондықтан БЖЗҚ келесі жылдан бастап хабарлау мәртебесі «анықталмаған» деп белгіленетін салымшыға(алушыға) үзінді көшірмені жібермейді. Қараша айының басында мұндай салымшылардың саны зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша шоттардың жалпы санының 1 млн-нан астамын немесе 8,8%  құрады.

Қор кеңселеріне «өзі келген кезде» ақпарат беру тәсілі 3 029 417 адамда айқындалған. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 1 938 547 өтінішті құрады. Өсім – 56,3%. Алайда бұл статистиканы көбінесе жаңадан ашылған шот иелерінің толықтырғанын ескерген жөн. Осыған байланысты БЖЗҚ зейнетақы жүйесіне жаңадан келгендерге 2019 жылдан бастап міндетті зейнетақы жарналары бойынша ЖЗШ ашу үшін шарт жасаудың қажеті жоқ екенін ескертеді. Бірінші жарна түскен кезде шот автоматты түрде ашылады. Жеке тұлғаны сәйкестендіру міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Мұндай шотты ашу кезінде хабарлау тәсілі автоматты түрде «Өз келіп, өтініш білдірген» болып айқындалады. Яғни, ЖЗШ-сы жақында ашылған барлық салымшыларға БЖЗҚ кеңсесіне жеке басын куәландыратын құжатпен келіп, қажетті хабарлау тәсілін таңдау ұсынылады. Сондай-ақ, мұны электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда enpf.kz сайты арқылы қашықтықтан жасауға болады.

БЖЗҚ  жеке зейнетақы шотын кез-келген ыңғайлы тәсілмен үнемі қадағалап отыру қажеттілігін ескертеді. Ол шотыңыздың үнемі толығып отыратынына көзіңізді жеткізіп, болашақ зейнетақыңызды жоспарлауда сенімді болуға мүмкіндік береді.  


25.11.2020ж.БЖЗҚ филиалдары жұмыстарын штаттық режимде жалғастыруда    

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 200-ге жуық бөлімшесі жұмыстарын қызмет көрсетудің қалыптасқан күндізгі режимінде, қауіпсіздіктің барлық санитарлық шараларын сақтай отырып жалғастыруда.

Алдын ала жазылудың қажет екенін естеріңізге саламыз. Күндізгі режимде қабылдауға жазылуды enpf.kz корпоративтік сайтында екі-үш әрекетпен-ақ оп-оңай іске асыруға болады. Сайттың басты бетіндегі «Электрондық сервистер» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет алу кезегін брондау» баннерін басып, әрі қарай Сіз біздің филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетіңізше таңдай аласыз.

Филиалдардың жұмыс тәртібі жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері. Түскі үзіліс кезінде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейін операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртіп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында жұмыс үстелін, орындықтарды, есік тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттық екі техникалық үзіліс  қарастырылған.  

Сонымен қатар  БЖЗҚ қызметінің өзге де түрлерін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелерді өзгерту, ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т. б. Сіз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде ала алатындығыңызды естеріңізге саламыз (электрондық қызметтерді алу тәртібі бойынша нұсқаулықтар тиісті бөлімдерде қоса беріледі).

Бұдан бөлек, БЖЗҚ-да қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған барып қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметті қашықтықтан, ешқайда бармай-ақ алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Азаматтарға барып қызмет көрсету барысында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтініштерді (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштерді) ресімдеу қызметі көрсетіледі. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға), (мерзімсіз уақытқа мүгедектік берілген 1-2 топ мүгедектеріне)  санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң түрде сақтай отырып, сапалы қызмет көрсету жүзеге асырылады.

БЖЗҚ қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерін алу үшін қашықтықтан қолдау көрсетуге әрқашан дайын:

1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон байланысы арқылы өтініш жасау (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына жүгіну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары;

4) www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші;

5) өтініштерді enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жіберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік  желілердегі  аккаунттар.

Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтік сайтында алдын ала онлайн режимінде тексеріп, кейіннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жіберу жолымен қызмет көрсету де қарастырылған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап БЖЗҚ бөлімшелеріне келуді талдау нәтижелері бойынша бизнес-үдерістерді оңтайландыру және шығыстарды қысқарту мақсатында шалғайдағы жұмыс орындары форматындағы, яғни Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген елді мекендерінде, сондай-ақ Нұр-сұлтан, Жезқазған және Семей қалаларында орналасқан жиырма тоғыз қызмет көрсету пункті өз қызметін тоқтатады.

«БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарының тізімі мен олардың мекенжайлары Қор сайтында көрсетілген.


23.11.2020ж. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 

БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 2020 жылдың басынан бері 1 трлн теңгеден асты 

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 12,5 трлн теңгеден асты.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің есепті күндегі құрылымы БЖЗҚ ресми сайтының «Көрсеткіштер» – «Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған: https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/a83/a83c7d2982754a42e05fbe6871e4292d.pdf

2020 жылдың 1 қазанына ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес 2020 жылға мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚР ҰБ (сенімгерлікпен басқарушы ретінде) төмендегідей қаржы құралдарына инвестициялар жасады:

  • ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 5 481,14 млрд теңгені (барлық портфельдің 43,77%) құрайтын, ал теңгеге номиналданған қағаздардың орташа алынған кірістілігі жылына 8,7%, АҚШ долларында жылына  4,4%-  құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары;
  • ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 707,9 млрд теңге (13,63%), теңгеге номинацияланған осы құралдар бойынша орташа алынған кірістілік жылына 10,6%, АҚШ долларында жылына 4,80% құрады;
  • ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 1 152,07 млрд теңге (9,2%). Жылдың басымен салыстырғанда ЕДБ облигацияларының үлесі 2,64% азайды. ҚР ЕДБ теңгеде номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,0%, АҚШ долларында жылына 6,3% құрады;
  • 659,56 млрд теңге (портфельдің 5,27%-ы) мөлшеріндегі сыртқы басқаруға берілген активтер. Өсімі 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 211% ұлғайған, ол есепті кезең ішінде мандат шарттарына сәйкес жүргізілген инвестицияларға негізделген. Бұл активтер бойынша жиынтық табыс 84,5 млрд теңгені құрады.

Активтер сондай-ақ, шетелдік және қазақстандық банктердің депозиттеріне (тиісінше, бүкіл портфельдің 4,91% және 1,98%), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттеріне (2,36% құрайды), инвестициялық шоттардағы ақша қаражатына (үлесі – 2,46%) және нарық талаптарына сай басқа да қаржы құралдарына әртараптандырылған.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі қаржы құралдарының инвестициялық портфелі мынадай:

ұлттық валютадағы инвестициялар – 69,51%, АҚШ долларында – 30,29 %, басқа валюталарда – зейнетақы активтері портфелінің  0,19% - ы.

Есептелген инвестициялық кірістің құрылымы төмендегідей сипатқа ие:

- бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша 612,28 млрд теңге;

- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер (шығындар) 51,76 млрд теңге;

- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер (шығындар)  364,78 млрд теңге;

- басқа активтерді қайта бағалаудан түскен кірістер (БҚҚ)  (5,49) млрд теңге;

- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер (шығындар)  84,50 млрд теңге;

- өзге кірістер – 3,98 млрд теңге.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2020 жылдың басынан бастап 1,1 трлн теңгені құрады. 2020 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 9,71%-ы, инфляция 4,90%-ды құрады. Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,81% - ға тең болды.

Бұл ретте 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2019 жылғы қазаннан бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 7,00% болған кезде 11,38%-ды құрады. Осылайша  соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,38% көрсеткішке ие болды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істегеннен бері салымшылар алған инвестициялық табыс 5 трлн теңгеден асты.


23.11.2020ж. БЖЗҚ өз салымшыларына 138 миллиард теңгеден аса қаржы төледі  

2020 жылдың 1 қазанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 297 253 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 138,5 миллиард теңгеге 1,6 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 46,1 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 36,1 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 27,6 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 24,5 млрд теңге;

- жерлеуге берілетін төлемдер – 3,01 млрд теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 1,1 млрд теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты)  22 739 теңгені құрап,  ай сайынғы ең жоғарғы төлем  сомасы 506 980 теңге болды. 


23.11.2020ж.БЖЗҚ салымшылары 14 миллионнан аса қызмет алды 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өз салымшыларына 14,03 миллион қызмет көрсетті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық індетке (COVID-19) байланысты бірқатар шектеу шараларының қабылдануына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштер 5% немесе 663 мың қызметке артты. Мұндай көрсеткіштерге онлайн-қызметтерді ұсынудың оңтайлы жүйесінің арқасында қол жеткізілді, себебі, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы операциялардың жалпы көлемінің 92,4% (немесе 12,96 млн) электрондық форматта жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің танымалдығы 20,2%  немесе 2,2 млн қызметке өсті.

Осылайша  салымшылардың көпшілігі БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен қызметтердің толық спектрін үйден шықпай-ақ алатынын көруге болады. Атап айтқанда, бұлар жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге және (немесе) көшуге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.

Шектеу шаралары жеңілдетілгеннен кейін БЖЗҚ-ның 200-ден астам бөлімшесі өз есіктерін айқара ашты. Онда қабылдауға алдын ала жазылу, желдету, ылғалды тазалау және дезинфекциялау сияқты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, біздің салымшыларымыз 9 айда 1 миллионға жуық, дәлірек айтқанда 993 044 қызмет алды. Бұдан басқа  БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлімдері  1 қазандағы жағдай бойынша Қор  салымшыларына 76,1 мың қызмет көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-ның кейбір қызметтері «»Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторының 300 бөлімшесінде де ұсынылады. Осылайша БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ қалалар мен ауылдардағы салымшылар бұрын жақын маңдағы ірі елді мекендерге баруды қажет еткен қызметтерді енді еш қиындықсыз алады. Жыл басынан бері «Қазпошта» бөлімшелерінде  салымшыларға 2930 қызмет көрсетілді. Ал «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі операция түрлерін жүзеге асыруға болады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімге қол қою (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін).

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушыларына бағытталған ақпараттық арналарды дамыту. Ағымдағы жылдың тоғыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кері байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтініштер саны екі еседен аса артты: 2020 жылы 1,1 млн өтініш қаралған болса, 2019 жылдың осындай кезеңінде 508,19 мың өтініш қабылданды.

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)  байланыс орталығынан кеңес ала алады. Сонымен қатар www.enpf.kz корпоративтік сайты, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы да кеңес алуға болады. 


23.11.2020ж. Ағымдағы жылы БЖЗҚ салымшылары 1 триллион теңге инвестициялық табыс алды  

БЖЗҚ-ның 2020 жылғы 1 қазандағы негізгі көрсеткіштері  

2020 жылдың тоғыз айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,5 триллион теңге мөлшерінде зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2019 жылдан бастап 01.10.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде бұл сома шамамен 1,9 триллион теңгеге немесе 20%-ға ұлғайды. Осындай ауыз толтырып айтуға болатындай, яғни өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 598,6 млрд теңгеге артық өсімге негізінен БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,08 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелгеннің арқасында қол жеткізілді.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 12,2 трлн теңгені құрады (2020 жылдың басынан бергі өсім – 16%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 301,9 млрд теңге (өсім – 23%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,14 млрд теңгеге жетті (өсім – 10%).

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 миллионға жуық бірлікке ұлғайды. 01.10.2019 жылы  ЖЗШ саны 10,6 млн бірлікті (10 576 023) құраса,  01.10.2020 жылға қарай 11,7 млн-нан (11 729 797) асты. Осылайша бір жылдағы өсім 11%   болды.

Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған – олар шамамен 11 миллион, дәлірек айтқанда 10 982 963 (жыл басынан бергі өсім – 11%). Одан әрі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан шоттар - 521 681 (өсім – 2%), ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) саны да біртіндеп өсуде, қазір БЖЗҚ-дағы осындай шоттар саны – 56 517 (өсім – 4%).

Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бері жалпы көлемі 777,07 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылды, бұл 2019 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 61,7 млрд немесе 9% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,4% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 740,2 млрд теңге мөлшеріндегі түсімдер құрайды, 35,2 млрд теңге МКЗЖ бойынша, ал 353 млн теңге ЕЗЖ бойынша жинақталған.

Төлемдер 138,5 млрд теңгені құрап, олардың басым бөлігі, атап айтқанда 33% жасына байланысты төлемдерге (46,1 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдарға (36,1 млрд теңге), ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету бойынша (27,6 млрд теңге), мұрагерлерге (24,5 млрд теңге), жерлеуге (3,01 млрд теңге), мүгедектік бойынша төлемдерге (1,1 млрд теңге) тиесілі болды.


23.11.2020ж. БЖЗҚ өзекті сауалдарға жауап береді  

  1. Сәлеметсіз бе, бір ай бұрын мен жеке кәсіпкер атандым және қазір кеңсе тауарларын сатумен айналысамын. Бұрын үлкен компанияда жұмыс істедім және мен үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеп отырған болатын, қазіргі уақытта ол жердегі жұмыстан шығып, тек жеке кәсіпкерлігіммен ғана айналысып жүрмін. Осыған байланысты БЖЗҚ-ға қандай сома салуым керек деген сұрақ туындайды. 

Жеке практикамен айналысатын адамдардың, жеке кәсіпкерлердің өз пайдасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуі тиіс міндетті зейнетақы жарналары оның алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде, бірақ жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан кем емес және жалақының 50 еселенген ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ең төменгі жалақы 42 500 теңгені құрайды.

Бұл ретте жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ жеке кәсіпкер өз пайдасына табысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайды. Табысы уақытша болмаған жағдайда жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз пайдасына ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Жеке кәсіпкер бола отырып, сіз жарналарды аудару жөніндегі агентке айналдыңыз. Агент міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді. Банктер мен ұйымдарда шоттары жоқ адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен енгізеді. Міндетті зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол емес тәсілмен төлеу банктер арқылы Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

  1. Қайырлы күн! Биылғы жылы қаржылық жағдайымның қиындауына байланысты маған микрокредиттік ұйымға жүгінуге және олардан қарыз алуға тура келді. Қазір мен оны төлей алмаймын, қаражатым тек күнделікті қажеттіліктеріме ғана жетеді. Олар мені сотқа жүгінеміз деп қорқытуда. Айтыңызшы, менен басқа БЖЗҚ-дан үзінді көшірмені кім ала алады және аударымдарым туралы кім біле алады? Алдын-ала алғысымды білдіремін. 

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 57-бабына сәйкес зейнетақы жинақтарының құпиясы зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға, салымшының (алушының) жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші тұлғаға ғана ашылуы мүмкін. Алайда  қажет болған жағдайда жеке зейнетақы шотындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар:

1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына – олардың жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;

2) соттарға – сот ұйғарымы негізінде олардың жүргізуіндегі істер бойынша;

3) сот орындаушыларына – сот санкциясы бойынша сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың жүргізуіндегі атқарушылық құжаттар бойынша;

4) мемлекеттік кіріс органдарына – тексерілетін тұлғаның міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) байланысты мәселелер бойынша;

5) прокурорға – оның қарауындағы материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде  берілуі мүмкін.

Бұлардан басқа, мәліметтер уәкілетті органға – салымшының (алушының) өтінішіне немесе оның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тексеруді жүзеге асыруына байланысты туындаған мәселе бойынша; қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға; салымшының (алушының) өкілдеріне – нотариат куәландырған сенімхат немесе сот шешімі негізінде; орталық атқарушы органға; Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жыл сайынғы міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға; ХҚКО-ларға салымшының (алушының) өтініші негізінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін берілуі мүмкін.

  1. Жаңалықтардан болашақта ерлі-зайыптылар үшін бірлескен аннуитет жасалуы мүмкін екенін естідім, осыған байланысты сұрақ туындайды, жұбайлар ажырасқан кезде зейнетақы жинақтары бірлесіп жинаған мүлік болып санала ма, жоқ па? 

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кездерінде жинаған мүлкі олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады; ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады. Алайда зейнетақы активтері заттық құқықтар санатына жатады. Яғни, зейнетақы жинақтарына ие салымшы да оның жұбайы да оларды пайдалана алмайды және билік те жүргізе алмайды. Бұл өкілеттіктер салымшыға зейнетақы жасына толуына немесе заңда көзделген өзге де негіздерге сәйкес  зейнетақы жинақтарын алған кезде ғана қолжетімді болады. Осылайша  «БЖЗҚ» АҚ-дағы және салымшы алмаған зейнетақы жинақтары ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып танылмайды.

  1. Сәлеметсіз бе, мен қазіргі коронавирус індеті кезінде тіпті әйгілі әлемдік компаниялардың да шығынға ұшырап жатқанын көріп отырмын. Сондықтан менің зейнетақы жинақтарым қаншалықты қорғалған? Ертең жинақ ақшамды жоғалтпайтыныма қандай да бір кепілдік бар ма? 

Уайымдауға еш негіз жоқ, өйткені, қазақстандық жинақтаушы жүйе зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік жүйесімен ерекшеленеді. Зейнетақы активтерінің сақталу кепілдігі барлық жинақтардың акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал сенімгерлік басқарушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын БЖЗҚ-ға жинақталуы арқылы да қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді. Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады. Басқаша айтқанда, Мемлекеттік корпорация барлық аударылған жарналардың сомасын жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған бүкіл кезеңдегі инфляция деңгейімен есептейді және салымшының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарымен салыстырады. Белгіленген күнге зейнетақы жинақтары қалдығының сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ береді. Егер зейнетақы жинақтарының қалдығы инфляция деңгейін ескере отырып, жарналардың есептелген сомасынан төмен болса, онда мемлекет бұл айырманы өтейді. Бұл салымшылардың жинақтары сенімді қорғалғанын білдіреді және ол  қаржы нарығындағы оқиғалардың қалай дамитынына және инвестициялық табыстың қандай жағдайда қалыптасатынына байланысты емес.

  1. Жақында мен БЖЗҚ-ға міндетті жарналардан басқа ерікті зейнетақы жарналарының да аударылатынын оқыдым. Олардың артықшылығы неде? 

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – бұл салымшының бастамасы бойынша БЖЗҚ-ға өз пайдасына, не өзге зейнетақы төлемдерін алушының шотына аударатын ақша. Ерікті зейнетақы жарналарын жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да жүзеге асыра алады. Тіпті кәмелетке толмағандардың өзі ЕЗЖ туралы шарт жасай алады. Бірақ мұндай кезде қажетті құжаттар пакетін заңды өкіл ұсынуы керек.

ЕЗЖ артықшылықтарының бірі – салымшы олардың мөлшері мен кезеңділігін өз бетінше анықтай алады. Сонымен қатар, сіздің жинақтарыңызға міндетті зейнетақы жарналарыңыз сияқты активтеріңізді көбейтуге мүмкіндік беретін инвестициялық табыс есептеледі. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді 50 жастан бастап алуға болатындығын жағымды бонус деп қабылдауға болады.

ЕЗЖ бойынша өз пайдасына жеке зейнетақы шотын enpf.kz сайтындағы «Электрондық сервистер» бөлімінде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен ашуға болады. БЖЗҚ кеңсесіне жеке куәлікпен келу керек. Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеуге болады. Айтпақшы, олардың кейбіреулері ерікті зейнетақы жарналарын ұялы қосымша немесе терминалдар арқылы  төлеу қызметін ұсынады.

Егер салымшы ЕЗЖ туралы шартты өз пайдасына жасаса, онда оның жеке куәлігі ғана жеткілікті. Егер үшінші тұлғаның пайдасына болса, онда екеуінің де жеке басын куәландыратын құжаттар қажет болады. Заңды тұлғалар enpf.kz сайтында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қазанында БЖЗҚ-да ЕЗЖ бойынша 56,5 мыңнан астам жеке зейнетақы шоты ашылды. Оларда 2,14 млрд теңгеден астам қаражат жинақталған.


23.11.2020ж. «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады  

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау»  

2020 жылдың 27 қарашасы күні  БЖЗҚ «Ашық есік күнін» өткізеді. 

Күн тәртібіндегі басты мәселе колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін Қордың жұмысымен және еліміздің зейнетақы жүйесімен таныстыру болады. Көпшілігі болашақта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына айналады, бірақ қазірдің өзінде біз олардан көптеген сауалдар күтеміз.

БЖЗҚ мамандары оларға Қазақстанның зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, өздерінің зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңыздылығы, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері туралы баяндап, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны есептейді. Қордың салымшылармен өзара іс-қимыл арналары туралы және тағы басқа көптеген ақпаратпен бөліседі.

Ашық есік күніне қатысуға ниет білдірген әр адамның үйден шықпай-ақ, іс-шара тақырыбы ғана емес, жалпы зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сауалдарға жауап алу мүмкіндігі болады. 

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 10.00 және 15.00 де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e9a4e18b3d23a985fca744ecc1565bb36 бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 176 380 5602 және event-мәжіліс паролін 2ibMJ75 енгізіңіз.

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушылар мен барлық қатысуға ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!    


30.10.2020ж. БЖЗҚ салымшылары 14 миллионнан аса қызмет алды 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өз салымшыларына 14,03 миллион қызмет көрсетті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық індетке (COVID-19) байланысты бірқатар шектеу шараларының қабылдануына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштер 5% немесе 663 мың қызметке артты. Мұндай көрсеткіштерге онлайн-қызметтерді ұсынудың оңтайлы жүйесінің арқасында қол жеткізілді, себебі, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы операциялардың жалпы көлемінің 92,4% (немесе 12,96 млн) электрондық форматта жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің танымалдығы 20,2%  немесе 2,2 млн қызметке өсті.

Осылайша  салымшылардың көпшілігі БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен қызметтердің толық спектрін үйден шықпай-ақ алатынын көруге болады. Атап айтқанда, бұлар жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге және (немесе) көшуге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.

Шектеу шаралары жеңілдетілгеннен кейін БЖЗҚ-ның 200-ден астам бөлімшесі өз есіктерін айқара ашты. Онда қабылдауға алдын ала жазылу, желдету, ылғалды тазалау және дезинфекциялау сияқты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, біздің салымшыларымыз 9 айда 1 миллионға жуық, дәлірек айтқанда 993 044 қызмет алды. Бұдан басқа  БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлімдері  1 қазандағы жағдай бойынша Қор  салымшыларына 76,1 мың қызмет көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-ның кейбір қызметтері «»Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторының 300 бөлімшесінде де ұсынылады. Осылайша БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ қалалар мен ауылдардағы салымшылар бұрын жақын маңдағы ірі елді мекендерге баруды қажет еткен қызметтерді енді еш қиындықсыз алады. Жыл басынан бері «Қазпошта» бөлімшелерінде  салымшыларға 2930 қызмет көрсетілді. Ал «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі операция түрлерін жүзеге асыруға болады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімге қол қою (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін).

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушыларына бағытталған ақпараттық арналарды дамыту. Ағымдағы жылдың тоғыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кері байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтініштер саны екі еседен аса артты: 2020 жылы 1,1 млн өтініш қаралған болса, 2019 жылдың осындай кезеңінде 508,19 мың өтініш қабылданды.

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)  байланыс орталығынан кеңес ала алады. Сонымен қатар www.enpf.kz корпоративтік сайты, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы да кеңес алуға болады. 


23.10.2020ж. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының құрылымы қандай? 

Соңғы кездері біздің салымшылар арасындағы ең өзекті сауал зейнетақы жинақтарының сомасына қатысты болып жүр. 

Отандастардың көпшілігін БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «ала аламыз ба?» деген сауал толғандыруда.  

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында 2021 жылы БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін ала алатындықтары туралы айтты.   

Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді түпкілікті қабылдау үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. 

Ал әзірше салымшыларымыздың 2020 жылдың 01 қыркүйегіндегі зейнетақы жинақтарының бүкіл ел көлеміндегі құрылымын ұсынамыз.  

Сонымен өз шоттарында зейнетақы жинақтары бар 10 870 610 міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) 5 615 939 – ерлер болса, 5 254 671 – әйел азаматшалар. Олардың жалпы жинағы 11 942 813 млн. теңге, оның ішінде 7 040 032 млн. теңге ер азаматтарға тиесілі, ал  4 902 781 млн. теңге – әйелдердің шотында.

Мына сомадағы зейнетақы жинақтарына: 

500 мың теңгеге дейін – 5 906 632 адам;

501 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін - 1 590 837 адам;

1 млн. теңгеден 3 млн. теңгеге дейін - 2 348 114 адам;

3 млн. - 5 млн. теңгеге дейін - 634 188 адам;

5 млн. - 8 млн. теңгеге дейін - 238 931 адам;

8 млн. теңгеден асатын сомаға - 151 908 адам ие.

Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1 254 мың теңге, ал әйелдерде – 933 мың теңге. Алайда бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыста болған кезең ішінде жарналарды тұрақты түрде аударып отырған адамдардың зейнетақы жинақтарын бағалайтын болсақ, онда 1998 жылдан бері зейнетақы жарналарын ай сайын  аударып отырған салымшылардың арасында ер азаматтардың жинақтарының орташа сомасы 5,8 млн теңге, ал әйелдерде  4,4 млн теңге.  


23.10.2020ж. БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 12,2 триллион теңгеден асты 

«БЖЗҚ» АҚ-дағы зейнетақы жинақтары ағымдағы жыл басынан бері 1,4 трлн теңгеге немесе 13%-ға ұлғайды. Осылайша 2020 жылдың 1 қыркүйегінде зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 12,2 трлн теңгеден асып түсті. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты, оның мөлшері 11,9 трлн теңге немесе жинақтардың жалпы көлемінің 97,6% құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 294 млрд теңге (өсім 2,4%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден (өсім 0,02%) асты.

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 685,6 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол алдыңғы жылдың 8 айындағы көрсеткіштен 8% асып түсті.    

Жыл басынан бергі төлемдер 117,5 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасы бойынша төлемдерге (39,5 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (23,3 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (31,5 млрд теңге), мұрагерлерге (19,8 млрд теңге), жерлеуге (2,4 млрд теңге) берілген.

2020 жылдың басынан бастап 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қор салымшыларының шоттарына 871,9 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 443,1 млрд теңгеге артық. Ал 2019 жылдың 8 айындағы таза инвестициялық табыс 428,8 млрд теңгені құрағанын естеріңізге саламыз.


12.10.2020ж. БЖЗҚ салымшылары 11 миллионнан астам қызметті онлайн форматта алды  

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша өз салымшыларына 11,8 миллион қызмет көрсетті. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштер аздап, 0,9%-ға төмендеді. Бұл ретте қауіпті вирустың таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шектеу шараларын қабылдауға тура келген эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық індетке (COVID-19) қарамастан  БЖЗҚ салымшылары қызметтерді толық көлемде алуды жалғастырды.

БЖЗҚ салымшыларына көрсетілген қызметтер көлемін жоғары деңгейде сақтап қалуға Қордың электрондық жүйелерінің озық жұмыс істеуінің арқасында қол жеткізілді. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне көрсетілген барлық қызметтердің 92,4%  немесе 10,9 млн. операция онлайн-форматта өткізілді. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің танымалдығы 13,2%  өсті. БЖЗҚ-ның сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинет арқылы  салымшылардың көпшілігі үйден шықпай-ақ бірқатар қызмет түрлерін ала алады, олар: жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, жеке зейнетақы шотының деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге және (немесе) көшуге байланысты берілген өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау және т.б.

Шектеу шаралары жеңілдетіліп, Қор филиалдары күндізгі жұмыс режимінде ашылғаннан кейін  қабылдауға алдын ала жазылу, желдету, ылғалды жинау және дезинфекциялау сияқты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, салымшылардың бір бөлігіне Қордың кеңселерінде қызмет көрсетіле бастады. 2020 жылдың сегіз айында филиалдарда 820,8 мың қызмет көрсетілді.

БЖЗҚ-ның Барып қызмет көрсету бөлімдері 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қор салымшыларына 74,4 мың қызмет көрсетті. Қазіргі уақытта осы бөлімдер қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтап, штат санының 50%-дан аспайтын санын тарта отырып, жұмыс істеуде. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметтерді онлайн немесе жүзбе-жүз алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштер) және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын (1-2 топтағы мүгедектер) салымшыларға (алушыларға) барып қызмет көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда, олар барып қызмет көрсетуді барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жүзеге асырады.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-ның кейбір қызметтерін «Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторының 300 бөлімшесінен де алуға болады. Мәселен, салымшылар үшін  бұрын жақын маңдағы ірі елді мекендерге бару қажет болған қызметтерді және БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ ауылдардағы қызметтерді де алу мүмкіндігі пайда болды. Осылайша жыл басынан бері «Қазпошта» бөлімшелері арқылы  салымшылар  2392 қызмет алды.

Айта кетейік, БЖЗҚ міндеттерінің бірі - сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамыту. Ағымдағы жылдың 8 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салымшылардың кері байланыс арналары арқылы жасаған өтініштерінің саны 2,4 есеге ұлғайды, 2019 жылдың сәйкес кезеңінде 410,7 мың өтініш берілсе, 2020 жылы  942,3 мың өтініш берілді.

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі арқылы (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) байланыс орталығына қоңырау шалып, кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша  WhatsАpp және Viber чат-боттары арқылы және БЖЗҚ-ның Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан алуға болатынын естеріңізге саламыз.


30.09.2020ж. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының құрылымы қандай?  

Соңғы кездері біздің салымшылар арасындағы ең өзекті сауал зейнетақы жинақтарының сомасына қатысты болып жүр. 

Отандастардың көпшілігін БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «ала аламыз ба?» деген сауал толғандыруда.  

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында 2021 жылы БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін ала алатындықтары туралы айтты.   

 Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді түпкілікті қабылдау үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. 

Ал әзірше салымшыларымыздың 2020 жылдың 01 қыркүйегіндегі зейнетақы жинақтарының бүкіл ел көлеміндегі құрылымын ұсынамыз.  

Сонымен өз шоттарында зейнетақы жинақтары бар 10 870 610 міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) 5 615 939 – ерлер болса, 5 254 671 – әйел азаматшалар. Олардың жалпы жинағы 11 942 813 млн. теңге, оның ішінде 7 040 032 млн. теңге ер азаматтарға тиесілі, ал  4 902 781 млн. теңге – әйелдердің шотында.

Мына сомадағы зейнетақы жинақтарына: 

500 мың теңгеге дейін – 5 906 632 адам;

501 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін - 1 590 837 адам;

1 млн. теңгеден 3 млн. теңгеге дейін - 2 348 114 адам;

3 млн. - 5 млн. теңгеге дейін - 634 188 адам;

5 млн. - 8 млн. теңгеге дейін - 238 931 адам;

8 млн. теңгеден асатын сомаға - 151 908 адам ие.

Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1 254 мың теңге, ал әйелдерде – 933 мың теңге. Алайда бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыста болған кезең ішінде жарналарды тұрақты түрде аударып отырған адамдардың зейнетақы жинақтарын бағалайтын болсақ, онда 1998 жылдан бері зейнетақы жарналарын ай сайын  аударып отырған салымшылардың арасында ер азаматтардың жинақтарының орташа сомасы 5,8 млн теңге, ал әйелдерде  4,4 млн теңге.  


30.09.2020ж. БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 12,2 триллион теңгеден асты  

«БЖЗҚ» АҚ-дағы зейнетақы жинақтары ағымдағы жыл басынан бері 1,4 трлн теңгеге немесе 13%-ға ұлғайды. Осылайша 2020 жылдың 1 қыркүйегінде зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 12,2 трлн теңгеден асып түсті. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты, оның мөлшері 11,9 трлн теңге немесе жинақтардың жалпы көлемінің 97,6% құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 294 млрд теңге (өсім 2,4%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден (өсім 0,02%) асты.

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 685,6 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол алдыңғы жылдың 8 айындағы көрсеткіштен 8% асып түсті.    

Жыл басынан бергі төлемдер 117,5 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасы бойынша төлемдерге (39,5 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (23,3 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (31,5 млрд теңге), мұрагерлерге (19,8 млрд теңге), жерлеуге (2,4 млрд теңге) берілген.

2020 жылдың басынан бастап 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қор салымшыларының шоттарына 871,9 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 443,1 млрд теңгеге артық. Ал 2019 жылдың 8 айындағы таза инвестициялық табыс 428,8 млрд теңгені құрағанын естеріңізге саламыз. 


30.09.2020ж. БЖЗҚ салымшыларының шоттарына жыл басынан бері 871,9 млрд теңгеден аса таза инвестициялық табыс есептелді   

2020 жылдың басынан бастап 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 871,9 млрд теңгеден аса таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 443,1 млрд теңгеге артық. Ал 2019 жылдың 8 айындағы таза инвестициялық табыс 428,8 млрд теңгені құрағанын естеріңізге саламыз.

Зейнетақы активтерінің 8 айдағы табыстылығы 7,88% құрады, ал инфляция 4,6% болды. Жылдық (тамыз 2019 - тамыз 2020) табыстылық 10,1% көрсетсе, инфляция 7% құрады. Осылайша нақты табыстылық оң нәтиже көрсетті.   

Егер одан ұзағырақ кезеңдерді қарастыратын болсақ, зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарған 2014 жылдан бастап 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі кезең ішіндегі табыстылық 83,2%-ға жетсе, инфляция 64,6% болды. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 18,6% асып түсті.   

Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген 1998 жылдан бастап 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі таза инвестициялық табыс 5 трлн теңгеден асты. Осы уақыт ішіндегі инвестициялық табыстылықтың біртіндеп өсу нәтижесі 583,6% құрады. Бұл реттегі инфляция деңгейі біртіндеп өсу нәтижесімен 480,6% болды. Сөйтіп, зейнетақы активтерінің 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі нақты табыстылығы 103%-ды көрсетті.


16.09.2020ж. БЖЗҚ қызметтерін үйден шықпай-ақ қалай алуға болады? 

Коронавирус індеті (Covid-19) өмірімізге көп өзгеріс енгізді. Көптеген әлемдік компаниялар өз қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге ауыстырды, адамдар үйлерінен артық сылтаумен шықпауға тырысады және барлық қызметтерді онлайн режимінде алғысы келеді.

Қазақстанда енгізілген шектеу шараларына қарамастан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары алған қызметтер саны азаймақ түгілі, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама артқанын байқауға болады. Мұндағы жетекші рөлді қызметтерді электрондық форматта ұсынудың жолға қойылған жүйесі атқарды.

2020 жылдың 1 тамызында БЖЗҚ салымшыларына 10,7 миллион қызмет көрсетілді, ол 2019 жылмен салыстырғанда 106 мың қызметке көп (өсім – 1%). Жаңа технологиялардың дамуы мен электрондық жүйелердің озық жұмыс істеуінің арқасында барлық қызметтердің 92,2% немесе 9,86 млн. операция онлайн түрінде жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің танымалдылығы 15,2%  өсті. Осы талдаудан көріп отырғанымыздай, қазіргі уақытта Қор салымшыларының көпшілігі қызметтердің толық спектрін үйден шықпай-ақ алады.

БЖЗҚ-ның онлайн қызметтерін алу үшін Қордың  www.enpf.kz сайтына тіркелсеңіз немесе ENPF ұялы қосымшасын жүктеп алсаңыз жеткілікті. Өз компьютеріңіз, ноутбугыңыз, смартфон немесе планшетіңізден жеке зейнетақы шотыңызда жатқан ағымдағы соманы көріп, үзінді көшірме алып, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыңыздың мөлшерін есептеп алуыңызға болады. Оларға электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин (оның орнына ЖСН қолданылады ) мен пароль арқылы кіре аласыз. Логин мен пароль тіркелген болуы тиіс, ол үшін интернет-хабарландыру тәсілін таңдағаныңыз дұрыс.

 Қазіргі сәтте БЖЗҚ-дан электрондық қызметтердің төмендегі түрлерін алуға болады:

1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру (өз пайдасына) туралы шарт жасау; 

2) деректемелерге, соның ішінде хабарландыру тәсіліне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу; 

3) жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірме алу;

4) ЖЗШ-дан үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алу; 

5) ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу; 

6) ЖЗШ ашу туралы өтініштің/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың жаңа редакциясын («телнұсқа») алу;  

7) мерзімсіз уақытқа 1 және 2 топ мүгедектігі белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру; 

8) төлем жасау және (немесе) қоныс аудару және т.б. туралы өтініштердің мәртебесін қадағалау. 

БЖЗҚ тек сайт пен қосымшадағы жеке кабинетті дамытумен ғана шектелмей, өз салымшыларына ыңғайлы болу үшін танымал мессенджерлерге түрлі функцияларды белсенді түрде енгізуде. Мысалы, Қорда танымал Telegram мессенджеріне арналған арнайы бот бар. Онда көптеген түрлі функциялар, соның ішінде бастапқы кеңес алу қызметі ұсынылған. Мәселен, үйден шықпай-ақ, тікелей өз смартфоныңыздан шағын үзінді-көшірмені алып, жеке кабинетке кіретін парольді қалпына келтіре аласыз.  БЖЗҚ-ның өзекті жаңалықтарымен және ағымдағы көрсеткіштерімен танысып, Қордың жақын жердегі бөлімшесін оп-оңай таба аласыз. БЖЗҚ-ның тікелей көрсетілетін қызметтерінен басқа Сіз валюталардың ағымдағы бағамын біліп, ЖҚЕ бұзғаны үшін салынған айыппұлдардың бар-жоғын және тағы басқа да көптеген қызметтерді тексерcеңіз болады.

Үзінді көшірмені тікелей боттан алу үшін  қол қойылған интернет-хабарландыру туралы  келісіміңіз болуы тиіс. Хабар алу тәсілін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетке электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың көмегімен кіріп, өзгертуге болады. Ботта оператормен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін қызмет бар. Егер роботпен өткен бастапқы кеңес алу Сіздің көңіліңізден шықпаса, ол кеңес берушіге автоматты түрде ауысады.   

Осылайша БЖЗҚ-ның көптеген салымшылары электрондық қызмет алуға көшіп, олардың ыңғайлы және тиімді екеніне көздерін жеткізіп те үлгерді.


04.09.2020 ж. «5 сұрақ» айдары. Қыркүйек.

БЖЗҚ өзекті сауалдарға жауап береді. 

  • Мен жұмысқа орналасып жатыр едім, маған ол үшін БЖЗҚ-да шотымның бар екендігі туралы анықтама керек екендігін айтты. Қазіргі пандемия кезінде кеңселерге бара бергім келмейді, сондықтан да ақпаратты онлайн түрінде ала аламын ба, жауап беріңіздерші, өтініш!

Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) бар екендігітуралы анықтама алу үшін Сізге «БЖЗҚ» АҚ-ныңenpf.kz ресми сайтына кіру жеткілікті. Сіз айналасы бес минуттың ішінде қажетті анықтаманы аласыз. Сайтқа кіргеннен кейін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе тіркелген логин мен парольді қолдана отырып, жеке кабинетке өту керек. Содан кейін «ЖЗШ бар екендігі туралы анықтаманы/ЖЗШ ашу туралы өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу» бөліміне, одан әрі «Шоттардың бар екендігі туралы анықтамаалу» бөліміне өтіп, Сізде ЖЗШ бар екендігі туралы дайын анықтаманы жүктейсіз.

Анықтаманың жоғарғы бұрышындағыQR-код БЖЗҚ уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттың электрондық нұсқасына веб-сілтемені қамтиды. Веб-сілтеме осы құжат берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде қолжетімді екеніне назар аударамыз.

  • Мен көптеген смартфон пайдаланушылардың бірімін, маған оның көмегімен өз зейнетақы шотымның жай-күйін қадағалаған өте ыңғайлы. БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасына қалай тіркелуге болады? 

ENPF ұялы қосымшасы–Қордың өзі әзірлеген жоба, оның көмегімен жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірме ғана алып қоймай, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, барлық филиалдар мен қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары мен байланыс нөмірлерін де көруге болады. Сондай-ақ, бұл жерде Сіздерге арналған зейнетақы калькуляторы да орналастырылған, оның көмегімен өзіңіздің болашақ зейнетақыңызды есептеуге болады. Онлайн-ботең көп қойылатын сұрақтарға жауап береді, ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұлғалар мұнда өтініш жолдау және басқа да көптеген мәселелерін шешу мүмкіндігіне ие.

БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасын өз телефоныңызға Google Play немесе AppStore арқылы тегін жүктеп алсаңыз болады. Ұялы қосымшаға тіркелу үшін Сіздің ұялы телефоныңызға смс-хабарламамен жіберілетін біржолғы парольді пайдаланасыз. 

Өз парақшаңызға кіру үшін қосымшада авторланудың да екі тәсілі бар: ЖСН және пароль енгізунемесеэлектрондық цифрлық қолтаңбаңызды пайдалану, сондай-ақ,ұялы құрылғысында бар болса, пайдаланушыAndroid үшін Touch ID және IOS үшін Face ID арқылы кіре алады. 

ЖСН-ді логин ретінде пайдалану зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алу тәсілі ретінде міндетті түрде интернет-ақпараттандыруды таңдауды көздейді. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесіне бір рет барып, қосымша келісімге қол қойып, enpf.kz сайтында тіркеуден өту қажет.

Сондай-ақ,ENPF ұялы қосымшасында Push хабарламалар бар. Бұл қызметті пайдалану үшін Сіз қосымшаға кіріп, баптаулардағы «push хабарландыруларын қосу/өшіру» қызметін қосуыңыз керек. Осының бәрін жасаған соң, смартфоныңыздың экранында қысқа қалқымалы хабарламалар пайда болады, олар  міндетті және міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының түсуі туралы уақытылы еске салып отырады.

  • Менің әкем ресми жұмыс істемейді, тек өз бау-бақшамызда өсірген көкөністерді сатумен айналысады, бірақ ЖК ретінде тіркеуден өтпеген. Таныстарымыз келешекте базалық зейнетақы алу және емханаға тіркелу үшін БЖТ төлеу қажет екендігін айтты. Оны қалай төлеуге болады? 

Біздіңазаматтарүшінбірыңғайжиынтықтөлемді (БЖТ) жүзеге асырудағы артықшылықтардың бірі–жәрдемақы, медициналық қызмет және зейнетақы жүйесіне қатысу түріндегі мемлекет кепілдік берген ең төменгі әлеуметтік көмекке айтарлықтай қаржылық үстеменің қосылуы болды.

Төлем 4 міндеттітөлемдібірреттікбір төлемге ауыстырады:

- жекетабыссалығы;

- БЖЗҚ-дағыміндеттізейнетақыжарнасы;

- мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар (МӘСҚ);

- әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік жарна (ӘМСҚ).

БЖТ екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ ) арқылы жалпы сомамен төлеуге жатады. Төлемді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару керек. Бұдан әрі Мемлекеттік корпорация төлемді жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік төлемдер түрінде бөледі, содан кейін жеке табыс салығын өңірлік бюджетке, ал әлеуметтік төлемдерді БЖЗҚ мен МӘСҚ және ӘМСҚ-ға аударады.

БЖТ төлеушілер салық есептілігін бермейді. Қызметтің басталуын тіркеу (хабарлау) және Қызметті тоқтата тұру (тоқтату) туралы өтініш талап етілмейді. Жеке тұлға БЖТ төлемін жүзеге асырған күннен бастап БЖТ төлеуші болып танылады. Төлемді тоқтату жеке тұлғаның бұдан былай БЖТ төлеушісі болып табылмайтынын білдіреді.

  • Мен оқуымды бітіргеннен кейін алғаш рет жұмысқа тұрғалы жатырмын. Маған БЖЗҚ-да жеке шотымды қалай ашуға болады?  

Қазір БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу үшін жеке тұлғаға өтінішін ресімдеу мақсатында Қорға келудің қажеті жоқ. Шот БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады.

Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру зейнетақы жарнасын аудару кезінде (сіздің жұмыс берушіңіз жіберген) төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. Ал БЖЗҚ қолданыстағы құжаттың деректемелері туралы барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

  • Жаңалықтардан түрлі экономистердің пікірінше, пандемия салдарынан бүкіл әлемде қаржылық тоқырау орын алады деп оқыған едім. Мен өз жинағым үшін алаңдап жүрмін. Қартайған шағымда қалтамда азын-аулақ тиын-тебенмен ғана қалғым келмейді. Айтыңыздаршы, салымдардың сақталуына біреу кепілдік бере ала ма? 

Уайымдауға еш негіз жоқ, себебі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет алушыларға БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) зейнетақы жасына жеткен кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан зейнетке шығу кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел болып табылады. Мемлекеттік кепілдікті төлеу (инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біржолғы төлемді білдіреді. Салымшылар мемлекет кепілдігі бойынша төлем алу құқығын зейнеткерлік жасқа толған кезде алады. Сонымен қатар  бұл құқыққа егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, І және ІІ топтағы мүгедектер, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда оныңмұрагерлері  ие.


02.09.2020ж. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі кезеңіндегі таза инвестициялық табыс 5 триллион теңгеден асты  

2020 жылдың 1 тамызына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,1 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.08.2019 жылдан бастап 01.08.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 1,9  триллион теңгеге немесе 19% өсті. Бәрімізге белгілі, бұл сомаға зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс кіреді.  

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 тамызына дейін БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 752,98 млрд теңге мөлшеріндегі таза инвестициялық табыс есептелді, ол өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 389,77 млрд теңгеге артық.  

Жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсетін, есебін БЖЗҚ жүргізетін зейнетақы жарналарын сенімгерлікпен басқарушы Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі (ҚР ҰБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Ұлттық Банк зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне және БЖЗҚ инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялау лимиттеріне  сай инвестициялайды.

Тәуекелдерді азайту мақсатында қаржы құралдары инвестициялаудың түрлері, бағыттары, оның ішінде валюталар бойынша әртараптандырылады. Қазіргі уақытта инвестициялардың 2/3 теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, соңғысының басым бөлігі – АҚШ долларымен номиналданады.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес күн сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады.

Инвестициялық кіріс құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған табыстар және т. б. кіреді. Инвестициялық табыс – тұрақсыз шама, сол себепті ол қысқа мерзімдік кезеңде оң немесе теріс  болуы мүмкін.

Сонымен қатар зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыс мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңде талдаған дұрыс екендігіне назар аударамыз. Қысқа мерзімді деректер (күн сайынғы, ай сайынғы және т. б.) – көрсеткіш бола алмайды, өйткені, олар күнделікті нарықтық жағдайдың өзгеруіне тәуелді.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап 2020 жылдың тамыз айына дейін зейнетақы активтерін басқару кезеңінде Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс зейнетақы жинақтарының жалпы көлемінің 33%  астамын немесе  4,0 трлн теңгені құрады.

Қазақстанда 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген күннен бастап 2020 жылдың 1 тамызына дейінгі кезең ішіндегі таза инвестициялық табыс 5 трлн теңгеден асып түскенін атап өткен жөн. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жүмыс істеген кезеңдегі инвестициялық табыстың біртіндеп өсу нәтижесі – 577%. Бұл реттегі инфляцияның біртіндеп өсу нәтижесі – 479,4%. Осылайша зейнетақы активтерінің 2020 жылдың 1 тамызындағы нақты табыстылығы 97,6 % құрады.   

Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі айқын, әрі ашық жүргізіледі: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинеті немесе ұялы қосымша арқылы бақылап отыру мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпаратты да ала алады, ол БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде тұрақты жарияланып отырады.


02.09.20020ж. 2020 жылдың 1 тамызына қарай  БЖЗҚ  өз  салымшыларына 100 миллиардқа жуық теңге төледі 

2020 жылдың жеті айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 246 356 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 98,2 миллиард теңгеге 1,2 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 34,9 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар –  24,3 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 19,9 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 16,4 млрд теңге;

- жерлеуге берілетін төлемдер – 1,8 млрд теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 908,1 млн теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 602 теңгені құрап,  ең жоғарғы ай сайынғы төлем  сомасы 506 980 теңге болды.


27.07.2020ж. «Ашық есік күні» –  онлайн  пішімде 

«Ашық есік күні» – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының алымшылары мен салымшылары үшін дәстүрлі шараға айналды. Алайда коронавирус індетінің (Covid-19) өршуіне байланысты Қор филиалдарында салымшылармен кездесулерді жүзбе-жүз өткізу мүмкін болмағандықтан БЖЗҚ қызметкерлері оны виртуалды кеңістікке ауыстырды.

Қордың әрбір салымшысы онлайн платформа арқылы «Ашық есік күні» шарасына үйден немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ қосылуға мүмкіндік алды. 

Шараның тақырыбы – «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз» деп аталды. Осы арқылы  зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылған 1 миллионнан астам жаңа салымшылар  Қордың мақсатты аудиториясына айналды.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға түзетулер мен өзгертулер енгізуге байланысты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ. Шот алғашқы жарна түскен бойда автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаның жеке басын куәландыру МЗЖ төлеу барысында төлем тапсырмасында көрсетілген дербес деректер ( аты-жөні, ЖСН, туған жылы) арқылы жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер , тұрғылықты мекен-жайы туралы мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Нәтижесінде автоматтандырылған үрдістердің көмегімен  2019 жылы МЗЖ бойынша 398 376 шот ашылса, үстіміздегі жылы бұл сан  1 миллион жаңа шотқа көбейді. Осы ретте ЖЗШ жайында автоматты түрде ақпарат алу тәсілі Қорға жеке өтініш беру болып табылады.

Шараға қосылғандардың әрқайсысы өздерін толғандырған барлық мәселелер бойынша БЖЗҚ мамандарынан кеңестер алды, сондай-ақ, заманауи және шұғыл  ақпараттандыру тәсілдері туралы хабардар болды. Мәселен, бұл enpf.kz ресми сайты немесе Android және IOS жүйелеріне арналған мобилді қосымша. Олардың көмегімен кез-келген салымшы ЖЗШ туралы үзінді көшірмені алып, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, келісімшарт деректемелерін, өзге де қызмет түрлерін көре алады.

Еліміз бойынша өткізілген шара қатысушылардың көптігімен ерекшеленді, әрбір салымшы зейнетақы жүйесі бойынша қойған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алғандарына ризашылық сезімдерін білдірді және «Ашық есік күні» шарасын жаңа пішімде өткізуге ізденіс білдірген  Қор қызметкерлерінің шығармашылық қадамдарын айрықша атап өтті. 


26.07.2020ж.БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 12 триллион теңгеден асты  

БЖЗҚ-ның 2020 жылдың 1 тамызындағы негізгі көрсеткіштері  

2020 жылдың 1 тамызына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,1 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.08.2019 жылдан бастап 01.08.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 1,9  триллион теңгеге пара-пар немесе 19% өсті. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты, оның мөлшері 11,8 трлн теңге (жыл басынан бергі өсім – 12%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 287,8 млрд теңге (өсім 17%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,1 млрд теңгеге  (өсім 9%) жетті.

2020 жылдың 1 тамызына БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,2 миллионнан астам бірлікке артты. 01.08.2019ж. ЖЗШ саны 10,5 (10 517 212) млн бірлікті құраса, 01.08.2020ж. бұл көрсеткіш 11,7 миллионнан асып түсті (11 706 287). Осылайша  бір жыл ішіндегі өсім 11% болды.

Шоттардың басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны он бір миллионнан асады, дәлірек айтсақ 11 132 300 шот (жыл басынан бергі өсім – 10%). Одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған шоттар – 518 294 (өсім – 2%). Ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ)  саны да біртіндеп көбейіп келеді, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны қазір 55 693 бірлік (өсім – 2%).      

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 604,3 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол 2019 жылдың алғашқы 7 айындағы көрсеткіштен 55,1 млрд теңгеге немесе 10% асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,4 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 576 млрд теңге мөлшеріндегі түсімдер құрайды, 27,5 млрд теңгенің аударымы МКЗЖ бойынша жасалған, ал  256 миллион теңге  ЕЗЖ бойынша аударылған.    

Төлемдер 98,2 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі, атап айтқанда 36% жасы бойынша төлемдер (34,9 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (24,3 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (19,9 млрд теңге), мұрагерлерге (16,4 млрд теңге), жерлеуге (1,8 млрд теңге) берілген, мүгедектік бойынша төлемдер (0,9 млрд теңге).

2020 жылдың басынан бастап 1 тамыздағы жағдай бойынша Қор салымшыларының шоттарына 752,98 млрд.теңге таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 389,77 млрд. теңгеге артық.


24.07.2020ж. «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады 

Тақырып: «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз». 

БЖЗҚ 2020 жылғы 27 тамызда ерекше виртуалды «Ашық есік күнін» өткізеді.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – жаңа салымшыларды Қор жұмысымен таныстыру. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгеріске сәйкес 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ екені белгілі. 2020 жыл басынан бері автомат түзімде 1 миллионнан астам жаңа шот ашылған атап көрсетеміз және олардың иелерінің көпшілігі «БЖЗҚ» АҚ жұмысымен алғаш рет «Ашық есік күнінде» танысады.

Қор мамандары Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, өз зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңызы, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері туралы айтып береді, зейнетақы калькуляторы арқылы келешек зейнетақыны есептейді, Қордың салымшылармен қарым-қатынас арналары және көптеген басқалар туралы ақпаратпен бөліседі.

Үйден шықпай-ақ іс-шара тақырыбындағы сауалдарға ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сауалдарға жауап алу мүмкін болады.

«Ашық есік күнінің» 27 тамызда сағат 10.00 де  онлайн платформада өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=ed3dac95eb0cf24f7fc5263141d975d41 сілтемесімен өту керек.

Сонан соң event-жиналыс нөмірі 170 482 0103 мен event-жиналыс паролі vGp3C3 енгізіледі.

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша 5 сұрақ (тамыз) 

1.Сәлематсыз ба! Биыл 2 тамызда анам 59 жасқа толды, зейнетке шығуға ол қашан дайындалуы керекжәнебіз алдымен қай жерге өтініш береміз?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкесБЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар, зейнет жасына жеткен кезде  Қордан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы, соның ішінде әйелдер төмендегідей жасқа толғанда:

2018 жылдың1 қаңтарынан бастап - 58,5 жас;

2019 жылдың1 қаңтарынан бастап– 59 жас;

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 59,5 жас;

2021 жылдың1 қаңтарынан бастап - 60 жас;

2022 жылдың1 қаңтарынан бастап - 60,5 жас;

2023 жылдың1 қаңтарынан бастап  - 61 жас;

2024 жылдың1 қаңтарынан бастап  - 61,5 жас;

2025 жылдың1 қаңтарынан бастап  - 62 жас;

2026 жылдың1 қаңтарынан бастап  - 62,5 жас;

2027 жылдың1 қаңтарынан бастап  - 63 жас.

Биылғы жылдың 2 тамызында Сіздің анаңыздың 59 жасқа енді ғана толғанын ескере отырып, зейнет жасына жетуіне байланысты зейнетақы төлемдерінің, соның ішінде БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерді алу құқығы ол кісіге тек 2021 жылы  60 жасқа толғанда ғана берілетінін хабарлаймыз.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (1998 жылдың 1қаңтарына дейінгі еңбек өтілі үшін),мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттар жинағымен«Азаматтарға арналған Үкімет» (ХҚКО) Мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне хабарласу керек.

Бюджет қаржысы және зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес өтініште көрсетілген банк шотына бір күнде аударылады.   

2.Қайырлы күн. Біздің отбасымыз қайғыға душар болып, өгей әкем өмірден озды. Ол біздің асыраушымыз болғандықтан қазір тұрмыс тауқыметіне тап болып жатырмыз. Білгіміз келгені, анамыз екеуміз өгей әкеміздің жинақтарын ала аламыз ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабының 1-3 тармақтарына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлға немесе Қордағы жеке шотында зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына жетпеген тұлға қайтыс болған жағдайда, оның отбасынане жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотындабар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

Жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін зейнетақы жинақтарыбар қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығыреспубликалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақымөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.       

Бұдан басқа «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заңның 31 және 32 баптарында міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы төлемдері бар тұлға қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылатындығы анықталған.

Төлем түрлеріне байланысты қажетті құжаттардың өзекті топтамасы, олардың Қорға ұсынылатын тәсілдері (жеке өтініш бергенде/пошта байланысы арқылы/үшінші тұлға), оларды тіркеуге қатысты талаптар, сондай- ақ, өтініштер бланктері мен төлем валютасының түрлеріне байланысты оларды толтыру, БЖЗҚ байланыстары мына сілтеме бойынша БЖЗҚ сайтында орналастырылған:www.enpf.kz.

3.Қайырлы күн! Мен 2топтағы (мерзімсіз) мүгедекпін,БЖЗҚ- дан ай сайын төлемдер аламын. Алайда маған қазір емделу үшін ақша соншалықты қажет, сондықтан барлық жинақтарымды бірден ала аламын ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»Заңының 30 және 31 баптарына сәйкес мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтағы жандар БЖЗҚ- дан (бар жағдайда) зейнетақы жинақтарын тек белгіленген кестебойынша зейнетақы төлемдері түрінде алуға құқылы.

Егер жеке зейнетақы шотындағы қалдық ай сайынғы кезекті төлем жүзеге асырылғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең  төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан аз болса, аталған қалдық кезекті төлем сомасымен бірге төленеді..

Егер зейнетақы жинақтарының сомасы алушы өтініш берген күні республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл сома 485 292 теңгені құрайды = 12 * 40 441)зейнетақы жинақтарын бір-ақ рет алуға болады.

БЖЗҚ-дан кесте бойынша берілетін зейнетақы төлемдері алушының өтініш берген күнінен бастап тағайындалып, зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін төленетіндігіне назар аударғымыз келеді. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру Ережелерінде қарастырылған жағдаяттарды ескере отырып, БЖЗҚ белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді жыл сайын дербес жүргізіп отырады.

Осы аталған жәйттарды ескере отырып, Сізге зейнетақы жинақтарының барлық сомасын біржола төлеуге БЖЗҚ-ның құқығы жоқ. Сондықтан зейнетақы төлемдері Сізге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен мөлшерде ай сайынғы негізде төленіп отыратын болады.

4.Қайырлы күн, көршім Ауғаныстан елінің азаматы болып табылады және менің мейрамханама жұмысқа орналасқысы келеді. Қазақстан Республикасының азаматы болмағандықтан ол үшін мен зейнетақы жарналарын аудара аламын ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарегер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандыру құқығын пайдаланды. Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке басын куәландыратын құжаттары бар болған жағдайда (шетелдік үшін – бұл Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар құжат, азаматтығы жоқ адамға – азаматтығы жоқ адамның куәлігі), Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие.

Егер шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына өзгелей заңдық негізде келген жағдайда, онда олар Қазақстан Республикасына уақытша келгендер  болып табылады және Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие болмайды, соның ішінде оларға БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын аударуға тыйым салынады.

Осылайша Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу құқығына ие. Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ),міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ)/ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарт жасасуды есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашуға орай өтініш беруге қатысты мәселеге тоқтала кетсек, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да ЖЗШ ашу автоматты түрде жүзеге асырылады, сәйкесінше, оны ашу үшін жеке тұлғалардың Қорға келулерінің қажеті жоқ.Жеке тұлғаларда МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоттары болмаған жағдайда ол электронды төлем тапсырмасында көрсетілген жеке тұлғаның деректемелеріне БЖЗҚ-ға агент аударған, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан түскен МЗЖ алғашқы сомасы негізінде ашылады.Осыған байланысты жеке тұлғалардан БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашуға орай өтініш қазір талап етілмейді.

5.Қазақстанда цифрландыру туралы жиі айтылады және коранавирус індеті кезінде онлайн дамуына тереңірек тоқталу қажет. Ендеше бұл мәселе БЖЗҚ-да қалай жолға қойылған? Электрондық тәсілмен қызмет алатын адамдар қатары соншалықты көп пе? 

Жаңа технологиялардың дамуы мен электрондық жүйелердің озық жұмыс істеуінің арқасында БЖЗҚ қызметтерінің 90% бүгінде онлайн пішімде көрсетіледі. Осылайша біздің салымшыларымыз (алушылар) өз денсаулықтарын қатерге байламай, қызметтердің тұтас спектрін үйден шықпай-ақ ала алады:ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз пайдаларына зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шартты жасасу;жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірмені қарау;электронды пошта арқылы өзіне ЖЗШ-нан үзінді көшірмені жіберу;зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарттың жекелеген деректемелеріне өзгерістер енгізу;мерзімсіз белгіленген 1 және 2 топтардағы мүгедектіктіңтағайындалуына байланысты өтініш беру және өзге де қызметтер (қызметтердің толық тізімімен БЖЗҚ сайтында танысуға болады).

2020 жылдың 1 шілдесіне қарай БЖЗҚ салымшыларына 9,4 миллионнан астам қызмет көрсетілгенін атап кеткен жөн. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,7% жоғары. Барлық қызметтердің 91,4% (немесе 8 566 698 операция)электрондықпішімде жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн пішімнің танымалдылығы 16,4% өсті.

Бұдан бөлек БЖЗҚ салымшылары қажетті кеңестерді 1418 нөмірі арқылы байланыс орталықтарында  (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), сондай-ақ, www.enpf.kz корпоративном сайтында, +7 777 000 14 18 нөмірі арқылы WhatsАpp және Viber чат-боттарында және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан ала алады.


03.08.2020ж. Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірістілігі инфляциядан 14 пайызға артық

Зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі 2014 жылдан бастап 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде жинақталған инфляция 64% болған кезде 78%-ды құрады. Осылайша, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сенімгерлікпен басқарушы ретінде қамтамасыз еткен нақты кірістілік 14% болды. Осы кезеңдегі инвестициялық табыс зейнетақы жинақтарының жалпы көлемінің 30%-дан астамын немесе 3,8 трлн теңгені құрады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы 12 триллион теңгеге жуықтады. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс кіретіні бәрімізге белгілі. 

Жеке зейнетақы шоттарына түсетін және есебін БЖЗҚ жүргізетін зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды.  

Тәуекелдерді азайту мақсатында қаржы құралдары инвестициялаудың түрлері, бағыттары, оның ішінде валюталар бойынша әртараптандырылады. Қазіргі уақытта инвестициялардың 2/3 теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, соңғысының басым бөлігі – АҚШ долларымен номиналданады.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес күн сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады.

Инвестициялық кіріс құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған табыстар және т. б. кіреді.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 2020 жылдың 1 қаңтарынан 1 шілдесіне дейін салымшылардың шоттарына 543,3 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық кіріс есепке алынды. Есептелген кірістің 69%-ын қаржы құралдары бойынша сыйақы түріндегі кіріс құрады, табыстың 29%-ы құралдарды валюталық қайта бағалаудан түсті, қалған кіріс нарықтық қайта бағалау, сыртқы басқарудағы өзге активтер мен активтерді қайта бағалау нәтижесінде алынды.

 2020 жылғы наурыздан бастап зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығына АҚШ долларына қатысты теңге бағамының өзгеруі үлкен әсер етті. Наурыз айында таза инвестициялық кіріс 521,8 млрд теңгені құрады. Содан кейін, сәуірден бастап Ұлттық валюта бағамының нығаюы байқалды, бұл алдыңғы өсіммен салыстырғанда теріс қайта бағалауға себеп болды. Алайда, маусым айында зейнетақы активтері бойынша таза инвестициялық кірістің 44,05 млрд теңгеге өсуі байқалды.

Сонымен бірге, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл ішінде талдау орынды екеніне назар аударамыз. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, ай сайынғы және т.б.) – көрсеткіш бола алмайды, себебі олар күнделікті нарықтық конъюнктураға тәуелді.

Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинеттен көру мүмкіндігіне ие, сонымен қатар, БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпаратты да ала алады. Мұндай ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланып отырады.


03.08.2020ж. 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығында БЖЗҚ салымшылары 8,5 миллионнан аса қызметті онлайн форматта алды   

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттану жағдайларының көбеюіне байланысты қауіпті вирустың таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шектеу шараларын енгізген болатын және өңірлік филиалдардың бір бөлігі қашықтықтан және байланыссыз қызмет көрсету режиміне ауыстырылып, жұмыстарын сол тәртіппен жалғастыруда. Десек те, бірқатар шектеулерге қарамастан, БЖЗҚ салымшылары қызметтерді толық көлемде алуда. 

Жаңа технологиялардың қарыштап дамуы мен электрондық жүйелердің дұрыс жұмыс істеуінің арқасында қазір «БЖЗҚ» АҚ қызметінің 90% - дан астамы онлайн түрде көрсетілуде. Осылайша, біздің салымшылар қызметтердің толық спектрін өз денсаулығына қауіп төндірмей, үйден шықпай-ақ ала алады. Атап айтқанда, БЖЗҚ-ның ресми сайтында және ұялы қосымшасында орналастырылған Жеке кабинеттің көмегімен салымшы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем жасау, көшу және көптеген басқа да мәселелер бойынша берілген өтініштің мәртебесін қадағалау сияқты қызметтерге қол жеткізе алады. 

2020 жылдың 1 шілдесіне БЖЗҚ салымшыларына 9,4 миллионға жуық қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,7% - ға жоғары. Барлық қызметтердің 91,4% немесе 8 566 698 операция электрондық форматта жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн формат танымалдығы 16,4% - ға өсті.

Кейбір өңірлерде алдын ала жазылу бойынша күндізгі қызмет көрсету (филиалдың барлық қызметкерлерінің 50% - дан аспайтын құрамын жұмыспен қамтумен) режимі сақталғанына, ал қалған облыстардағы БЖЗҚ бөлімшелері бірқатар шектеу шараларын қалдырғанына қарамастан, кейбір салымшыларға бұрынғысынша Қор кеңселерінде қызмет көрсетіледі. Бірінші жартыжылдықта біздің филиалдарда 730 911 қызмет ұсынылған екен.

Естеріңізге сала кетейік, Қордың кезекші қызметкерлері алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды одан әрі жалғастыруда. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу);

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұра);

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (ерекше жағдайларда Қор қызметін тұтынушының талабы бойынша);

- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтініштерді ресімдеу;

- міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті, оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштерді ресімдеу.

Қызметтердің басқа түрлерін БЖЗҚ-ның корпоративтік сайтындағы, не ұялы қосымшасындағы Жеке кабинет арқылы алуға кеңес береміз. 

БЖЗҚ-да барып қызмет көрсететін бөлімдер де бар. Қазіргі уақытта ол қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, штат санының 50% аспайтын бөлігін тарта отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметті көзбе-көз алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтініштерді (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштерді) ресімдеу және халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға) (1-2 топ мүгедектеріне) қызмет көрсету үшін барып қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда олар барып қызмет көрсетуді барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жүзеге асырады. Барып қызмет көрсету барысында 2020 жылдың 6 айы ішінде 74 341 операция орындалды.

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушыларына бағытталған ақпараттық арналарды дамыту. Осылайша, ағымдағы жылдың алты айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кері байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтініштер саны іс жүзінде 2,5 есеге артты, 2020 жылы 666 905 өтініш қаралған болса, 2019 жылдың осындай кезеңінде 298 554 өтініш қабылданған.

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) call-орталықтан кеңес ала алады, сонымен қатар www.enpf.kz корпоративтік сайтында, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары арқылы, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында кеңес алуға болады. 


29.07.2020ж. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ өз салымшыларына 82 миллиард теңгеден аса қаржы төледі  

2020 жылдың алғашқы алты айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 226 573 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 82,2 миллиард теңгеге 1 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 30,2 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,2 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 16,8 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 13,7 млрд теңге;

- жерлеуге берілетін төлемдер – 1,4 млрд теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 805 млн теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 535 теңгені құрап,  ең жоғарғы ай сайынғы төлем  сомасы 506 980 теңге болды. 

  


27.07.2020г. БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес Қор жұмысына баға берді

Эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттану деректерінің көбеюіне байланысты БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті, он төртінші отырысы онлайн түрде өткізілді.

Кеңес отырысын оның төрағасы Евгений Сейпульник ашты. Ол Василина Атоянц, Алексей Байтеев, Анна Видянова мен Қуат Домбайдың Кеңес құрамынан өз еріктерімен шыққанын хабарлады. Үш жаңа үміткер ұсынылды. Олар: «Қазақстан сарапшы РА» рейтингтік агенттігінің бас директоры Әділ Мамажанов, «АЛМЭКС» холдинг тобы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Жомарт Нұрабаев, тәуелсіз экономист Айдархан Құсайынов. Үшеуі де бірауыздан Қоғамдық кеңес құрамына қабылданды.

Одан соң «БЖЗҚ» АҚ қызметі туралы 2020 жылдың 1 маусымына жасалған егжей-тегжейлі есеп ұсынылды.

БЖЗҚ-дағы шоттардың жалпы саны 10,9 миллионға жетті, ол жұмыспен қамтылған халық санынан 8,8 миллион адамға артық. Бұл БЖЗҚ-да зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударып отыратын жұмыс істейтін азаматтардың ғана емес, сондай-ақ зейнеткерлікке шыққан алушылардың, мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстырылған әскери қызметшілердің, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халық санатына жатпайтын өзге де азаматтардың да жинақтары бар екендігінің айғағы.

Зейнетақы жинақтары 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 11,7 трлн теңгені құрады. 2020 жылдың басынан бергі өсім жарналар түсімі (428 млрд теңге) мен таза инвестициялық табыс (499 млрд теңге) есебінен болды.

Салымшылардың 70%-ға жуығының 1 млн теңгеге дейін және 91%-ның 3 млн теңгеге дейін жинағы бар. Бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің аздығына байланысты: салымшылардың 53%-ы жарналарды 5 жылға дейін және 75%-ы 10 жылға дейін тұрақты түрде аударып отырған. Ал 20 жылдан астам жарна аудару өтілі бар салымшылардың орташа жинақтары 4,9 млн теңгені құрады, оның ішінде ерлер арасында – 5,5 млн теңге, әйелдер арасында – 4,1 млн теңге.

Сондай-ақ жинақ деңгейі халықтың жарналар аударылатын еңбек табысының деңгейін көрсетеді: 2019 жылы салымшылардың 53% өз кірісінен 4 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін (ЕТК) жарналар аударып отырған (2019 жылы 1 ЕТК 29 698 теңгені құрады). Табысы орташадан төмен салымшылар жарналар аудару тұрақтылығының төмендеу деңгейімен ерекшеленеді. Бұл ретте барлық салымшылардың жарналар аударуының орташа тұрақтылығы – жылына шамамен 8,13 жарна.

Жеке зейнетақы шоттарын (ЖЗШ) ашудың едәуір өсуі 2020 жылдың сәуір айына келді. Осы айда 954 952 жаңа шот ашылды, оның ішінде 941 425 шотты бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі - БЖТ) алғаш рет төлеушілер ашты. 2020 жылдың сәуір айында 2,98 млн БЖТ төлеуші жалпы сомасы 1,7 млрд теңге болатын 3,02 млн-ға жуық БЖТ жарнасын аударды. Бұл ретте, БЖТ төлеушілердің 56%-ы ауылдық жердің, ал 44%-ы қалалық жердің тұрғындары болды.

Белсенді салымшылар саны жыл сайын артуда. 2019 жылы 6,5 миллионнан аса салымшы зейнетақы шотын үнемі толықтырып отырған. Олардың 66% өз шотын жылына 9-12 рет толықтырып отырады, 22% салымшы жылына 1-5 рет, 12% салымшы жылына 6-8 рет жарна аударады екен.

Тұтастай алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесі елдегі экономикалық ахуалдың және еңбек нарығы дамуының «айнасы» іспеттес.

Сондай-ақ, комиссиялық сыйақыны төмендету және БЖЗҚ шығыстарын оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды. БЖЗҚ комиссияларының мөлшерін жыл сайын Ұлттық Банк Басқармасы айқындайды. 2020 жылға белгіленген комиссия мөлшері инвестициялық табыстың 5%-нан 2%-ға дейін және зейнетақы активтерінен айына 0,015%-дан 0,011%-ға дейін айтарлықтай төмендеді. Соңғы жылдары қызметкерлердің қысқаруы (25%-дан аса), бизнес-үдерістерді оңтайландыру және автоматтандыру, қызметтерді цифрландыру есебінен БЖЗҚ шығыстары 1 млрд теңгеден астам сомаға төмендетілді. Бұл жұмыс 2020 жылы да белсенді түрде жалғасатын болады. Сондай-ақ, БЖЗҚ халықаралық тәжірибені ескере отырып, комиссиялық сыйақы мәселелерін заңнамалық реттеу бойынша ұсыныстар енгізді. Олар іске асырылатын болса, БЖЗҚ-ның кірістері мен шығыстары салымшылардың мүддесі үшін айтарлықтай төмендейді.

Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Нұрғазин зейнетақы активтері бойынша 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы инвестициялық кіріс туралы ақпаратты ұсынды. Жыл басынан бері (маусымды есепке алғанда) салымшылардың жалпы инвестициялық табысы 566 млрд теңгені құрады, оның 66% - ы (390 млрд теңге) - қаржы құралдары бойынша сыйақы түрінде алынған.

Барлық зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға шоғырландыру аяқталған сәттен (2014 жылғы сәуір) басталған өткен кезең ішінде зейнетақы активтері 4,0 трлн теңгеден 11,8 трлн теңгеге дейін өсті, зейнетақы активтерінің валюталық үлесі 17,4%-дан 33,0%-ға дейін, шетелдік активтердің үлесі 6,1%-дан 23,1%- ға дейін артты.

Активтердің үштен бір бөлігі шетел валютасындағы инвестициялардан (негізінен АҚШ долларымен) тұратын болғандықтан, 2020 жылғы наурызда бағамдық айырма нәтижесінде елеулі кірістер алынды. Теңгенің нығаюы есебінен сәуір мен мамыр айларында табыстың төмендеуіне қарамастан, 2020 жылдың басынан бастап тұрақты оң кірістілік қамтамасыз етілді. Зейнетақы активтері – «ұзақмерзімді» инвестициялар және басқару нәтижесін дамыған елдердегідей кем дегенде үш жылдық жұмыс қорытындысы бойынша бағалаған жөн екендігі баса айтылды.

Зейнетақы активтерінің нақты оң кірістілігін ерекше атап өткен Нұрғазин 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы инфляция 4,20% кезінде кірістілік 4,97%-ды құрағанын және оң болып қалатынын айтты. 2014 жылдан бастап алты жыл ішінде жинақталған инфляция 64% болғанда жинақталған кірістілік 78%-ды құрады, осылайша кірістілік инфляциядан 14%-ға артық көрсеткішке ие.

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов барлық зейнетақы жинақтарын банк депозиттеріне аудару туралы айтылған пікірге қысқаша түсініктеме берді. Ол зейнетақы қорлары мен банктер – әртүрлі қаржы институттары екенін атап өтті. Зейнетақы активтерін тек депозиттерге орналастыру – халықаралық тәжірибеге сәйкес келмейді. Бүкіл әлемде зейнетақы қорлары инвестициялық табыс алу үшін депозиттердің өзін қоса алғанда, әлдеқайда көп құралдарға ие. Басқару стратегиясына байланысты зейнетақы активтері қор нарығындағы облигацияларға және акцияларға, әртүрлі валюталардағы қаржы құралдарына, бүкіл әлем бойынша экономиканың түрлі секторлары эмитенттерінің бағалы қағаздарына инвестицияланады. Инвестицияларды әртараптандыру есебінен кірістілік пен сенімділік қамтамасыз етіледі. Дамыған экономикалардағы коммерциялық банктер депозиттерінің кірістілігі бағалы қағаздар нарығындағы кірістіліктен тарихи тұрғыда төмен. Сондықтан келешекте Қазақстандағы инвестициялау тиімділігі бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялар, басқарушы компаниялардың бәсекелестік нарығын институционалдық қалыптастыру есебінен өсуге тиіс. Бұл ретте кез келген елдің зейнетақы активтері, әдетте, қор нарығы арқылы отандық экономиканы қорландыру көзі болып табылады.

БЖЗҚ-ның Жұртшылықпен байланыс департаменті БАҚ-пен байланыс бөлімінің бастығы Марина Ақмаева БЖЗҚ-ның ақпараттық-түсіндіру жұмысы және 2019 жылдың қорытындысы бойынша тәуелсіз әлеуметтік зерттеу нәтижелері туралы баяндап берді. 2019 жылы халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы білім деңгейі көтерілді. Қаржылық сауаттылықтың базалық деңгейі 63,4%-ды құрады (алдыңғы 2018 жылғы көрсеткіш 60,2%-ға тең). Қаржылық сауаттылықтың ілгері деңгейі 26,9% құрады (2018 жылы 25,3%).

Репрезентативті зерттеу барысында салымшылармен байланыс арналарына талдау жүргізілді. Респонденттер үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпараттың негізгі көзі БЖЗҚ ресми сайты (29%), БЖЗҚ өңірлік кеңселері (23,8%), ENPF ұялы қосымшасы (9,2%), БЖЗҚ-ның байланыс орталығы (4%) болып табылады. Нәтижесінде ақпаратты БЖЗҚ-дан тікелей алуды қалайтын қазақстандықтардың саны жыл сайын артып келеді (66%).

Отырыс соңында Қоғамдық кеңес мүшелері нарықтағы тұрақсыздыққа қарамастан, Ұлттық Банк зейнетақы активтерін сенімді басқарып отырғанын, БЖЗҚ тұрақты және ашық жұмыс істеп жатқанын, БЖЗҚ қызметкерлері салымшылардың зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жетімділігін және зейнетақы қызметтерінің сапасын «24/7» режимінде қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті, бұл қорға және зейнетақы жүйесіне деген сенімділікті қолдауға ықпал етеді.

Қоғамдық кеңестің келесі отырысын 2020 жылдың шілде айының соңында өткізу жоспарланды.     


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша 5 сұрақ (шілде)

  1. БЖЗҚ-ның барлық салымшыларына инвестициялық табыс есептелетінін білемін. Карантиннің оған әсері қандай болды?

Кәсіпорындардың көпшілігі карантинге қарамастан жұмысын жалғастыруда, кейбіреулері  қашықтықтан жұмыс істеу режимін жүзеге асырып, тиісінше, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын толықтыру жалғасуда. БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы қазіргі уақытта 12 триллион теңгеге жуықтады. Оған зейнетақы жарналары мен түскен қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық табыс кіреді.      

Жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсетін, есебін БЖЗҚ жүргізетін зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы - ҚР Ұлттық Банкі түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды.  

Тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялық портфель инвестициялау түрлері, бағыттары, оның ішінде валюталар бойынша әртараптандырылады. Қазіргі уақытта инвестициялардың шамамен 2/3 бөлігі теңгемен және  1/3 шетел валютасымен, соңғысының басым бөлігі АҚШ долларымен номиналданған.   

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес күн сайын қайта есептеліп, қайта бағаланып отырады.   

Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалаудан түскен табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. кіреді.  

Инвестициялық табыс – тұрақсыз шама және ол қысқа мерзім ішінде оң немесе теріс болуы мүмкін.  

Мысал үшін салымшылар мен алушылардың шоттарына 2020 жылы есептелген инвестициялық табысты қарастыруға болады. 

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында, яғни 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 шілдесіне дейінгі уақыт ішінде салымшылар мен алушылардың шоттарына 543,3 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелді. 

Қаңтар айында таза инвестициялық табыс +28,15 млрд теңгені, ақпан айында +111,7 млрд теңгені, наурыз айында +521,8 млрд теңгені, сәуір айында – 125,6 млрд теңгені, мамыр айында 36,8 млрд теңгені, маусымда +44,05 млрд теңгені құрады. 

2020 жылдың наурызынан бастап зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығына теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы әсерін тигізді.  

Наурыз-маусым аралығында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 381 теңгеден 403 теңгеге дейін өсті. Валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерін оң валюталық қайта бағалау зейнетақы активтері бойынша таза инвестициялық табыстың елеулі өсуіне әсер етті.  

Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыс мөлшерін кем дегенде 1 (бір) жыл кезеңде талдаған дұрыс екендігіне назар аударамыз. Қысқа мерзімді деректер (күн сайынғы, ай сайынғы және т. б.) көрсеткіш бола алмайды, олар күнделікті нарықтық жағдайға тәуелді.  

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап 2020 жылдың мамыр айына дейін зейнетақы активтерін басқару кезеңінде Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс зейнетақы жинақтарының жалпы көлемінің 30%  астамын немесе 3,8 трлн теңгені құрады.

Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі айқын. Әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинеті арқылы бақылай алады. Олар БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие. 

Бұл ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланып отырады. 

  1. Мен еліміздің көп азаматтары сияқты жұмыссыз қалдым. Тиісінше, алимент төлеуге мүмкіндігім жоқ. Бұрынғы әйелім менің қарызымды зейнетақы жинақтарым есебінен сот арқылы өтетіп алатынын айтып, қоқан-лоқы көрсетуде. Олай етуі мүмкін бе?  

Заңның 50-бабы 3-тармағына сәйкес салымшының (алушының), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша, оның ішінде аталған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді. 

Сонымен қатар «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабы 14-тармақшасына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.  

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сүйенетін болсақ, салымшының (алушының) БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді.     

Салымшыларға (алушыларға) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері салымшылар (алушылар) ұсынған банктік деректемелерге, тиісінше, БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын салымшылар (алушылар) ұсынған банктік деректемелерге аударғаннан кейін жүзеге асырылып, ақша олардың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде ашылған банктік шоттарында болады. БЖЗҚ міндеттемесі салымшының (алушының) банктік деректемелеріне ақша аударылғаннан кейін орындалды деп есептеледі.                             

  1. Менің шағын Жеке Кәсіпкерлігім (ЖК) бар. Карантинге байланысты оның жұмысын тоқтата тұруға мәжбүр болдым. Тиісінше, осы кезең үшін салықты да төлей алмай отырмын. Бірақ зейнетақы жүйесіне қатысу өтілім тоқтамағанын қалаймын. Ол мүмкін бе?  

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз  етеді.  

Осы Заңның 4-бабына сәйкес Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру кезінде міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ретінде есепке алынады.  

«Салық салу мәселелері бойынша «Экономиканы одан әрі тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы» № 224 қаулыға сәйкес қызмет түрі бойынша 01.04.2020ж. бастап 01.10.2020ж. дейінгі кезеңде қызметкерлердің табыстарынан салықтар, жарналар мен аударымдардан босатуға жататын компаниялар анықталды. Осы жерде айта кеткен жөн, табысы болмаған кезеңде ЖК өз қызметкерлері үшін жарна аударуға құқылы, бірақ бұл олардың міндеті болып есептелмейді. Өз қызметкерлерінің табыстарынан алынатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициенті қолданылған жағдайда қызметкерге жалақы одан міндетті зейнетақы жарналарын ұстамай аударылады (төленеді).

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы №109 бұйрығымен бекітілген «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидаларының» 24-5 тармағына сәйкес қызметі "0" коэффициенті қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесінде көзделген адамдардың зейнетақы жүйесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі, сондай-ақ табысы жұмыс берушінің анықтамалары негізінде ескеріледі.

Базалық және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыны зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып есептеу мәселелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  АҚ-қа хабарласуға кеңес береміз,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылатын жарналар мен аударымдардың мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициентін қолдануға қатысты мәселелер бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-қа, ал салық төлеу бойынша сұрақтарыңыз болса – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгінгеніңіз абзал.  

  1. Карантин шаралары тоқтатылған соң Украина еліне барғымыз келеді, онда көмек пен күтімге зәру ерлі-зайыптылар, егде жастағы әке-шешеміз тұрады. Зейнетақы жинақтарын алу үшін не істеу қажет?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғылықты тұратын жерге (ТТЖ) кетуге байланысты БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғылықты тұратын жерге кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ие. Баса назар аударатын жәйт – басқа мемлекеттің азаматтығын алмас бұрын міндетті түрде заңнамамен белгіленген тәртіпте ҚР шегінен тыс ТТЖ-ға кету құжаттарын ресімдеп, тек өзге мемлекеттің азаматтығын алғаннан кейін ғана БЖЗҚ-ға құжаттар тапсыру керек.  

Заңның 33-бабының ережелеріне сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғылықты тұратын жерге кететін немесе кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кету ниетін немесе кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ие.    

Осылайша шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес құжаттар топтамасын толықтай ұсынғаннан кейін БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын төлеуді БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.  

Толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Алушыларға» – «ҚР шегінен тыс кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін ресімдеу тәртібі» бөлімінде орналастырылған.

  1. Менің әкем 2 топтағы мүгедек және жақында ол кісі 63 жасқа толады. Төлемдерді, соның ішінде БЖЗҚ-дан төлемдерді ресімдеу үшін қалай және қайда жүгінуге болады? 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы белгілі бір жағдайларда, соның ішінде зейнет жасына (ерлер 63 жаста) толған, сондай-ақ мерзімсіз уақытқа 1 және 2 топ мүгедектігі тағайындалған кезде туындайды.   

Егер сіздің әкеңіз БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа толуына байланысты ресімдейтін болса, оған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ХҚО арқылы өтінішпен жүгіну қажет. Осы өтініші бойынша ол кісіге зейнетақы жинақтарынан төлемдер де, мемлекеттік бюджеттен берілетін (базалық және ортақ) зейнетақы да тағайындалады. ХҚО-ға 63 жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын хабарласуға болады.  

Егер  әкеңіздің мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалса және  зейнетақы төлемдерін алуға байланысты өтінішті зейнеткерлік жасқа толғанға дейін беруді көздесеңіз, онда  мұны enpf.kz  сайтындағы «Электрондық қызметтер» – «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» бөліміне кіру арқылы жүзеге асыруға болады. 


16.07.2020ж. Қазақстанның зейнетақы жүйесі көрсеткіштерін әлем елдерімен салыстырсақ

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік сайтындағы (www.enpf.kz)  «Әлемнің зейнетақы жүйелері» бөлімінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі бар елдердің негізгі көрсеткіштеріне шолу жарияланған. Онда «БЖЗҚ» АҚ мамандары Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мен Қазақстанды салыстырды. Негізге ЭЫДҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және БЖЗҚ статистикалық деректері алынды.

Шолуда жеті ел ұсынылған, олар – Австралия, Дания, Израиль, Мексика, Чили, Эстония және Қазақстан. Барлық елдердің ІЖӨ көлемі, халық саны, зейнеткерлікке шығу жасы, зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және тағы басқалар әртүрлі сипатқа ие. Алайда олардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесі біріктіреді және кез келген адам мынадай сілтеме (https://www.enpf.kz/ru/pension-system/world/obzor-osnovnykh-pokazateley-stran-s-nakopitelnoy-pensionnoy-sistemoy.php) бойынша өтіп, материалмен толық таныса алады.

Сондай-ақ, корпоративтік сайтта Армения, Норвегия, Малайзия, Сингапур және Швецияның зейнетақы жүйелері бойынша ақпарат ұсынылған. Қор мамандары кестелер мен сызбаларды қолдана отырып, қазақ және орыс тілдерінде ыңғайлы пішімдегі материалдар дайындады. Бұл бөлімді шетелдік мемлекеттер бойынша жасалған жаңа шолулар мен статистикалық деректер үнемі толықтырып отыратын болады.


14.07.2020ж. Шектеу шаралары енгізілгеннен кейін «БЖЗҚ» АҚ филиалдары қалай жұмыс істеуде? 

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттанудың өсуіне байланысты 5 шілдеден бастап коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шектеу шараларымен он төрт күндік карантин енгізілді.   

Осылайша коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің өңірлік филиалдарының төмендегідей жұмыс тәртібі туралы хабарлайды.  

Жеті өңірде алдын ала жазылу бойынша күндізгі қызмет көрсету режимі сақталады (филиалдың барлық қызметкерлерінің 50% аспайтын бөлігі жұмыспен қамтылады). Күндізгі қабылдау Алматы, Шығыс Қазақстан (Қарауыл ауылы, Ақтоғай станциясы, Қалбатау ауылындағы бөлімшелерден және Семей қаласындағы өңірлік филиалдан басқа), Батыс Қазақстан, Қызылорда (Жаңақорған ауылындағы бөлімшеден басқа), Маңғыстау және Павлодар облыстарында, сондай-ақ  Жезқазған қаласындағы өңірлік филиалда жүзеге асырылады.   

Жазылуды enpf.kz корпоративтік сайтында екі-үш әрекетпен-ақ оп-оңай іске асыруға болады. Сайттың басты бетіндегі «Электрондық сервистер» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет алу кезегін брондау» баннерін басып, әрі қарай Сіз біздің филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетіңізше таңдай аласыз. Филиалдардың жұмыс тәртібі жұмыс күндері 9:00-ден 18: 00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Түскі үзіліс кезінде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейін операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртіп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында жұмыс үстелінің үстін, орындықтарды, есік тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттан екі техникалық үзіліс  қарастырылған.

Қалған облыстарда «БЖЗҚ» АҚ бірқатар шектеу шараларын 31 шілдеге дейін күшінде қалдырды. Осылайша азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлімшелері құжаттарды байланыссыз қабылдау және қашықтықтан қызмет көрсету режиміне ауыстырылды.  

Филиалдардың байланыссыз қызмет көрсету бойынша жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден бастап 14:00-ге дейін созылады. Мұндай режимде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан  облыстық филиалдары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы филиалдар жұмыс істейді. Байланыссыз қызмет көрсететін филиалдардың мекенжайлары enpf.kz сайтына орналастырылған.    

Қордың кезекші қызметкерлері алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу);

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұра);

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (ерекше жағдайларда Қор қызметін тұтынушының талабы бойынша);

- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтініштерді ресімдеу.

БЖЗҚ қызметінің өзге де түрлерін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелерді өзгерту, ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т. б. Сіз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде ала аласыз (электрондық қызметтерді алу тәртібі бойынша нұсқаулықтар тиісті бөлімдерде қоса беріледі).

Еске сала кетейік, БЖЗҚ-да барып қызмет көрсету бөлімі де бар. Қазіргі уақытта ол қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, штат санының 50% аспайтын бөлігін тарта отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметті көзбе-көз алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтініштерді (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштерді) ресімдеу және халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету үшін барып қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда олар барып қызмет көрсетуді барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жүзеге асырады.

Сонымен қатар Қор қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерін алу үшін қашықтықтан көрсетілетін қызметтерді төмендегі тәсілдер арқылы қамтамасыз етуге әрқашан дайын:

1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон байланысы арқылы өтініш жасау (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына жүгіну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp, Viber, Facebook, ВКонтакте чат-боттары;

4) Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші;

5) өтініштерді enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жіберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік  желілердегі  аккаунттар.

Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтік сайтында алдын ала онлайн түрде тексеріп, кейіннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жіберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.

«БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарының тізімі мен олардың жұмыс тәртібі сілтеме бойынша қолжетімді.


10.07.2020ж. МЗЖ бойынша зейнетақы шоттары БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылады

Қазір Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілді және салымшының жеке қатысуы талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу туралы өтініш ресімдеу мақсатында БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоты болмаса, онда ол бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Осылайша  ағымдағы жылдың қаңтарынан мамыр айына дейін (қоса алғанда) бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде бір миллионнан астам шот ашылды, дәлірек айтсақ, 1 075 220 ЖЗШ. Бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңінде ашылған шоттар санынан тоғыз есе көп, ол кезде алғашқы бес айда 121 032 ЖЗШ ашылған болатын.

Айта кету керек, ЖЗШ автоматты түрде ашылған кезде салымшыны зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне өзіңіз келіп өтініш жасаған кезде ғана жүргізіледі. Бірақ БЖЗҚ кеңселеріне келмей-ақ ыңғайлы әдіс таңдауға да болады. Ол үшін БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасындағы (ENPF) жеке кабинетте өз жинақтарыңызды бақылау үшін Қор сайтына электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен тіркелу жеткілікті. Сондай-ақ, жеке кабинетте саусақтың бір-екі қимылымен Сіз ЖЗШ-дан үзінді көшірмені ғана алып қоймай,  зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін және т.б. көре аласыз.


10.07.2020ж. МЗЖ бойынша зейнетақы шоттары БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылады

Қазір Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілді және салымшының жеке қатысуы талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу туралы өтініш ресімдеу мақсатында БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоты болмаса, онда ол бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Осылайша  ағымдағы жылдың қаңтарынан мамыр айына дейін (қоса алғанда) бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде бір миллионнан астам шот ашылды, дәлірек айтсақ, 1 075 220 ЖЗШ. Бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңінде ашылған шоттар санынан тоғыз есе көп, ол кезде алғашқы бес айда 121 032 ЖЗШ ашылған болатын.

Айта кету керек, ЖЗШ автоматты түрде ашылған кезде салымшыны зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне өзіңіз келіп өтініш жасаған кезде ғана жүргізіледі. Бірақ БЖЗҚ кеңселеріне келмей-ақ ыңғайлы әдіс таңдауға да болады. Ол үшін БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасындағы (ENPF) жеке кабинетте өз жинақтарыңызды бақылау үшін Қор сайтына электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен тіркелу жеткілікті. Сондай-ақ, жеке кабинетте саусақтың бір-екі қимылымен Сіз ЖЗШ-дан үзінді көшірмені ғана алып қоймай,  зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін және т.б. көре аласыз.


03.07.2020ж. «БЖЗҚ» АҚ-ның салымшылары 90 пайыздан астам қызмет түрлерін онлайн режимінде алуда  

Қазақстанның кейбір қалаларында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты жалғасып жатқан карантинге қарамастан  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары қызметтерді толық көлемде алуда. 

2020 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ қызметтерінің 90% астамы электрондық форматта көрсетілді. Қазіргі заманға сай дамыған технологиялардың және Қордың ақпараттық жүйелерінің сапалы жұмысының арқасында салымшылар қызметтердің көп бөлігін үйден шықпай-ақ ала алады.  

2020 жылдың алғашқы бес айында ғана БЖЗҚ салымшыларына 8,2 миллионнан астам қызмет көрсетілді, нақтырақ айтқанда 8 264 756. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7,3%  жоғары. Барлық қызметтердің 91,1% немесе 7,5 миллионы электрондық форматта көрсетілді. Қазіргі уақытта ең танымал қызмет жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу болып табылады: бұл қызметті 7,7 миллионнан астам салымшы таңдаған. Ол 2019 жылдың 1 маусымындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 22,6% өсті. 7,5 миллионға жуық үзінді көшірме электронды түрде алынды.   

Естеріңізге сала кетейік, ресми сайттағы және БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте үзінді көшірмені ғана емес, БЖЗҚ ұсынатын бірқатар қызметтерді де алуға болады. Мысалы, өз деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем жасау және (немесе) көшуге берілген өтініштің мәртебесін қадағалау және т.б. 

БЖЗҚ-ның алдына қойған міндеттерінің бірі – сапалы консультациялық қызметтер көрсету және  Қор салымшылары мен алушыларына арналған ақпараттық арналарды барынша дамыту. Осылайша ағымдағы жылдың бес айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кері байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтініштер саны шамамен екі есеге өсті. 2020 жылы 558 005 өтініш жасалса, 2019 жылдың осы кезеңіндегі өтініш саны – 253 063. 

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) call-орталықтан кеңес ала алады, сонымен қатар +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары арқылы www.enpf.kz корпоративтік сайтында, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында кеңес алуға болады.  


01.07.2020ж. Зейнетақыны алуға уақытылы хабарласыңыз

Өткен өміріне сын көзбен қарап, өзіне есеп беретін ең саналы кезең – «алтын күзді» басынан әр адам өткереді. Көпшілігіміз бұл сәтті тағатсыздана күтеміз, бірақ күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, бұл күн туралы мүлде ұмытып кететіндер немесе зейнетақыны ресімдеуді кейінге қалдыратындар да жоқ емес. Сондықтан зейнетақыны дер кезінде неліктен ресімдеу керектігін біз «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (филиал атауы) директоры (филиал директорының аты-жөні) білген едік. 

- (филиал директорының аты, әкесінің аты), зейнет жасына толған адамға қашан және қайда хабарласу керек?   

- Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына және еңбек сіңірген демалысқа шығуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушыларға тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы ЭЦҚ пайдалана отырып жүгіну қажет. 

- Бұл тек БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге қатысты ма әлде мемлекеттік зейнетақы төлемдері үшін де осындай әрекет жасалуы керек пе?   

- Бұрын бұл екі түрлі өтініш беру арқылы жасалатын: зейнетақы жинақтары төлемін алу үшін жұртшылық БЖЗҚ-ға, Мемлекеттік зейнетақы тағайындау үшін ХҚКО-ға жүгінетін. Ал 2018 жылдың қазан айынан бастап мемлекеттік бюджеттен және БЖЗҚ-дан жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға ХҚКО-ға бірыңғай өтініш беру бойынша «композиттік» қызмет енгізілді.  

- Бұл өте ыңғайлы екен! Мұны қай кезде жасау керек?

- ХҚКО-ға зейнетақы алу үшін берілетін өтініш пен құжаттарды зейнет жасына толғанға дейін 10 күнтізбелік күн бұрын беруге болады.    

Әсіресе бұл мемлекеттік зейнетақы алу үшін маңызды, өйткені ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет, сондай-ақ, заң бойынша жасына байланысты зейнетақы мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда (ХҚКО) тіркелген күн өтініш берілген күн болып есептеледі.    

Естеріңізге сала кетейік, жасына байланысты берілетін зейнетақыны біздің елімізде жалпыға бірдей тағайындалған зейнеткерлік жасқа толған адамдар ала алады: ерлер – 63 жаста, әйелдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толғанда (жыл сайын әйелдердің зейнеткерлік жасы өсе береді, ол 2027 жылы ерлердің зейнет жасымен теңескенге дейін жалғасады).

Сондай-ақ, БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдерін алу үшін егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар, БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар жүгіне алады.  

- Сіз бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар туралы айттыңыз, оларға да ХҚКО-ға келу керек пе? 

- Егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе БЖЗҚ веб-сайты арқылы ЭЦҚ пайдалана отырып өтініш берулері қажет. ХҚКО-да 1 және 2 топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін жасауға берілген өтініштер қабылданбайды.  

- БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағы соншалықты көп емес азамат жинағын бір мезгілде бірден ала алады ма?   

- Егер жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы өтініш берген күні республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана алуына болады. 01.04.2020ж. бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңгені құрайтын болғандықтан, біржолғы төлем жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 485 292 теңге шегінде болған жағдайда жүзеге асырылады.  

- Төлемдер бойынша статистиканың қазіргі жағдайы қандай және оларға карантиндік іс-шаралар әсерін тигізді ме?   

- 2020 жылдың басынан бастап 2020 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дан зейнеткерлік жасқа жетуіне және мерзімсіз уақытқа бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты жалпы сомасы шамамен 25 млрд теңге болатын 741, 5 мың төлем жүзеге асырылды.

Карантиндік іс-шаралар БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне әсер етпейді, өйткені зейнетақы капиталы әр адамның бүкіл еңбек еткен уақыты бойында қалыптасты, ал төлемдер әрбір алушы үшін қатаң белгіленген кесте бойынша зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

ТЖ кезеңінде мемлекет басқалармен қатар ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты көрсеткішті де қайтадан қарастырды; тиісінше, БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы ең төменгі төлем мөлшері  КД-ның 54% төмен болмауы тиіс, яғни 16 838,82 теңгеден 17 640,72 теңгеге дейін артты.  

- Сұхбатымызды осындай оптимистік нышанда аяқтаймыз. Рахмет!

 


01.07.2020ж. Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейі арта түсті 

Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығының деңгейін анықтайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шығарылды.

Зерттеулерді «Стратегиялық зерттеулер орталығы» Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының тұрғындары арасында жаппай сауалнама жүргізу әдісімен өткізді. Жалпы алғанда 3000 респондент сауалнамаға қатысты, олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыз адамдар бар. Респонденттердің басым бөлігі (сауалнамаға қатысқандардың 899-ы немесе 29,97%) коммерциялық бизнес саласында жұмыс істейтіндер. Одан кейінгілер өндірістік бизнесте жұмыспен қамтылғандар – 386 респондент немесе сауалнамаға қатысқандардың жалпы санының 12,87%-ы. Сұралғандардың арасында маңыздылығы жағынан үшінші топ – 368 адам немесе 12,27% болатын ауыл шаруашылығы қызметкерлері болды. Ғылым саласында қызмет ететіндердің саны ең азы болып шықты, 30 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 2,87%-ы өздерін осы қызмет саласына жатқызады.

Зерттеу сауалнамасы сұрақтарының негізгі дені Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын анықтауға бағытталған 24 сұрақтан тұрды.

Сауалнаманың нәтижелері халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейінің жоғарылағанын көрсетті.

Қаржылық сауаттылықтың базалық деңгейі 63,4% болды (алдыңғы көрсеткіш 2018 жылы 60,2%, 2017 жылы 58,2%).

Қаржылық сауаттылықтың озық деңгейін 26,9% респондент құрады (2018 жылы 25,3%, 2017 жылы 24,7%).

Бұдан халықтың білімі мен қаржылық сауаттылық деңгейінің жылдан жылға біртіндеп өсіп келе жатқанын көруге болады.

Базалық деңгейді растау үшін бірқатар сұрақтарға жауап беру қажет болды. Атап айтқанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің операторы кім; БЖЗҚ функциялары; зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерінің қандай түрлері бар деген тәрізді және т. б. сұрақтар қойылды.

Базалық білім деңгейін бағалау үшін қойылған барлық сұрақтар бойынша дұрыс жауаптар үлесінің көбейгендігі байқалды.

Сонымен  зейнетақы төлемдерінің түрлері туралы дұрыс жауаптардың үлесі 37% - дан 45%  дейін, зейнетақы жарналарының түрлері туралы дұрыс жауаптардың үлесі 74% - дан 77% дейін, БЖЗҚ қызметтері туралы 52% - дан 79%  дейін, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің операторы кім болып табылатыны туралы 60% - дан  64%  дейін өсті.

Тек зейнет  жасына қатысты сауал ғана жылдан жылға респонденттер үшін қиындап бара жатқандай. Мәселен, 2017 жылы – әйелдер үшін зейнетке шығу 58 жас, ерлер үшін – 63 жас болған кезде дұрыс жауаптар үлесі 80% болған еді. Ал 2018 жылдан бастап әйелдер үшін зейнетке шығу 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 0,5 жылға өсіп отыратын болды. Осы өзгерістерге байланысты 2018 жылы зейнеткерлік жас туралы дұрыс жауаптардың үлесі 78%  дейін, 2019 жылы 53% дейін төмендеп кетті.

Жоғары білім деңгейін бағалауға арналған сауалдар күрделірек болды: зейнетақы жинақтарын қандай ұйым инвестициялайды, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі инвестициялық табыс, зейнетақы аннуитеті, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік, салық салу және т. б.

Осылайша зейнетақы жинақтарын инвестициялайтын ұйым туралы сауалға қатысты дұрыс жауаптар үлесі 15% – дан 30%  дейін өсті, зейнетақы жинақтарының түрлі қаржы құралдарына инвестицияланатыны және инвестициялық табыс есебінен көбейетіндігі туралы сұраққа берілген дұрыс жауаптар үлесі 35% - дан 38%  дейін, зейнетақы төлемдеріне салынатын салық туралы берілген дұрыс жауаптар 22% - дан 28%  дейін өсті.

Сауалнама нәтижелері респонденттердің басым бөлігінің БЖЗҚ-ның негізгі функциялары туралы хабардар екенін көрсетті. Бұл БЖЗҚ-ның жинақтаушы зейнетақы жүйесінде атқаратын рөлі туралы жалпы түсініктің бар екенін, сондай-ақ халықтың басым бөлігінің олардың қаржылық әл-ауқатының негізгі көзі БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы жинақтары болады деген пікірді ұстанатындықтарын білдіреді. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 1437-сі немесе жалпы санының 47,9% дәл осылай жауап берді. Респонденттердің 23,63%  пікірінше, мемлекет тарапынан берілетін зейнетақы – маңыздылығы жағынан екінші орында, ал басқа жинақтарға сұралғандардың жалпы санының тек 11,57% ғана сенім артады.

Респонденттер үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпараттың негізгі көзі БЖЗҚ-ның ресми сайты және Қордың қызмет көрсету кеңселері болып табылатыны да маңызды мәлімет. Пайыздық қатынаста бірінші әдіс сұралғандардың 29% үшін, екіншісі 23,8% үшін өзекті. Ақпарат көздері арасында таныстардан ақпарат алу 12,6% көрсеткішпен үшінші орынды иеленді. ENPF ұялы қосымшасының ақпарат көзі ретінде танымалдығы да басқа тәсілдерден еш кем емес, оның көмегімен респонденттердің 9,2% Қордың жұмысы туралы әрдайым пайдалы ақпарат алып отырады.

Зерттеу барысында халыққа қосымша түсіндіруді талап ететін тақырыптар да анықталды. Олардың ішінде зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты, оларды инвестициялау және сақтау кепілдігі, өз зейнетақысын болжау мүмкіндігі, ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері мен төлеу шарттары, бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде міндетті зейнетақы жарналарын төлеу сияқты мәселелер бар.

Зерттеу қорытындылары Қазақстан халқы арасында  зейнетақы жүйесі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру барысында ескерілетін болады.


01.07.2020ж. Қазақстандықтар  БЖЗҚ-дағы шоттарына 428 миллиард теңгеден аса қаржы аударды  

Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бастап 428,2 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіштерден 12% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95% астамы БЖЗҚ - ға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түрінде аударылған түсімдердің үлесінде, оның сомасы – 408 млрд теңге, ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 20 млрд теңгеден астам, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 134 млн теңгені құрады. 

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша заңды тұлғалар 385 млрд. теңгеден астам, жеке тұлғалардан – 21 млрд. теңге, ал бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден 2 млрд. теңге аударылды. 

Өзінің жеке зейнетақы шоттарын биыл кем дегенде бір рет (2020 жылғы қаңтар – мамыр) толтырған белсенді салымшылардың жалпы саны 8,3 млн. адамнан асты. Бұл 2019 жылғы белсенді салымшылардың санынан 1,2 есе көп, ол кезде бұл көрсеткіш 6,6 млн. адам болды.  

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының саны 1 миллион бірлікке артты. Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бірлікті құраса,  1 маусымда 11,6 миллионға (11 682 546) жетті. ЖЗШ ең көп ашылған ай сәуір болды, бұл айда 954 952 шот ашылды, екінші орынды мамыр айы иеленді – 52 530, одан әрі ақпан – 30 455 жаңа ЖЗШ. 

Мамыр айында өткен аймен салыстырғанда БЖТ бойынша аударылған жарналар үлесінің төмендеуі байқалды. Сәуір айында 3 миллионнан астам жарна төленді, мамыр айында БЖТ бойынша жарналар саны 317 573 бірлікті құрады. БЖТ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүрген, сондай-ақ жалдамалы қызметкер еңбегін пайдаланбайтын, салық агенттеріне қызмет көрсетпейтін және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін басқа жеке тұлғаларға сатумен айналысып жүрген (жылдық табысы 1175 АЕК-тен аспауы тиіс) жеке тұлғаларға арналған. БЖТ зейнетақы төлемін алуға және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай базалық зейнетақы төлемін алуға; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға; еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктілік және босануға, бала асырап алуға, 1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер алуға құқық береді.


01.07.2020ж. БЖЗҚ алушыларға 62 миллиард теңгеден аса қаржы төледі 

2020 жылдың алғашқы бес айында Қор 209 213 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 62,4 миллиард теңгеге 794 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 24,7 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 14,2 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 13,3 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 8,6 млрд теңге;

- жерлеуге берілетін төлемдер – 894,1 млн теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 661,7 млн теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 393 теңгені құрап,  ең жоғарғы ай сайынғы төлем  сомасы 506 980 теңге болды. 

 


Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейі арта түсті 

Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығының деңгейін анықтайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шығарылды.

Зерттеулерді «Стратегиялық зерттеулер орталығы» Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының тұрғындары арасында жаппай сауалнама жүргізу әдісімен өткізді. Жалпы алғанда 3000 респондент сауалнамаға қатысты, олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыз адамдар бар. Респонденттердің басым бөлігі (сауалнамаға қатысқандардың 899-ы немесе 29,97%) коммерциялық бизнес саласында жұмыс істейтіндер. Одан кейінгілер өндірістік бизнесте жұмыспен қамтылғандар – 386 респондент немесе сауалнамаға қатысқандардың жалпы санының 12,87%-ы. Сұралғандардың арасында маңыздылығы жағынан үшінші топ – 368 адам немесе 12,27% болатын ауыл шаруашылығы қызметкерлері болды. Ғылым саласында қызмет ететіндердің саны ең азы болып шықты, 30 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 2,87%-ы өздерін осы қызмет саласына жатқызады.

Зерттеу сауалнамасы сұрақтарының негізгі дені Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын анықтауға бағытталған 24 сұрақтан тұрды.

Сауалнаманың нәтижелері халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейінің жоғарылағанын көрсетті.

Қаржылық сауаттылықтың базалық деңгейі 63,4% болды (алдыңғы көрсеткіш 2018 жылы 60,2%, 2017 жылы 58,2%).

Қаржылық сауаттылықтың озық деңгейін 26,9% респондент құрады (2018 жылы 25,3%, 2017 жылы 24,7%).

Бұдан халықтың білімі мен қаржылық сауаттылық деңгейінің жылдан жылға біртіндеп өсіп келе жатқанын көруге болады.

Базалық деңгейді растау үшін бірқатар сұрақтарға жауап беру қажет болды. Атап айтқанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің операторы кім; БЖЗҚ функциялары; зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерінің қандай түрлері бар деген тәрізді және т. б. сұрақтар қойылды.

Базалық білім деңгейін бағалау үшін қойылған барлық сұрақтар бойынша дұрыс жауаптар үлесінің көбейгендігі байқалды.

Сонымен  зейнетақы төлемдерінің түрлері туралы дұрыс жауаптардың үлесі 37% - дан 45%  дейін, зейнетақы жарналарының түрлері туралы дұрыс жауаптардың үлесі 74% - дан 77% дейін, БЖЗҚ қызметтері туралы 52% - дан 79%  дейін, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің операторы кім болып табылатыны туралы 60% - дан  64%  дейін өсті.

Тек зейнет  жасына қатысты сауал ғана жылдан жылға респонденттер үшін қиындап бара жатқандай. Мәселен, 2017 жылы – әйелдер үшін зейнетке шығу 58 жас, ерлер үшін – 63 жас болған кезде дұрыс жауаптар үлесі 80% болған еді. Ал 2018 жылдан бастап әйелдер үшін зейнетке шығу 2023 жылы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 0,5 жылға өсіп отыратын болды. Осы өзгерістерге байланысты 2018 жылы зейнеткерлік жас туралы дұрыс жауаптардың үлесі 78%  дейін, 2019 жылы 53% дейін төмендеп кетті.

Жоғары білім деңгейін бағалауға арналған сауалдар күрделірек болды: зейнетақы жинақтарын қандай ұйым инвестициялайды, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі инвестициялық табыс, зейнетақы аннуитеті, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік, салық салу және т. б.

Осылайша зейнетақы жинақтарын инвестициялайтын ұйым туралы сауалға қатысты дұрыс жауаптар үлесі 15% – дан 30%  дейін өсті, зейнетақы жинақтарының түрлі қаржы құралдарына инвестицияланатыны және инвестициялық табыс есебінен көбейетіндігі туралы сұраққа берілген дұрыс жауаптар үлесі 35% - дан 38%  дейін, зейнетақы төлемдеріне салынатын салық туралы берілген дұрыс жауаптар 22% - дан 28%  дейін өсті.

Сауалнама нәтижелері респонденттердің басым бөлігінің БЖЗҚ-ның негізгі функциялары туралы хабардар екенін көрсетті. Бұл БЖЗҚ-ның жинақтаушы зейнетақы жүйесінде атқаратын рөлі туралы жалпы түсініктің бар екенін, сондай-ақ халықтың басым бөлігінің олардың қаржылық әл-ауқатының негізгі көзі БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы жинақтары болады деген пікірді ұстанатындықтарын білдіреді. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 1437-сі немесе жалпы санының 47,9% дәл осылай жауап берді. Респонденттердің 23,63%  пікірінше, мемлекет тарапынан берілетін зейнетақы – маңыздылығы жағынан екінші орында, ал басқа жинақтарға сұралғандардың жалпы санының тек 11,57% ғана сенім артады.

Респонденттер үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпараттың негізгі көзі БЖЗҚ-ның ресми сайты және Қордың қызмет көрсету кеңселері болып табылатыны да маңызды мәлімет. Пайыздық қатынаста бірінші әдіс сұралғандардың 29% үшін, екіншісі 23,8% үшін өзекті. Ақпарат көздері арасында таныстардан ақпарат алу 12,6% көрсеткішпен үшінші орынды иеленді. ENPF ұялы қосымшасының ақпарат көзі ретінде танымалдығы да басқа тәсілдерден еш кем емес, оның көмегімен респонденттердің 9,2% Қордың жұмысы туралы әрдайым пайдалы ақпарат алып отырады.

Зерттеу барысында халыққа қосымша түсіндіруді талап ететін тақырыптар да анықталды. Олардың ішінде зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты, оларды инвестициялау және сақтау кепілдігі, өз зейнетақысын болжау мүмкіндігі, ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері мен төлеу шарттары, бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде міндетті зейнетақы жарналарын төлеу сияқты мәселелер бар.

Зерттеу қорытындылары Қазақстан халқы арасында  зейнетақы жүйесі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру барысында ескерілетін болады.


«БЖЗҚ» АҚ өзекті сауалдарға жауап береді

1) Сәлеметсіздер ме! Мен БЖЗҚ қосымшасын жүктеп алғанмын және екі-үш күн сайын жеке зейнетақы шотымнан үзінді көшірмемді қарап, тексеріп отырамын. Байқағаным, сома үнемі өзгеріп отырады, оның тек көбейіп қана қоймай, кеміп отыратын кездері де болады. Неге олай болатынын түсіндіріп беріңіздерші?

Үзінді көшірмеден Сіз зейнетақы жарналары мен түскен қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық табыстан тұратын зейнетақы жинақтарының сомасын көресіз.

Естеріңізге сала кетейік, жеке зейнетақы шотына келіп түскен зейнетақы жарналары БЖЗҚ-да сақталып қана қоймайды, оны зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Ұлттық Банк зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне және БЖЗҚ инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялау лимиттеріне инвестициялайды.

Сіз жинақтар сомасының өзгерісін олардың зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес күн сайын қайта есептеліп, қайта бағаланып отыратындығынан көріп отырасыз.

Инвестициялық табыс тұрақты шама емес, сол себепті ол қысқа мерзім ішінде  оң нәтиже немесе сол нәтиже  көрсетуі мүмкін. 

БЖЗҚ салымшыларының қаражаты тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялау түрлері, бағыттары, оның ішінде валюталар бойынша әртараптандырылатынын есте сақтау маңызды. Мысалы, қазіргі уақытта инвестициялардың 2/3  теңгемен және 1/3  шетел валютасымен, соңғысының басым бөлігі – АҚШ долларымен номиналданады.

Сондай-ақ инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыстар және т. б. кіреді.

Мысал ретінде салымшылар мен алушылардың шоттарына 2020 жылы есептелінген инвестициялық табысты қарастыруға болады. Қаңтар айында таза инвестициялық табыс +28,15 млрд теңгені, ақпан айында +111,7 млрд теңгені, наурыз айында +521,8 млрд теңгені, сәуір айында – 125,6 млрд теңгені, мамырдан бастап 2 маусымға дейінгі аралықта – 102,4 млрд теңгені құрады.

Наурыз айында инвестициялық табыстың айтарлықтай өсуі (+521,8 млрд.теңге), ал сәуір, мамыр және маусым айларының  басында инвестициялық табыстың төмендеуі  байқалады. Бірақ соған қарамастан 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 2 маусымға дейінгі кезеңдегі инвестициялық табыстың жалпы сомасы +433,6 млрд теңгені құрап, оң нәтижеге қол жетті. 

Егер осы жылдың наурыз айы неліктен соншалықты табысты болғанын анықтағыңыз келсе, бірнеше айға кейін шегінейік және дәл наурыз айында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 381-ден 448 теңгеге дейін артқанын еске  түсірелік. Дәл сол кезде біз оң нәтижені көрдік. Себебі, валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерін оң валюталық қайта бағалау зейнетақы активтері бойынша таза инвестициялық табыстың елеулі өсуіне әсер етті.

Сәуір айында  керісінше, АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 448 теңгеден 424 теңгеге дейін төмендеп, нығая түсті. Ұлттық валютаның нығаю үрдісі 2020 жылдың мамырында да жалғасты. АҚШ долларының құны 411 теңгеге дейін төмендеді. Маусымның алғашқы күндері ұлттық валюта бағамының 1 АҚШ доллары үшін 402 теңгеге дейін төмендеуімен сипатталды. Тиісінше, валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерін теріс бағалау орын алып, ол өз кезегінде инвестициялық табыстың төмендеуіне ықпал етті.

Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыс мөлшерін кем дегенде бір жыл кезеңде талдаған дұрыс екендігіне назар аударамыз. 

2) Жақында мен өзімнің зейнетақы жинақтарымды БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аудара алатынымды білдім.  Ол үшін менің шотымда қаншалықты сома болуы керек және қаражатымды сақтандыру ұйымына аударған немесе БЖЗҚ-да қалдырған жағдайда қандай төлем алатынымды білсем бола ма?   

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысы Қордың сайтындағы ең танымал сервистердің бірі – болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан да, сақтандыру ұйымынан да алатын өзінің болашақ зейнетақы төлемдерін дербес есептей алады. Атап айтқанда, ол Қазақстанның көп деңгейлі зейнетақы жүйесі аясындағы зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды: мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы.

Зейнетақы жинақтарының (МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен қалыптасқан) болжамды мөлшері зейнеткерлік жасқа толуға жеткілікті болған жағдайда, пайдаланушыға болашақта сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау және зейнетақы төлемдерін өмір бойына алу мүмкіндігі туралы хабарламасы бар қалқымалы терезе пайда болады. Есептеу сақтандыру ұйымынан берілетін аннуитеттік төлемнің болжамды мөлшерін сол жерде білуге мүмкіндік береді. Осылайша Сіз оны БЖЗҚ-дан кесте бойынша берілетін төлемдермен өзіңізше салыстыруға қол жеткізе аласыз.  

Есептеу оңай және өте қарапайым. Ол үшін болжамды калькулятордағы туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтың сомасы және т. б. сияқты барлық қажетті бағандарды толтыру керек. Егер enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болсаңыз, онда калькулятордағы бағандар автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыңыздың есебі екі-үш рет басқанда-ақ жүзеге асырылады.

БЖЗҚ-дан берілетін болашақ төлемдеріңізді есептеу нәтижесі үш сценарийде  беріледі: пессимистік, шынайы және оптимистік. Барлық үш нұсқа кірістіліктің болжамды деңгейін ескереді. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық көріністе (болжамның тиісті кезеңінің инфляциясын шегере отырып) ұсынылады. Сонымен қатар зейнеткерлікке шығатын жасыңыз бен мерзімді, жинағыңыз таусылатын жыл санын және т. б. көре аласыз.

Жоғарыда аталған тамаша мүмкіндіктермен қатар enpf.kz сайтында сақтандыру ұйымына аудару үшін ағымдағы жылы жинақталған зейнетақы қаражатының жеткілікті сомасын есептеу мүмкіндігі де бар. Ол үшін Сізге «Жинақтарды ӨСК-ге аудару» бағанындағы зейнетақы калькуляторы қажет болады.

3) Қайырлы күн! Менің сіздерден сұрайын дегенім, төтенше жағдай кезеңінде мен 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны екі рет алдым, бұл менің зейнетақы шотыма қандай да бір әсерін тигізе ала ма?   

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 42 500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік жәрдемақыға ешқандай қатысы жоқ. Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде берілетін әлеуметтік жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) беріледі.

МӘСҚ активтері – әлеуметтік аударымдардан жинақталған қаражат, ол ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңында көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайлары туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдерге арналған. Әлеуметтік тәуекел жағдайларына, мәселен, жұмысынан, еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айрылу, жүктілігі және босануына, жаңадан туған нәрестені (сәбиді) асырап алуына, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты болуына орай табысын жоғалту жатады.

Ал БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері – бұл «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнетақы төлемдеріне арналған салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы меншікті ақшасы (зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысы).

Сонымен қатар БЖЗҚ-дағы Сіздің зейнетақы жинақтарыңыздың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Заңның 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

4) Білгім келетіні, «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы салына ма? Егер салынатын болса, мөлшері қандай? 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабында баяндалған редакциядағы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 320 және 326-баптарына сәйкес салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс түрлері мен зейнетақы төлемдері түріндегі табыстарға қолданылатын салық мөлшерлемесі айқындалған. 

Атап айтқанда, 320-бапқа сәйкес – Салық төлеушінің табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарды қоспағанда, оларға 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.

326-бапқа сай – Салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын:   

1) салық төлеушілердің:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары;

2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрғылықты тұратын жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;

3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс  тұрғылықты тұратын жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;

4) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.

 

5) Сәлеметсіз бе! Жақында Норвегияның зейнетақы қоры туралы мақала оқыдым, олардың Қорында жұмсауға үлгере алмай жатқан орасан зор сома жиналып қалған екен, ал біздің БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтері неге сонша аз?  

Салыстырудың өзі қисынсыз, өйткені өзінің атауына қарамастан Норвегия азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру Норвегияның мемлекеттік зейнетақы қорының бастапқы және басым міндеті болып табылмайды. Мемлекетке тиесілі бұл Қор сонымен бірге жинақтаушы және тұрақтандырушы ұйым болып табылады және оның міндеті – бюджет саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Норвегия Парламентіне тиесілі Қордың мемлекеттік бюджетке жыл сайынғы транштарының зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету туралы қатаң нысаналы мақсаты жоқ, бұл Норвегия бюджетін қаржыландыру көздерінің бірі ғана, ал оларға бөлінетін қаражат Скандинавия елінің экономикасы мен өмірінің түрлі салаларына бағытталуы мүмкін.

МЗҚ-ның БЖЗҚ-дан тағы бір ерекшелігі, қазақстандық Қорға қарағанда норвегиялық активтер азаматтардың дербестендірілген жинақтары болып табылмайды, шын мәнінде Норвегияның ұлттық әл-ауқатын тұрақтандыру қоры болып табылады. Осылайша Норвегияның Мемлекеттік зейнетақы қорының жинақтарды қалыптастыру қағидаты мен стратегиялық мақсаттарын  қазақстандықтардың жеке зейнетақы жинақтары қалыптастырылатын БЖЗҚ-мен емес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорымен (ол өз уақытында дәл осы норвегиялық үлгі бойынша құрылған) салыстырған дұрыс болар еді.


«БЖЗҚ» АҚ  филиалдары  қазір қалай жұмыс істеуде?  

Қазақстанда соңғы аптада осыған дейін енгізілген карантиндік шектеулерді кезең-кезеңмен алып тастау басталды. Бұл ретте коронавирустық инфекция (COVID-19) таралуының ағымдағы жағдайын және республикамыздың кейбір қалаларында сақталып отырған карантинді ескерудің маңызы зор. Осыған байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бес өңірлік филиалы (Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары) мен Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалда Қордың салымшылары мен алушыларына күндізгі қызмет көрсету нысанына біртіндеп көшудің басталғанын хабарлайды.

БЖЗҚ осы филиалдарда бірқатар шектеу іс-шараларын енгізбек, атап айтсақ, азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады. Жазылуды enpf.kz корпоративтік сайтында екі-үш әрекетпен-ақ оп-оңай іске асыруға болады. «Электрондық сервистер» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет алу кезегін брондау» баннерін басып, әрі қарай Сіз біздің филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетіңізше таңдай аласыз. Филиалдардың жұмыс тәртібі 9:00-ден 18: 00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Түскі үзіліс кезінде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейін операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртіп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында жұмыс үстелінің үстін, орындықтарды, есік тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттан екі техникалық үзіліс  қарастырылған.

Қалған өңірлерде 15 маусымға дейін «БЖЗҚ» АҚ бірқатар шектеу шараларын күшінде қалдырды. Осылайша азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлімшелері кеңседе жұмыс істеуге филиал бөлімшесінің штаттық санынан 50% - дан аспайтын мамандарды тарта отырып, құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады.

Филиалдардың байланыссыз қызмет көрсету бойынша жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден бастап 14:00-ге дейін созылады. Байланыссыз қызмет көрсететін филиалдардың мекенжайлары enpf.kz сайтына орналастырылған.   

Қордың кезекші қызметкерлері алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу);

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұра);

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (ерекше жағдайларда, Қор қызметін тұтынушының талабы бойынша);

- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтініштерді ресімдеу.

БЖЗҚ қызметінің өзге де түрлерін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелерді өзгерту, ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т. б. Сіз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде ала аласыз (электрондық қызметтерді алу тәртібі бойынша нұсқаулықтар тиісті бөлімдерде қоса беріледі).

Сонымен қатар Қор қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерін алу үшін қашықтықтан көрсетілетін қызметтерді төмендегі тәсілдер арқылы қамтамасыз етуге әрқашан дайын:

1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон байланысы арқылы өтініш жасау (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына жүгіну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp, Viber, Facebook, ВКонтакте чат-боттары;

4) Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші;

5) өтініштерді enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жіберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік  желілердегі  аккаунттар.

Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтік сайтында алдын ала онлайн түрде тексеріп, кейіннен пошта байланысы ("Қазпошта" АҚ) арқылы жіберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.


«БЖЗҚ» АҚ  озық электрондық сервисінің арқасында өз салымшыларына 7 миллионнан аса қызмет көрсетті   

2020 жылдың 1 мамырына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметтерінің 90%  электрондық форматта орындады. Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай мен карантинге қарамастан БЖЗҚ салымшыларына көрсетілген  қызметтердің саны азаймақ түгілі 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда анағұрлым көбірек болды. Мұндай жетістікке электрондық форматта қызмет көрсетудің орнықты жүйесі арқылы қол жеткізілді.   

2020 жылдың алғашқы төрт айында БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушыларына 7 миллионнан аса, дәлірек айтсақ, 7 086 954 қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15,3%  жоғары. 6,4 миллион қызмет электрондық форматта ұсынылды. Қазіргі уақыттағы ең танымал қызмет – жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу. Салымшылар осы қызметті 6,5 миллион реттен астам пайдаланып, ол 2019 жылғы 1 мамырдағы көрсеткіштермен салыстырғанда  26%  өскен. Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме шамамен 6,3 миллион рет электрондық нұсқада алынды. Бұл Қор салымшыларының Жеке кабинет қызметінің артықшылығын сайт пен  БЖЗҚ ұялы қосымшасында жоғары бағалағандарынын білдіреді. Өйткені, кез келген азамат үзінді көшірмені екі-үш саусақ  қимылымен-ақ алып, өзінің жинақтарын үнемі бақылауда ұстай алады.

Естеріңізге сала кетейік, Жеке кабинетте тек үзінді көшірмені ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын бірқатар қызметтерді де алуға болады. Мысалы, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем жасау және (немесе) көшу туралы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар.

Бұған қоса  бір жыл бұрын БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілген болатын. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, өткен жылғы қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне ЖЗШ ашу туралы өтінішті ресімдеу мақсатында жүгінудің қажеті жоқ. Егер жеке тұлғаның  БЖЗҚ-да ЖЗШ болмаса, онда ол алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Осылайша  2020 жылдың алғашқы төрт айында 1 миллионнан астам ЖЗШ ашылды, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 12 есе артық.

Төтенше жағдай режимінің тоқтатылғанына қарамастан, Қазақстан қалаларында карантин режимінің сақталатынын атап өту керек. Осыған орай, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, БЖЗҚ бірқатар шектеу шараларын қалдырғанын және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау,  халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлімшелері кеңседе жұмыс істеу үшін филиал бөлімшелеріндегі штат санының 50%  аспайтын мамандарын тарта отырып, құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асыратынын хабарлайды.

Қордың кезекші қызметкерлері алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу);

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұра);

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (ерекше жағдайларда, Қор қызметін тұтынушының талабы бойынша);

- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтініштерді ресімдеу.


Болашақ зейнетақы мен аннуитет бойынша төлем мөлшерін қалай білуге болады?  

enpf.kz сайтындағы болжамды калькуляторға жаңа функция қосылды 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысы Қор сайтындағы ең танымал сервистердің бірі – Болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, өзінің болашақ зейнетақы төлемдерін дербес есептей алады. Ол Қазақстанның көп деңгейлі зейнетақы жүйесі аясындағы мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы сияқты барлық құрамдауыштарын қамтиды.

Есептеу оңай және өте қарапайым. Ол үшін болжамды калькулятордағы туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтың сомасы және т. б. сияқты барлық қажетті бағандарды толтыру керек. Егер enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болсаңыз, онда калькулятордағы бағандар автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыңыздың есебі екі-үш рет басқанда-ақ жүзеге асырылады.

Бұдан әрі Сіз БЖЗҚ-дан берілетін болашақ төлемдеріңізді есептеу нәтижесін көресіз, олар үш сценарийде беріледі: пессимистік, шынайы және оптимистік. Барлық үш нұсқа кірістіліктің болжамды деңгейін ескереді. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық көріністе (болжамның тиісті кезеңінің инфляциясын шегере отырып) ұсынылады. Сонымен қатар зейнеткерлікке шығатын жасыңыз бен мерзімді, жинағыңыз таусылатын жыл санын және т. б. көре аласыз.

Болжамды калькуляторға жаңа функция қосылғанын ескерте кеткіміз келеді. Зейнетақы жинақтарының (МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен қалыптасқан) болжамды мөлшері зейнеткерлік жасқа толуға жеткілікті болған жағдайда, пайдаланушыға болашақта сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау және зейнетақы төлемдерін өмір бойына алу мүмкіндігі туралы хабарламасы бар қалқымалы терезе пайда болады. Есептеу сақтандыру ұйымынан берілетін аннуитеттік төлемнің болжамды мөлшерін сол жерде білуге мүмкіндік береді, осылайша Сіз оны БЖЗҚ-дан кесте бойынша берілетін төлемдермен өзіңізше салыстыруға қол жеткізесіз.   

Естеріңізге сала кетейік, enpf.kz сайтында сақтандыру ұйымына аудару үшін ағымдағы жылы жинақталған зейнетақы қаражатының жеткілікті сомасын есептеу мүмкіндігі де бар, ол үшін Сізге «Жинақтарды ӨСК-ге аудару» бағанындағы зейнетақы калькуляторы қажет болады.


1-маусымнан бастап БЖЗҚ қызметтері Қазпоштаның 304 бөлімшесінде қолжетімді 

Еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны сәтті атқарып келе жатқандарына да жылдың жүзі болып қалды. Қазпошта операторларын оқыту шарасы өткізілгеннен кейін зейнетақы қызметтері БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ елді мекендерде енгізілді. Енді салымшылар бұрын таяу жерде орналасқан ірі елді мекендерге бару керек болған қызметтерді еш қиындықсыз ала алады. Тек өткен жылдың өзінде  ұлттық пошта желісі операторының шамамен 200 бөлімшесі іске қосылды. Ал 1 маусымнан бастап бұл сан 300 бөлімшеден асып түсті. Әсіресе Қарағанды және Түркістан облыстарында БЖЗҚ қызметтері көрсетілетін Қазпошта бөлімшелерінің саны тиісінше, 44 және 19 бөлімшеге толықтырылады.  

Естеріңізге сала кетейік, тұрғындар Қазпошта бөлімшелерінде мына қызмет түрлерін ала алады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
  • хабарландыру тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) туралы келісімге қол қою.

Ағымдағы жылдың маусым айында Қазпоштаның жаңа бөлімшелері іске қосылғаннан кейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының республика бойынша белсенділігі 142%-ға артады. Қазақстандық ұлттық пошта желісінің операторы арқылы қызмет көрсетуге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарындағы елді мекендер қосылды. Ал барлық елді мекендердің толық тізімін enpf.kz сайтынан көруге болады.  


Карантин кезінде жинақтарыңызды қалай тексеруге болады?

Бүкіл әлем бойынша коронавирус (COVID-19) індетінің ойран салғанына біраз уақыт өтті. Қауіпті дертке шалдыққандар саны бір миллион адамнан асты. Қасіреті алапат ауыр сырқат Қазақстанды да айналып өтпеді.  Елімізде тараған вирус барлық облыстарға  жетіп, аурухана төсектеріне таңылған адамдар саны күн сайын артуда. Осыған орай елімізде төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылданып, ірі қалаларда  карантин жарияланды.

Осының бәрі әрине, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдарының жұмыс тәртібіне де әсер етті. Инфекцияның таралу қауіпіне байланысты Қордың Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Қызылорда, Kөкшетау қалаларындағы өңірлік бөлімшелері күндізгі құжат қабылдауды тоқтатып, салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша қашықтықтан қызмет көрсету режиміне ауыстырылды. Бұл филиалдардағы қашықтықтан қызмет көрсету тәртібі белгіленген карантин режимі аяқталғанға дейін жалғасады.

Тізімді қатаң карантин режимінің енгізілуіне байланысты жаңа қалалардың атаулары толықтыруы мүмкін. Бірақ әзірше Қордың басқа өңірлік бөлімшелерінде Қор көрсететін қызметтердің әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып, кейінге қалдыруға болмайтын және күндізгі қызмет көрсетуді талап ететін жағдайларда, enpf.kz сайтында орналастырылған телефондар бойынша алдын ала жазылу арқылы құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асыратын кезекші қызметкерлер жұмыс істеуде. Бұл филиалдарда құжаттарды қабылдау арнайы жабдықталған және үнемі дезинфекцияланатын жұмыс орны арқылы жүзеге асырылады.      

Алдын ала жазылуды өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлері (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған) арқылы не 1418 қысқа нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) немесе +7 727 356 10 60 (халықаралық және қалааралық қоңыраулар үшін) нөмірі бойынша БЖЗҚ байланыс орталығының мамандарымен хабарласып, жүзеге асыруға болады.

Құжаттарды байланыссыз қабылдау зейнетақы қызметтерінің төмендегі басым (кейінге қалдыруға болмайтын) түрлері бойынша жүзеге асырылатынын ескертеміз:

- салымшының / алушының қайтыс болуына (жерлеуге) байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу;

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу;

- мүгедектігіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу;

- салымшының / алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұрагерлік);

- зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтініштерді ресімдеу.

Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтік сайтында алдын ала онлайн түрде тексеріп, кейіннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жіберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.

БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушылары кез келген мәселе бойынша төмендегі тәсілдер арқылы жауап ала алады: 

1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон байланысы арқылы өтініш жасау (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына жүгіну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары;

4) Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші;

5) өтініштерді enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жіберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі аккаунттар.

Олардың жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00 дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Қордың кейінге қалдыруға болмайтын өзге де қызмет түрлерін біз электрондық сервистер – онлайн арқылы алуды табанды түрде ұсынамыз.

Мысалы, БЖЗҚ-дан алынатын ең танымал қызметтердің бірі – жеке зейнетақы шотынан үзінді алу. Қазіргі уақытта оны үйден шықпай-ақ, бірнеше минут ішінде еш қиындықсыз оп-оңай алуға болады. Сіз үзінді көшірмені enpf.kz. сайтындағы жеке кабинет арқылы ала аласыз. Оған кіру үшін сайтқа тіркеліп, өз деректеріңіз мен пароліңізді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану жеткілікті. Айта кетейік, ЭЦҚ-ны қазір egov.kz сайтындағы электрондық үкімет порталында онлайн режимінде алу қолжетімді.

Егер құпия сөзді ұмытып қалсаңыз немесе құпия сөз қауіпсіздік талаптарына сай келмесе, онда Сізге тіркеуден қайта өту керек. Ол үшін сілтемені пайдалану қажет: www.enpf.kz, «Жеке кабинет» бөлімі, «Тіркеу/Парольді ұмыттыңыз» қосымша беті, барлық бағандарды толтыру, Қордың деректер базасында тіркелген электрондық мекенжайды немесе ұялы телефон нөмірін көрсету және «Жіберу» батырмасын басу. Көрсетілген электрондық мекенжайға немесе ұялы телефон нөміріне бір реттік парольді алғаннан кейін «Бір реттік парольді енгізу» қосымша бетін пайдалану қажет. Интернет-көшірмеге қол жеткізу үшін e-mail немесе SMS арқылы алынған бір реттік парольді енгізіңіз және жаңа парольді (қаласаңыз) тіркеңіз.

Одан кейін Сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіріп, үзінді көшірмені ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын бірқатар қызметтерді де ала аласыз. Мысалы, өз деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге және (немесе) көшуге байланысты төлемге өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар.

ЖЗШ-дан үзінді көшірмені egov.kz электрондық үкімет сайтынан да алуға болады. Алайда осы тұрғыда бірқатар сұрақтар туындайды. Атап айтсақ, электрондық үкімет сайтынан алынған үзінді көшірмеде БЖЗҚ сайтынан алған үзінді көшірмеге қарағанда неліктен азырақ сома көрсетілген?  

 Бұған жауап берсек, egov.kz порталында жеке зейнетақы шоты туралы екі түрлі ақпарат алуға болады. Біріншісі, «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу». Бұл анықтамада түскен жарналар туралы ақпарат көрсетіледі, яғни ол жерде Сіздің жинағыңыз инвестициялық табыстың есебінсіз көрсетілген. Егер инвестициялық табыс есептелген үзінді көшірмені алғыңыз келсе, онда Сізге egov.kz сайтындағы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі (инвестициялық табыс есебімен) туралы ақпарат беру» деп аталатын басқа қызметті пайдалануға кеңес береміз. Айтқандай, 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) egov.kz сайты арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені ЭЦҚ көмегімен ғана емес, сондай-ақ салымшының (алушының) mgov мобильдік азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне сұраныс жіберілгеннен кейін келетін бір реттік sms-паролін қолдана отырып ала алады.

Қазір көптеген адамдар компьютер немесе ноутбукті пайдаланбайды. Барлық қызметтерді смартфон немесе планшеттер арқылы ыңғайлы және жылдам алуға дағдыланған БЖЗҚ салымшылары үшін қарапайым және көпфункциялы ENPF қосымшасы бар. Ол қазақ және орыс тілдерінде, Google Play немесе AppStore арқылы қолжетімді.

Осы ұялы қосымшаға тіркелу үшін пайдаланушы смс-хабарлама арқылы өзінің ұялы телефонына жіберілетін бір реттік парольді пайдалана алады. Ұялы қосымшада авторланудың екі тәсілі бар: ЖСН мен парольді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану, сондай-ақ ұялы құрылғыда бар болса, Android үшін Touch ID және iOS үшін IOS және Face ID арқылы кіруге болады.

БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшада Сіз жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірмені ғана алып қоймай, сонымен қатар зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштермен танысып, «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдары мен қызмет көрсету орталықтарының соңғы жаңалықтарын, мекенжайлары мен байланыстарын көре аласыз, болжамды зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыңызды есептеп, ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін онлайн-ботқа сұрақ қою және тағы басқа да  көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе аласыз.


«БЖЗҚ» АҚ өз қызметінің  85 пайызын сандық форматта көрсетеді 

Әлемде коронавирустық індетінің (COVID-19) таралуына орай қалыптасқан қиын жағдайда адамдар үйде отыр, олардың көшеге шығуға мүмкіндіктері жоқ. Алайда бұл БЖЗҚ салымшыларына Қордың электрондық сервистері арқылы қызметтердің барлық спектрін алуға еш кедергі келтірмейді.

2020 жылдың бірінші сәуіріне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры көрсеткен 4,7 миллион қызметтің 84,5% (3,9 млн.)  электрондық форматта орындалды. 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда өсім 6,8 % құрады. Көріп отырғанымыздай, біздің салымшылар ақпарат берудің дәл осы тәсілінің тиімді екеніне күн сайын көз жеткізуде.

Мысалы, Жеке кабинетте тіркеліп, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуға және өз жинақтарыңызды екі-үш рет басу арқылы онлайн тәртібінде бақылауға болады. Осылайша 2020 жылдың үш айында БЖЗҚ салымшылары мен алушылары үйден шықпай-ақ жеке зейнетақы шотынан 3,9 миллион үзінді көшірме алды. Айта кету керек, Жеке кабинеттің артықшылығы – оны Сіз www.enpf.kz корпоративтік сайтында да, біздің ENPF ұялы қосымшамызда да пайдалана аласыз.

Жеке кабинетте үзінді көшірме ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын басқа да бірқатар қызметтерді алуға болады. Мысалы, өз деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге және (немесе) көшіп-қонуға берілген өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар.

Электрондық қызметтердің танымалдығына қарамастан Қазақстанда карантиндік шаралар мен төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін БЖЗҚ салымшыларына  кеңселерде де белсенді қызмет көрсетілді. 2020 жылдың алғашқы үш айында ғана филиалдарда 646 мың қызмет көрсетілді, бұл операциялардың жалпы көлемінің 13,9%. Бірінші тоқсанда, яғни ТЖ режимі енгізілгенге дейін 74 338 барып қызмет көрсетуі жүзеге асырылып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 83,2% құрады. Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 200 мыңнан астам азаматқа  6802 барып қызмет көрсететін презентация өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімінің жеңілдетілгеніне бір жылдай уақыт өтті. Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, өткен жылғы қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне ЖЗШ ашу туралы өтінішті ресімдеу мақсатында жүгінудің қажеті жоқ. Егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты болмаса, қазір ол алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Осылайша 2020 жылдың алғашқы үш айында 70 мыңнан астам зейнетақы шоты ашылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 27,6%  жоғары.


2020 жылдың бірінші тоқсанында БЖЗҚ өз салымшыларына

45 миллиард теңгеден аса сома төледі 

2020 жылдың 1 сәуіріне Қор жалпы алғанда 195 384 алушыға төлем жасады. Жалпы сомасы 45 миллиард теңге болатын 480 мыңнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік жасқа толуы бойынша төлемдер – 16,7 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетумен байланысты төлемдер – 11,6 млрд тенге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 8,4 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 7,1 млрд теңге;

- жерлеуге берілген төлемдер – 780 млн теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 476,5 млн теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайын төленетін (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) орташа төлем 22 082 теңгені құраса,  ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы – 506 980 теңге болды.


Жеке зейнетақы шотынан берілетін үзінді көшірменің түрлері туралы 

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі  туралы бірнеше тәсіл арқылы білуге болатынын естеріңізге салады, атап айтсақ:  

  • Электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен немесе БЖЗҚ-ның деректер базасында тіркелген ЖСН мен парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) «Жеке кабинетте».
  • Жүйеде авторланып алғаннан кейін Google Play немесе App Store-дағы БЖЗҚ ұялы қосымшасынан алуға болады.

«Жеке кабинет» пен ұялы қосымшаның барлық функционалын пайдалану үшін «Интернет» ақпарат беру әдісін таңдау қажет. Бұл әрекетті enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызметтер» бөлімінде ЭЦҚ көмегімен онлайн арқылы аласыз.

Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені БЖЗҚ ұялы қосымшасынан немесе enpf.kz сайтынан ала отырып, салымшылар мен алушылар зейнетақы жинақтарының жай-күйі, яғни түскен жарналар мен инвестициялық кіріс туралы толық ақпаратты көре алады.

  • egov.kz электрондық үкімет порталында mgov.kz мемлекеттік мобильді деректер қорында тіркелген телефон нөміріне келетін ЭЦҚ немесе бір реттік пароль көмегімен алуға болады.

Сіздің назарыңызды egov.kz порталында ЖЗШ-дан үзінді көшірмені екі түрлі форматта алуға болатынына аударамыз:

зейнетақы аударымдары туралы анықтама, онда зейнетақы жарналарының аударылғандығы туралы мәліметтер инвестициялық кіріс есебінсіз көрсетіледі,

зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы инвестициялық кіріс есебі қамтылған ақпарат. Дәл осы себеппен кейбір салымшылар мен алушылар үзінді көшірмелердің аталған екі түрін салыстыра отырып, өз зейнетақы шоттарынан айырмашылықты көреді.

Сізге egov.kz сайтындағы инвестициялық табыс есебі көрсетілген үзінді көшірмеге сұраныс жасауға немесе enpf.kz сайтында және БЖЗҚ ұялы қосымшасында берілетін үзінді көшірмені алуға кеңес береміз. 

Сондай-ақ үзінді көшірмені жылына бір рет зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ЖЗШ ашу туралы өтініште көрсетілген мекенжайға, сонымен бірге  электрондық пошта мекенжайына өзіңіз таңдап алған кезеңділікпен алуға болады.

Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз Сіздің меншігіңіз болып есептеледі. Мемлекет алушылардың зейнетақы төлемін алу құқығы туындаған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып,  олар аударған міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталатынына кепілдік береді (Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5–бабы).  


Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары жыл басынан бері  879 миллиард теңгеге ұлғайды 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның 2020 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштері  

Қазақстанның ең маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың бірінші тоқсанында 879 миллиард теңгеге ұлғайды. Осылайша  азаматтарымыздың зейнетақы жинақтары 11,7 триллион теңгеден асып, 2020 жылдың басынан бергі өсім 8%  құрады.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты және соңғы 12 айда 21% - ға ұлғайып, 11,4 трлн теңге болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 272,3 млрд теңгені құрап (өсім 30%), ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден асты (өсім 10%).

Айта кетейік, «БЖЗҚ» АҚ жарналарының барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10 миллионнан асты, дәлірек айтқанда - 10 698 980 бірлік. Өткен жылдың сәуір айынан бастап өсім 3% көрсетті. ЖЗШ-лардың басым бөлігін бұрынғысынша міндетті зейнетақы жарналары есептелетін шоттар құрады - 10,1 млн, одан әрі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары - 514,8 мынетақы жарналары - 514,8 мы Ерікті зейнетақы жарналары да сенімді арқынмен өсуін жалғастыруда, олардың саны БЖЗҚ-да 2020 жылдың 1 сәуіріне 55 371 шот болды.

2020 жылдың бірінші тоқсанында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 261,9 млрд теңге зейнетақы жарналары түсті, февраль 2019 жылдың алғашқы 3 айындағы көрсеткіштен 19% артық. Төлемдер 45 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасы бойынша (16,7 млрд теңге), ҚР шегінен тыс ТТЖ кету бойынша (11,6 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына (8,4 млрд теңге), 7,1 мұраглерге теңге), жерлеуге (0,8 млрд теңге) төлемдер берілді.

Ерекше атап өтетін жәйт, 2020 жылдың басынан бастап 1 сәуірге дейінгі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық кіріс есептелді. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 564,8 млрд теңгеге артық. Ал 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы таза инвестициялық табыс 96,9 млрд теңге болған еді. Бұл ретта инвестициялық қызмет нәтижесінда шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы жәны қаржа құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынана есептелген инвестициялық кірістің мөлшері әрқашан өзгеріп тұруы мүмкін екендігіна және оны ұзақ мерзімді перспективада қарау қажет екенін ест сақтау маңызды .

2019 және 2020 жылдардағы көрсеткіштерді салыстырып қарағанда көріп отырғанымыздай, инвестициялық кіріс - бұл қаржы құралдарының құнына және тұтастай қаржы нарығыдайнда. Сондықтан жекелеген қаржы құралдары есебінен инвестициялық кіріс шамасының уақытша төмендеу ықтималдылығы болашақта зейнетақы активтерінің барлыққ инвестицияқлық портфелін ұзақ мерзімтелетін.

Дата публикации
08 ноября 2021
Дата обновления
08 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы