2026 жылдың 8 ақпанында өткізілген Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің сайлауының қорытынды ХАБАРЫ  

 

 

2026 жылдың 8 ақпанында өткізілген Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің

сайлауының қорытынды

ХАБАРЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес 2026 жылдың 8 ақпанда Сырдария ауданындағы Тереңөзек кенті әкімінің сайлауы өткізілді.

Тереңөзек кенті әкімінің сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №155,№156,№157,№158 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы Тереңөзек кенті әкімінің сайлауы өтті деп танылғанын хабарлайды.

Тереңөзек кенті әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Сайлаушылар тізіміне 7376 азамат енгізілген. Сайлау бюллетеньдерін 4743 адам немесе 64,30 пайызы алды, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 37 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 66.

Дауыс беру нәтижесінде кандидат Акбаров Ғалымжан Науретұлы үшін – 1395 дауыс, кандидат Бисембаев Нұржан Пермебайұлы үшін – 2932 дауыс, кандидат Есенкелді Ережеп Есенкелдіұлы үшін – 306 дауыс және «Барлығына қарсы» белгісімен – 44 дауыс берілді.

Дауыс беру қорытындысымен Бисембаев Нұржан Пермебайұлы Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімі болып сайланды.

Бисембаев Нұржан Пермебайұлы – 1976 жылы туған, ұлты қазақ, Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Тереңөзек кентінде тұрады. «АMANAT» партиясы ұсынған.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, Сырдария аудандық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 9 ақпандағы №АСК-69 шешімімен Бисембаев Нұржан Пермебайұлын Тереңөзек кентінің әкімі ретінде тіркеді.

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
09 февраля 2026