2026 жылғы 8 ақпанда өткен Тереңөзек кенті әкімі сайлауының қорытындысы туралы
ХАБАР
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес 2026 жылғы 8 ақпанда Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 7376 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 4743 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3. Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:
Кандаидат Акбаров Ғалымжан Науретұлы үшін сайлаушылардың 1395 дауысы берілді. Кандаидат Бисембаев Нұржан Пермебайұлы үшін сайлаушылардың 2932 дауысы берілді. Кандаидат Есенкелді Ережеп Есенкелдіұлы үшін сайлаушылардың 306 дауысы берілді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 66 , «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 44.
Сайлау қорытындысымен Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімі болып Бисембаев Нұржан Пермебайұлы сайланды, 1976 жылы туған, ұлты қазақ, Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің әкімі, Тереңөзек кентінде тұрады.
Сырдария ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы