2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Сырдария аудандық сайлау комиссиясының Тереңөзек кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ХАБАРЫ

 2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Сырдария аудандық сайлау комиссиясының Тереңөзек кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

ХАБАРЫ

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5–бабының 9-тармағына сәйкес Сырдария аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:

Тереңөзек кенті әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды. 2026 жылдың 18 қаңтар күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді. Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсынғандар. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды. Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 31 желтоқсандағы №АСК-235 қаулысы негізінде 2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Тереңөзек кенті әкімінің сайлауына кандидат болып тіркелді:

Акбаров Ғалымжан Науретұлы - 1974 жылы туған, ұлты қазақ, Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары, Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі. Қалжан Ахун ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

Бисембаев Нұржан Пермебайұлы – 1976 жылы туған, ұлты қазақ, Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Тереңөзек кентінде тұрады. «АMANAT»партиясы ұсынған.

Есенкелді Ережеп Есенкелдіұлы – 1993 жылы туған, ұлты қазақ, Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, Сырдария ауданы әкімі аппараты. Айдарлы ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 января 2026