2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Тереңөзек кенті әкімінің сайлауы бойынша сайлау учаскесінің орналасқан орны мен шекаралары туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес және «Тереңөзек кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №АСК-235 қаулысы негізінде Сырдария ауданы әкімінің аппараты сайлау учаскелерінің орналасқан орны және шекаралары туралы хабарлайды.
№155 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Сырдария аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Байланыс телефоны: 22-6-32
Шекарасы: Тереңөзек кенті: Бауыржан Момышұлы, Ыбырай Жахаев, Асқар Тоқмағанбетов, Қазақ, Жаппасбай Нұрсейтов, Жастар, Бұхарбай батыр, Достық, Наурыз, Желтоқсан, Әлішер Тоқмағанбетов, Жамбыл Жабаев көшелері, Жамбыл тұйық көшесі, Д.А.Қонаев көшесінің №1-ден 13-ті қоса алғандағы аралықтағы үйлер, Азатбақыт Әлиакбаров көшесінің №7-ден 81-ді қоса алғандағы аралықтағы үйлер, Абай Құнанбаев көшесінің №31-ден 53А-ны қоса алғандағы аралықтағы үйлер.
№156 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: "Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің "№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Байланыс телефоны: 22-9-90
Шекарасы: Тереңөзек кенті: Аманкелді Иманов, Нағи Ілиясов, Жылқыбай Құттыбаев, Рахым Алшынбаев, Серікбай Жәкеев, Жеңістің 50 жылдығы, 1 май, Ә.Тәжібаев, Нұрғали Сыздықов, Нәлқожа Ергешбаев, Төлеп Жарекеев, Нұрқасым Бердіқұлов, Ағайынды Бозжановтар, Зинадин Лекеров, Бақтияр Жақыпов көшелері, Қозытай Әбуов, Найзабаев Әбду, Дінмұхамед Қонаев тұйық көшелері, Д.А.Қонаев көшесінің №14-тен 60-ты қоса алғандығы аралықтағы үйлер, Абай Құнанбаев көшесінің №1-ден 30-ды қоса алғандағы үйлер аралығы, Азатбақыт Әлиакбаров көшесінің №1-ден 6-ны қоса алғандағы аралықтағы үйлер, Узтоп бөлімшесі, Алдаберген Бисенов, Зал Мырзахметов, Ыбырай Сейпулов, Садық Райымов, Қасымхан Ысмайлов, Әбдіхалық Байменов, Сәрсенбай Баяханов, Қаржаубай Жартенов, Уәлибек Әбдуов, Әсербай Айкөпешов, Шәкі Оспанов, Алмағанбет Дауылбаев, Зұлхар Үдербаев, Елтай Тыныштықбаев, Қожанбай Бекжанов көшелері
№157 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: "Қызылорда облысының білім басқармасының "Сырдария аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Байланыс телефоны: 21-1-93
Шекарасы: Тереңөзек кенті: Ғани Мұратбаев, Сырдария, Мұхтар Әуезов, Иса Тоқтыбаев, Әлия Молдагулова, Мәншүк Маметова, Күләш Байсейітова, Дүйсенбай Керейтбаев, Қожабек Кенжебекұлы Дәдікбаев, Сейткерей Усабаев, Оспан Әбілпаттаев, Тоғанас батыр, Алма Оразбаева, Қ.Қазантаев, Шамахан Құндызбаев, Қажыман Асанов көшелері, Иса Тоқтыбаев, Әбдулпаттаев Оспан тұйық көшелері.
№158 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: "Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің "№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Байланыс телефоны: 23-1-40
Шекарасы: Тереңөзек кенті: Бәкір Өтепов, Айтбай арық, Ақтам, Қасым Бөдеев, Қызылдихан, Оспан Мәлібаев, Арғынбай Сырғабаев көшелері, Қызылдихан, Талғат Қозыбаев тұйық көшелері
Сырдария ауданы әкімінің аппараты