Тереңөзек кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Тереңөзек кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің сайлауы 2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалсын.
  2. Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жариялансын және Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                    Е. Шайлан        

 

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                    Ә. Парзу

 

 

 

 

 

АСК-235

31.12.2025 ж

Дата публикации
31 декабря 2025