Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес «Сырдария ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде (бұдан әрі - Аппарат) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (бұдан әрі - Стандарт) бекітілсін.
- Стандартпен Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары барлық қызметкерлерді таныстыруды қамтамасыз етсін.
- Стандартты Аппараттың цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі (Е.Беймбетов) аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсына жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аппарат басшысының
міндетін атқарушы Е. Беркінбаев