2025 жылғы 31 тамызда өткізілген Сырдария ауданы Шаған ауылдық ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы бойынша енгізілген жарналарды қайтару және жергілікті бюджеттің кірісіне айналдыру туралы

2025 жылғы 31 тамызда өткізілген Сырдария ауданы Шаған ауылдық ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы

бойынша енгізілген жарналарды қайтару және жергілікті бюджеттің кірісіне айналдыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы    2-тармағына сәйкес және Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 тамыздағы Шаған ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы туралы хаттамасының негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Шаған ауылдық округінің әкімі болып сайланған кандидат К.К.Несипбаевтың және дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 8,44 пайызын жинаған кандидат Д.Ж.Әлжановтың, 10,98 пайызын жинаған кандидат Д.Ә.Бисеновтың сайлау жарнасы қайтарылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуы Сырдария ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы - бас есепшісі Ғ.Бакировке (келісім бойынша) жүктелсін.
  3. Осы шешім Сырдария аудандық әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын және Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауына қатысқан кандидаттардың назарына жеткізілсін.

 

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                       Е. Шайлан

 

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясы хатшысы                                                             Ә. Парзу

 

  

 

АСК-52

2.09.2025 ж

Дата публикации
02 сентября 2025