2025 жылдың 31 тамызда өткізілген Сырдария ауданының Шаған ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2025 жылдың 31 тамызда Сырдария ауданы бойынша Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді. Сырдария ауданы Шаған ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №163, №164 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкімінің сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Шаған ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Сайлаушылар тізіміне 2571 азамат енгізілген. Сайлау бюллетеньдерін 1565 адам немесе 60,87 пайызы алды, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 21 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 72.
Дауыс беру нәтижесінде, кандидат Әлжанов Диас Жасұланұлы үшін – 126 дауыс, кандидат Бисенов Думан Әділбайұлы үшін – 164 дауыс, кандидат Несіпбаев Қанат Кеңесұлы үшін – 1149 дауыс және «Барлығына қарсы» белгісімен – 54 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Несіпбаев Қанат Кеңесұлы – Сырдария ауданы Шаған ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Несіпбаев Қанат Кеңесұлы – 1975 жылы туған, ұлты қазақ, «Шаған ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің әкімі, Шаған ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 2 қыркүйектегі №51 шешімімен Шаған ауылдық округі әкімі ретінде Несіпбаев Қанат Кеңесұлын тіркелді.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы