2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған Сырдария аудандық сайлау комиссиясының Шаған ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ХАБАРЫ

 2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған Сырдария аудандық сайлау комиссиясының Шаған ауылдық округі әкіміне кандидаттарды

тіркеу қорытындысы туралы

ХАБАРЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Сырдария аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:

Шаған ауылдық округі әкіміне барлығы 4 кандидат ұсынылды. 2025 жылдың 10 тамыз күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 4 кандидат тіркелді. Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсынғандар. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды. Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.  

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 шілдедегі №АСК-226 қаулысы негізінде 2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат болып тіркелді:

  1. Әлжанов Диас Жасұланұлы - 1994 жылы туған, ұлты қазақ, Сырдария аудандық спорт клубының директоры, Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің "Сырдария аудандық спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Тереңөзек кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
  2. Бисенов Думан Әділбайұлы – 1993 жылы туған, ұлты қазақ, Іңкәрдария ауылыдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Іңкәрдария ауылыдық округі әкімі аппараты. Іңкәрдария ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
  3. Несипбаев Канат Кенесович - 1975 жылы туған, ұлты қазақ, «Жаған жер» ЖШС-нің директор орынбасары, «Жаған-жер» ЖШС. Шаған ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
  4. Садуов Нурлыбек Умирзакович - 1975 ж 1975 жылы туған, ұлты қазақ, Әбубәкір Тыныбаев атындағы №11 мектеп - лицейінің мұғалімі, "Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Әбубәкір Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
10 августа 2025