Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

 

2025 жылғы 5 тамыз күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкіміне барлығы 4 кандидат ұсынылды, барлығы өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

Орташа бәсекелестік бір орынға 4 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2025 жылғы 10 тамыз күнгі сағат 18-00 де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы     

 

 

 

Дата публикации
05 августа 2025