2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау учаскесінің орналасқан орны мен шекаралары туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес және «Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 шілдедегі №АСК-226 қаулысы негізінде Сырдария ауданы әкімінің аппараты сайлау учаскелерінің орналасқан орны және шекаралары туралы хабарлайды.
№163 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны:
Сырдария ауданы, Шаған ауылы, Есет би көшесі №9, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Байланыс телефоны: 24-1-52.
Шекарасы: Шаған ауылдық округі
№164 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны:
Сырдария ауданы, Шаған ауылы А.Атақаев көшесі №3А, №37 орта мектебінің ғимараты.
Байланыс телефоны: 24-3-65.
Шекарасы: Шаған ауылдық округі
Сырдария ауданы әкімінің аппараты