2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған Сырдария ауданы Шаған ауылдық округінің әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған Сырдария ауданы Шаған ауылдық округінің әкімін сайлауда кандидатты қолдап

қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес және Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 шілдедегі №АСК-226 Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысын негізге алып, Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз қоса алғанда 26 (жиырма алты) қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы қаулы Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

 

Сырдари аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                     Е. Шайлан

 

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                       Ә. Парзу

 

 

 

 

АСК-229

29.07.2025 ж.

Дата публикации
30 июля 2025