ШАҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес және 113-1-бабының 1-тармағы 2) тармақшасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 шілдедегі №АСК-226 қаулысымен Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 31 тамызға тағайындалды.

Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 24 шілдеден басталып, 2025 жылдың 5 тамызда, сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу 2025 жылдың 10 тамызда, сағат 18.00-де аяқталады.

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының орналасқан орны: 120600, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі №9А, байланыс телефоны: 21-1-60, электронды поштасы tic_kzl_syr@saylau.kz.

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының құрамы:

Төраға - Шайлан Ермек Мұратбекұлы, төраға орынбасары - Қонақбай Гаухар Темірбекқызы, хатшы - Парзу Әділет Серікұлы, комиссия мүшелері: Ахетов Ерлан Дәуітбекұлы, Ерташов Марат Жарылқасынұлы, Әбілдаев Ерлан Бақытжанұлы, Беймбетов Ержан Бахытович.

 

№163 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны:

Сырдария ауданы, Шаған ауылы, Есет би көшесі №9, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

Байланыс телефоны: 24-1-52.

 

№163 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы:

Төраға – Оразбаев Кадирбек  Исаевич, төраға орынбасары – Медет Ербол Кәртайұлы, хатшы – Енсебаева Гульжан Урлешевна, комиссия мүшелері: Әбішев Ербол Едігеұлы, Искакова Айман, Орынбаева Алия Досмаганбетовна, Оспанова  Ақмарал Сәдуақасқызы.

 

 

№164 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны:

Сырдария ауданы, Шаған ауылы А.Атақаев көшесі №3А, №37 орта мектебінің ғимараты.

Байланыс телефоны: 24-3-65.

 

№164 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы:

Төраға – Омаров Калихан     Бердиханович, төраға орынбасары –  Шахаров Бауыржан  Данабекович, хатшы – Мухамеджанова Патыма Турсыновна, комиссия мүшелері: Нахметова  Улмекен     Тулешовна, Айдарова  Сауле Шаадизадаевна.

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының

жұмыс уақыты: 09.00-13.00, 13.00-15.00-түскі үзіліс, 15.00-19.00

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
23 июля 2025