Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің Бас жоспарына түзету енгізу Тереңөзек кентінің инженерлік инфрақұрылымын цифрландыру мақсатында елді мекеннің бас жоспарын түзету жүзеге асырылуда. Жобаның бастамашысы - Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Жобалық құжаттаманы әзірлеуді "ПРОЕКТНАЯ ФИРМА ПРОИЗВОДСТВЕННЫЙ КООПЕРАТИВ «АРХИТЕКТУРНОГРАДОСТРОИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР ГОРОДА ТЕМИРТАУ»" өндірістік кооперативі жүзеге асырады. Түзету инженерлік желілер бойынша деректерді өзектендіруге, жоспарлаудың тиімділігін арттыруға және аумақтың тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған.
Дата публикации
02 июня 2025