2025 жылдың 1 маусымда Сырдария ауданы бойынша Іңкәрдария ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді. Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №161 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық округі әкімінің сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Іңкәрдария ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 502 азамат енгізілген. Сайлау бюллетеньдерін 343 адам немесе 68,33 пайызы алды, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 45 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 39.
Дауыс беру нәтижесінде, кандидат Есдәулетов Сәулет Шәкібекұлы үшін – 281 дауыс, кандидат Ізбасаров Дархан Бөрібайұлы үшін – 17 дауыс, кандидат Қожахметов Серік Бахытұлы үшін – 2 дауыс және «Барлығына қарсы» белгісімен – 4 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Есдәулетов Сәулет Шәкібекұлы – Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Есдәулетов Сәулет Шәкібекұлы – 1965 жылы туған, ұлты қазақ, «Іңкәрдария ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің әкімі, Іңкәрдария ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынылған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 2 маусымдағы №29 шешімімен Іңкәрдария ауылдық округі әкімі ретінде Есдәулетов Сәулет Шәкібекұлын тіркелді.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы