2025 жылдың 1 маусымда Сырдария ауданы бойынша Қалжан ахун ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді. Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №160 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылдық округі әкімінің сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Қалжан ахун ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 718 азамат енгізілген. Сайлау бюллетеньдерін 519 адам немесе 72,28 пайызы алды, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 4 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 17.
Дауыс беру нәтижесінде, кандидат Есенкелді Ережеп Есенкелдіұлы үшін – 36 дауыс, кандидат Қаратаев Мақсұт Аманулла үшін – 396 дауыс, кандидат Палмахов Дастан Құрманғазыұлы үшін – 59 дауыс және «Барлығына қарсы» белгісімен – 11 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Қаратаев Мақсұт Амануллаұлы – Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Қаратаев Мақсұт Амануллаұлы – 1972 жылы туған, ұлты қазақ, «Қалжан ахун ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің әкімі, Тереңөзек кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 2 маусымдағы №28 шешімімен Қалжан ахун ауылдық округі әкімі ретінде Қаратаев Мақсұт Амануллаұлы тіркелді.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы