2025 жылғы 1 маусымда өткен Іңкәрдария ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР

2025 жылғы 1 маусымда Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 502 азамат енгізілді.  Дауыс беруге – 343 сайлаушы қатысты. Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:

Есдәулетов Сәулет Шәкібекұлы үшін сайлаушылардың 281 дауысы берілді.
Ізбасаров Дархан Бөрібайұлы үшін сайлаушылардың 17 дауысы берілді.
Қожахметов Серік Бахытұлы үшін сайлаушылардың 2 дауысы берілді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны – 39, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 4.

Сайлау қорытындыларымен Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық округінің әкімі болып Есдәулетов Сәулет Шәкібекұлы сайланды, 1965 жылы туған, Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық округінің әкімі, Іңкәрдария ауылдық округінде тұрады. Өзін-зі ұсынылған.

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 июня 2025