Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде
Ғазиз Өмірғалиұлы Әбушахмановты тіркеудің күшін жою және оның сенім білдірген адамдарының өкілеттіктерін тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 6-тармағына, 113-5 – бабы 11- тармағының 8) тармақшасына, 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес және Ғазиз Өмірғалиұлы Әбушахмановтың өз кандидатурасын алып тастау туралы 2025 жылғы 24 мамырдағы өтініші негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 10 мамырдағы №АСК-209 қаулысымен тіркелген Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық округінің әкімі болып сайлану үшін өзін-өзі ұсынған кандидат Ғазиз Өмірғалиұлы Әбушахмановты тіркеудің күші жойылсын.
- Ғазиз Өмірғалиұлы Әбушахмановты әкім болуға кандидат ретінде тіркеу туралы 2025 жылғы 10 мамырдағы №4 куәлігі жарамсыз деп танылсын.
- Ғазиз Өмірғалиұлы Әбушахманов сайлау бюллетенінен алып тасталсын.
- Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 7 мамырдағы №АСК-194 қаулысымен Ғазиз Өмірғалиұлы Әбушахмановтың сенім білдірген адамдары болып тіркелген:
- Олжас Жолдасбекұлының;
- Құрманғазы Бекентайұлы Төкеновтің;
- Нұрсұлтан Жарылқасынұлы Құдайбергеновтің өкілеттіктері тоқтатылсын және оларды сенім білдірілген адамдар ретінде тіркеу туралы сәйкесінше № 12, №13, №14 куәліктері жарамсыз деп танылсын.
- Осы қаулы Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Сырдария аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Е. Шайлан
Сырдария аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Ә. Парзу
АСК-218
24.05.2025 ж