2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Сырдария аудандық сайлау комиссиясының Іңкәрдария ауылдық округі әкіміне кандидаттарды
тіркеу қорытындысы туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Сырдария аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Іңкәрдария ауылдық округі әкіміне барлығы 4 кандидат ұсынылды. 2025 жылдың 11 мамыр күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 4 кандидат тіркелді. Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсынғандар. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды. Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 сәуірдегі №АСК-173 қаулысы негізінде 2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Іңкәрдария ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат болып тіркелді:
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы