2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Сырдария аудандық сайлау комиссиясының Қалжан ахун ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ХАБАРЫ

2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Сырдария аудандық сайлау комиссиясының Қалжан ахун ауылдық округі әкіміне кандидаттарды

тіркеу қорытындысы туралы

ХАБАРЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Сырдария аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:

Қалжан ахун ауылдық округі әкіміне барлығы 4 кандидат ұсынылды. 2025 жылдың 11 мамыр күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді. Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсынғандар. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды. Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.  

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 сәуірдегі №АСК-173 қаулысы негізінде 2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Қалжан ахун ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат болып тіркелді:

  1. Есенкелді Ережеп Есенкелдіұлы – 1993 жылы туған, ұлты қазақ, Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, Сырдария ауданы әкімі аппараты. Айдарлы ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
  2. Каратаев Максут Амануллаевич – 1972 жылы туған, ұлты қазақ, жұмыссыз. Тереңөзек кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
  3. Палмахов Дастан Курмангазиевич – 1989 жылы туған, ұлты қазақ, Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылдық клубының меңгерушісі, С.Сейфуллин ауылдық клубы. Тереңөзек кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған..

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
11 мая 2025