Сырдария ауданы Қалжан ахан ауылдық округі әкіміне кандидат Каратаев Максут Амануллаевичті қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес және Сырдария аудандық полиция бөлімінің көші-қон тобының инспекторы полиция майоры Т.Садыбековпен 2025 жылғы 8 мамырдағы №7 бірлескен актісін негізге алып, Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылдық округі әкімінің сайлауында Қалжан ахун ауылдық ауылдық округі әкіміне кандидат Каратаев Максут Амануллаевичті Қалжан ахун ауылдық ауылдық округі сайлаушыларының жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.
- Қалжан ахун ауылдық ауылдық округі әкіміне кандидат Каратаев Максут Амануллаевичті қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 10 мамырдағы №118 хаттамасы кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
- Осы қаулы Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
Сырдария аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Шайлан
Сырдария аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Ә.Парзу
АСК-206
10.05.2025 ж