САЙЛАУШЫЛАР НАЗАРЫНА

САЙЛАУШЫЛАР НАЗАРЫНА

 

2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Қалжан ахун, Іңкәрдария ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау учаскесінің орналасқан орны мен шекаралары туралы хабар

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес және «Қалжан ахун, Іңкәрдария ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 сәуірдегі №АСК-173 қаулысы негізінде Сырдария ауданы әкімінің аппараты сайлау учаскелерінің орналасқан орны және шекаралары туралы хабарлайды.

 

№ 160 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылы, «Қалжан ахун ауылдық округі әкімі аппаратының Қалжан ахун ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

Байланыс телефоны:  26-6-17.

 Шекарасы: Қалжан ахун ауылдық округі

 

№ 161 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылы, «Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің «№191 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Байланыс телефоны:  24-4-91.

 Шекарасы: Іңкәрдария ауылдық округі

 

 

 Сырдария ауданы әкімінің аппараты

Дата публикации
07 мая 2025