2025 жылғы 27 сәуірде өткізілген Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары бойынша енгізілген жарналарды қайтару және жергілікті бюджеттің кірісіне айналдыру туралы

2025 жылғы 27 сәуірде өткізілген Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары

бойынша енгізілген жарналарды қайтару және жергілікті бюджеттің кірісіне айналдыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 2-тармағына сәйкес және Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 27 сәуірдегі Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы туралы хаттамаларының негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімі болып сайланған кандидат С.Н.Нурмаганбетовтың және дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 14,3 пайызын жинаған кандидат Е.К.Медеттің, 8,1 пайызын жинаған кандидат А.К.Омаровтың сайлау жарнасы қайтарылсын.
  2. Осы қаулының орындалуы Сырдария ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы - бас есепшісі Ғ.Бакировке жүктелсін.
  3. Осы қаулы Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын және Н.Ілиясов ауылдық округі әкіміне  кандидаттардың назарына жеткізілсін.

        

 

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                    Е.Шайлан   

                                                                                                                                                                       

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 Ә.Парзу           

 

 

 

№АСК-180

28.04.2025 ж

 

Дата публикации
28 апреля 2025