2025 жылдың 27 сәуірінде өткізілген Сырдария ауданының Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2025 жылдың 27 сәуірінде Сырдария ауданы бойынша Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді. Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №165 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Н.Ілиясов ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1235 азамат енгізілген. Сайлау бюллетеньдерін 907 адам немесе 73,44 пайызы алды, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 2 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 34.
Дауыс беру нәтижесінде, кандидат Медет Ербол Кәртайұлы үшін – 125 дауыс, кандидат Нурмаганбетов Сагдат Нурмаганбетович үшін – 658 дауыс, кандидат Омаров Алмат Киясович үшін – 71 дауыс және «Барлығына қарсы» белгісімен – 19 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Нурмаганбетов Сагдат Нурмаганбетович – Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Нурмаганбетов Сагдат Нурмаганбетович – 1990 жылы туған, ұлты қазақ, «Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің әкімі, Н.Ілиясов ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 28 сәуірдегі №7 шешімімен Н.Ілиясов ауылдық округі әкімі ретінде Нурмаганбетов Сагдат Нурмаганбетович тіркелді.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы