2025 жылдың 27 сәуірінде өткізілген Сырдария ауданының А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2025 жылдың 27 сәуірінде Сырдария ауданы бойынша А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді. Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №154 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. А.Тоқмағанбетов ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 904 азамат енгізілген. Сайлау бюллетеньдерін 684 адам немесе 75,66 пайызы алды, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 75 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 21.
Дауыс беру нәтижесінде, кандидат Ержанов Айбол Төребекұлы үшін – 59 дауыс, кандидат Курманалиев Нурлан Маханбетжанович үшін – 488 дауыс, кандидат Оралов Гани Музапбарович үшін – 102 дауыс және «Барлығына қарсы» белгісімен – 14 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Курманалиев Нуржан Маханбетжанович – Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Курманалиев Нурлан Маханбетжанович – 1979 жылы туған, ұлты қазақ, «А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің әкімі, А.Тоқмағанбетов ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 28 сәуірдегі №6 шешімімен А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімі ретінде Курманалиев Нурлан Маханбетжанович тіркелді.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы