2025 жылғы 27 сәуірде Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 1235 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 907 сайлаушы қатысты. Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:
Медет Ербол Кәртайұлы үшін сайлаушылардың 125 дауысы берілді.
Нурмаганбетов Сагдат Нурмаганбетович үшін сайлаушылардың 658 дауысы берілді.
Омаров Алмат Киясович үшін сайлаушылардың 71 дауысы берілді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны – 34, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 19.
Сайлау қорытындыларымен Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі болып Нурмаганбетов Сагдат Нурмаганбетович сайланды, 1990 жылы туған, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі, Нағи Ілиясов ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы