2025 жылғы 27 сәуірде өткен Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР

2025 жылғы 27 сәуірде Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 904 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 684 сайлаушы қатысты. Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:
Ержанов Айбол Төребекұлы үшін сайлаушылардың 59 дауысы берілді.
Курманалиев Нурлан Маханбетжанович үшін сайлаушылардың 488 дауысы берілді.
Оралов Гани Музапбарович үшін сайлаушылардың 102 дауысы берілді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны – 21, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 14.

Сайлау қорытындыларымен Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімі болып Курманалиев Нурлан Маханбетжанович сайланды, 1979 жылы туған, Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімі, А.Тоқмағанбетов ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 апреля 2025