Лауазымдық міндеттері: Шығармашылық, қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асырады және мәдениет үйі мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Мәдениет үйінің жұмыс жоспарын жасайды, белгіленген тәртіпте бекітеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Аудан тұрғындары арасында мәдени-ағартушылық жұмысын ұйымдастырады. Шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
Байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді; Көркемөнерпаз ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады. Үрмелі аспаптар мен эстрадалық оркестрлерді, көркемөнерпаздар ұжымын, әртүрлі секцияларды ұйымдастырады, ғимарат ауласының көркейту-көгалдандыру жұмысын жүргізеді. Білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмек көрсету жұмыстарына тартады.
Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды, көтермелейді, шығармашылық бастамаларын ынталандырады.
Ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ережелерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды. Басқа кәсіпорындармен немесе басқа заңды тұлғалармен шарттар, мәмілелер, операциялар жасайды, бұйрық шығарады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын; Ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.
«Біліктілікке қойылатын талаптар: Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.
Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса ұсынады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттар қабылдау уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Барлық құжаттар болған, сондай-ақ тұлға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия уәкілетті органның интернет-ресурсында әңгімелесу өткізу кестесін орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні аралығында мына мекен-жай бойынша қабылданады: индекс 120600, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі № 9 үй, «Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Анықтама телефондары: 8(7242)21-4-49. Электронды мекен-жай: syrdarya_madeniet@korda.gov.kz