Іңкәрдария, Қалжан ахун ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес және 113-1-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 сәуірдегі №АСК-173 қаулысымен Іңкәрдария, Қалжан ахун ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 1 маусымға тағайындалды.
Іңкәрдария, Қалжан ахун ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 24 сәуірден басталып, 2025 жылдың 6 мамырда, сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу 2025 жылдың 11 мамырда, сағат 18.00-де аяқталады.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясының орналасқан орны: 120600, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі №9А, байланыс телефоны: 21-1-60, электронды поштасы tic_kzl_syr@saylau.kz.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясының құрамы:
Төраға - Шайлан Ермек Мұратбекұлы, төраға орынбасары - Қонақбай Гаухар Темірбекқызы, хатшы - Парзу Әділет Серікұлы, комиссия мүшелері: Ахетов Ерлан Дәуітбекұлы, Каратаев Максут Амануллаевич, Әбілдаев Ерлан Бақытжанұлы, Беймбетов Ержан Бахытович.
№160 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны:
Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылы, Қайқы батыр көшесі №28, Ауылдық клубының ғимараты.
Байланыс телефоны: 26-6-17.
№160 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы:
Төраға – Әкбаров Жәнібек Камалұлы, төраға орынбасары – Досыгулов Галымжан Дастанович, хатшы – Сыргабаева Гулжанат Багдатовна, комиссия мүшелері: Сарыбай Гүлмира Қуандыққызы, Сәрсенбаева Кенжеш Қалыққызы.
№161 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан орны:
Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылы Қазыбек би көшесі №15, №191 орта мектебінің ғимараты.
Байланыс телефоны: 24-4-91.
№161 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы:
Төраға – Жарасов Курмангали Кишкинбаевич, төраға орынбасары – Сейсенова Айнұр Шәкібекқызы, хатшы – Жумабекова Айгерим Умиртаевна, комиссия мүшелері: Алиев Руслан Дайрабаевич, Толегенов Бегжан Мергенбаевич.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясының
жұмыс уақыты: 09.00-13.00, 13.00-15.00-түскі үзіліс, 15.00-19.00
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы