Іңкәрдария, Қалжан ахун ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 Іңкәрдария, Қалжан ахун ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

  

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1), 2) тармақшалары негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сырдария ауданы Іңкәрдария, Қалжан ахун ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 1 маусымға тағайындалсын.
  2. Сырдария ауданы Іңкәрдария, Қалжан ахун ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жариялансын және Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                     Е. Шайлан        

 

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                    Ә. Парзу

 

 

 

АСК-173

23.04.2025 ж

Дата публикации
23 апреля 2025