2025 жылдың 13 сәуірінде өткізілген Сырдария ауданының С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2025 жылдың 13 сәуірінде Сырдария ауданы бойынша С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді. Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №159 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. С.Сейфуллин ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 993 азамат енгізілген. Сайлау бюллетеньдерін 770 адам немесе 77,54 пайызы алды, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 22 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 23.
Дауыс беру нәтижесінде, кандидат Есенов Багдат Мырзалиевич үшін – 62 дауыс, кандидат Көрпелдесов Бауыржан Жетпімбайұлы үшін – 109 дауыс, кандидат Қыдырбаев Бекзат Сәбитұлы үшін – 565 дауыс және «Барлығына қарсы» белгісімен – 11 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Қыдырбаев Бекзат Сәбитұлы – Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Қыдырбаев Бекзат Сәбитұлы – 1983 жылы туған, ұлты қазақ, «С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің әкімі, С.Сейфуллин ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 сәуірдегі шешімімен С.Сейфуллин ауылдық округі әкімі ретінде Қыдырбаев Бекзат Сәбитұлы тіркелді.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы