2025 жылғы 13 сәуірде өткізілген Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округінің әкімін сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы

2025 жылғы 13 сәуірде өткізілген Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округінің әкімін сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы

 

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйегіндегі Конституциялық заңының            14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2025 жылғы 13 сәуірде өткізілген Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Қыдырбаев Бекзат Сәбитұлы Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелсін.
  3. 2025 жылғы 13 сәуірде өткізілген Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.

 

 

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                        Е.Шайлан

 

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                     Ә.Парзу

 

 

№АСК-171

14.04.2025 ж

Дата публикации
14 апреля 2025