2025 жылғы 13 сәуір Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 993 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 770 сайлаушы қатысты. Кандидаттардың жалпы саны - 3. Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:
Есенов Багдат Мырзалиевич үшін сайлаушылардың 62 дауысы берілді.
Көрпелдесов Бауыржан Көрпелдесов үшін сайлаушылардың 109 дауысы берілді. Қыдырбаев Бекзат Сәбитұлы үшін сайлаушылардың 565 дауысы берілді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны - 23, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 11.
Сайлау қорытындыларымен Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округінің әкімі болып Қыдырбаев Бекзат Сәбитұлы сайланды, 1983 жылы туған, Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округінің әкімі, С.Сейфуллин ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы