2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Сырдария аудандық сайлау комиссиясының Н.Ілиясов ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ХАБАРЫ

 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Сырдария аудандық сайлау комиссиясының Н.Ілиясов ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

ХАБАРЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Сырдария аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:

Н.Ілиясов ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды. 2025 жылдың 6 сәуір күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді. Кандидаттардың 1-і саяси партиядан, 2-і өзін-өзі ұсынғандар. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды. Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.  

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 наурыздағы №АСК-125 қаулысы негізінде 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат болып тіркелді:

  1. Медет Ербол Кәртайұлы – 1981 жылы туған, ұлты қазақ, Шаған ауылдық округі мәдениет үйінің директоры. Шаған ауылдық округінің мәдениет үйі. Шаған ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
  2. Нурмаганбетов Сагдат Нурмаганбетович – 1990 жылы туған, ұлты қазақ, Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімі, Н.Ілиясов ауылдық округі әкімі аппараты. Н. Ілиясов ауылдық округінде тұрады. «АMANAT» партиясы ұсынған.
  3. Омаров Алмат Киясович – 1986 жылы туған, ұлты қазақ, Қоғалыкөл ауылыдық округі әкімі аппаратының әдіскері. Қоғалыкөл ауылыдық округі әкімі аппараты. Қоғалыкөл ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған..

 

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
06 апреля 2025