2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Сырдария аудандық сайлау комиссиясының А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Сырдария аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:
А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды. 2025 жылдың 6 сәуір күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді. Кандидаттардың 1-і саяси партиядан, 2-і өзін-өзі ұсынғандар. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды. Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 наурыздағы №АСК-125 қаулысы негізінде 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат болып тіркелді:
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы