Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкіміне кандидат Медет Ербол Кәртайұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

  Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкіміне кандидат Медет Ербол Кәртайұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

  

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес және Сырдария аудандық полиция бөлімінің көші-қон тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Б.Жұмабековпен 2025 жылғы 5 сәуірдегі №2 бірлескен актісін негізге алып, Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 27 сәуірге тағайындалған Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің сайлауында Н.Ілиясов ауылдық округі әкіміне кандидат Медет Ербол Кәртайұлы Н.Ілиясов ауылдық округі сайлаушыларының жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.
  2. Н.Ілиясов ауылдық округі әкіміне кандидат Медет Ербол Кәртайұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 сәурдегі №98 хаттамасы кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
  3. Осы қаулы Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

         

     

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                     Е.Шайлан

 

Сырдария аудандық сайлау                 

комиссиясының  хатшысы                                                  Ә.Парзу 

        

 

 

 

АСК-159

5.04.2025 ж

 

Дата публикации
05 апреля 2025